Transcript PowerPoint

Сисемалиева Мархаба
Еслямғалиқызы
1986 жылы А.С.Пушкин атындағы
“Құрмет белгісі” орденді Орал
педагогика институтына түсіп,
1991 жылы математика және
информатика мамандығы
бойынша бітірдім.
Еңбек өтілі:22 жыл
Санаты: І санатты
Шұғылданатын проблемам: Математикалық
ұғымдарды ойша қорыта біліп, өзі қорытынды жасай
отырып, алған білімін өмірде қолдана білетін жас
ұрпақты қалыптастыру
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану –сапалы білім негізі.
Гуманистік парадигма білім беру педагогикалық жүйесіне біршама түзетулер еңгізді: жеке тұлғаға
бағытталған құзыреттілік тұрғыдан білім беру және оқушының жеке-шығармашылығын қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру құзыреттілігі негізінде оқушының өзін-өзі тануы, өзін жеке
қайталанбас тұлға ретінде сезініп қалыптасу, жетілу процесін педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
бағдарлап, бағыттау жатыр. Оқыту процесін жүзеге асыру барысында «оқытушы-оқушы» арасындағы
өзара түсіністікпен бірлесіп, оқушының жеке ерекшеліктері есепке алынып, ескеріліп отырылады. Жаңа
білім беру парадигмасы оқушыны тек тыңдаушы, білім алушы ғана емес, танымдық процеске белсене
қатысып, өз бетімен, өз ізденісімен еңбектеніп білім алуға әрекеттенуші. Елбасымыз өз Жолдауында:
“Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
аса маңызды қүралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктерине сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет”, - деп айқын атап көрсетті. Жеке тұлғаны қалыптастаруды дамыту
мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін
қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Мұндай бағыттағы шараларды
жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу екендігі ҚР-ның “Білім
туралы” заңында белгіленген.
Барлық пәндер сияқты математика пәнін мектепте оқытудың да алдына қойған мақсаты бар.Негізгі
мақсаты-қолданбалылығында
Осы мақсатқа жету жолында көптеген қиыншылықтар кездеседі соның бірі математика “қиын пән”деген
қалыптасып қалған ұғым.Көптеген пән мұғалімдері бұл пікірмен келіспейді,бірақ бұл пікірді жоққа шығару
да, қиындық жоқ екенін дәлелдеуде үлкен проблема. Оқыту аса күрделі іс-әрекет, сондықтан да оның
дайын рецепті болуы мүмкін емес, оқытудың жаңа технологиясын пайдалану –сапалы білім негізі.
Математикадан есеп шығара білсе негізгі мәселе шешілді деп ойлаймыз,бірақ тақырыпқа байланысты
есеп шығара білген баламыздың өзі олимпиада басқада сайыстарға қатысқанда бұл пікірдің қате екеніне
көзіміз жетіп жатады. Себебі есеп шығару-ол математикалық іс-әрекеттің басы ғана.
Сабақ барысында бірлесіп топтарда жұмыс жасау,өзі білгісі, зерттегісі келетін нәрсе туралы әр оқушы ойын
ашық айту, ауызша ой алмасу дағдыға айналуы қажет.
Бастауыш сыныпта алғашқы геометриялық фигуралар енгенде мысалы: шаршы,тіктөртбұрыш,текше т.б
оның ұзындығы, ені, периметрі, көлемін есептеу сияқты өмірге қажетті есептеулер. Одан соң бұл
білімдерін 7 сыныпта геометрия пәні басталғанда әрі қарай жалғастырады. Абстрактланып, оқушыларда
түсінбеушілік пайда болып, қызығушылықтары төмендеп кетеді. Ал геометрия деген “жер, өлшеу” деген
адамның күнделікті қажеттіліктерінен пайда болған пән. Сондықтан нағыз заттарды ұстап көріп, оларды
өлшеу, бағалау, сұрыптау бағытындағы есеп, тақырыптар көп еңгізілуі керек. Оқушының күрделі мәселені
қарапайым математикалық фактілерге жіктеп, жалпы ережені дербес жағдайға және керсінше, дербес
жағдайдан жалпы заңдылыққы көше білмейтіндігі көбінесе сыртта қалып қойып тұрады. Бір объект
туралы түсінік қалыптастырғанда мысалы «квадрат» ол «тіктөртбұрыш» арқылы анықталса, оның өзі кең
көлемде «параллелограмм», «төртбұрыш», «көпбұрыш» т.б арқылы анықталады. Бірінші этапта оқушы
фигуралардың ұқсас дербес қасиеттеріне қарап ажыратпайды, сыртқы түріне қарап ажыратады. Оқушы
үшін бұл фигуралар өз алдына дербес болып көрінеді. Екінші этапта бұл фигуралардың арасындағы
ұқсастық, элементтерінің арасындағы байланыстарды анықтап, мысалы тіктөрбұрыш пен параллелограммның қарама-қарсы қабырғаларының тең екенін бірден байқағанмен тіктөртбұрыш параллелограмм екен
деген қорытынды жасай алмайды. Фигуралардың қасиеттерін суреттерін салу, қағаздан моделдерін
қағаздан қию арқылы қалыптастыру. Сондықтан да оқушыда ой талқысына салу, елестету әдетін
қалыптастыра отыру нәтижесінде ғана енжар оқушыдан ізденушілер,зерттеушілер және мәнді іс-әрекет
жасай алатын қоғам мүшесін дайындауға болады. Менің ойымша, оқушыда аталған мүмкіндік болғанда
және өзіне қажет мәселе туралы біртұтас қорытындыға келгенде ғана оқушы математикалық терең білім
алады.Яғни айтқанда оқытудың басты мақсаты арнайы педагогиқалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде
пайдаланып оқушылардың интеллектін дамыту шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен
белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту, алған білімдерін жүйелеу
рындалады. Бірақ терең білім болудың 2 шарты болуы мүмкін:1)мұғалімнен оқушыға берілетін білімнің
көлемі толық,әрі нақты болуы керек2)білім оқушының ішкі жан дүниесінде қалыптасып,керек кезде белгілі
бір интуициялық күш ретінде қажетке жарау керек.
10 класс, Геометрия
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу тақырыптарына есептер
шығару
Сабақтың мақсаты:1. Жазықтыққа түсірілген перпендикүляр, көлбеу,
нүетеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты Пифагор теоремасын қолданып
есептеу және алгебралық жолдармен шығарылатын есептерді қарастыру;
2.Есептерді шешудің ең тиімді жолдарын таңдай білу;
3.Шығармашылық белсенділігін, өз бетімен танып білу;
Сабақтың түрі: Пысықтау
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Негізгі бөлім
1.Пысықтау сұрақтары:1)Тікбұрышты үшбұрыш.2)Тікбұрышты үшбұрыштың
катеті,гипотенузасы.3)Пифагор теоремасы. 4)Перпендикуляр, көлбеу,
көлбеудің проекциясы.5)Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен
бұрыштарының арасындағы қатыстар.
2.Ауызша есептер.а)Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 3см және 4см,
гипотенузасын тап;ә) Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышының
шамасы 300 , оған қарсы жатқан катет 9см. Екінші катетті, гипотенузаны тап
т.с.с
3.Оқулықпен жұмыс.№1есеп (Пифогор теоремасы бойынша шығады)
А
α жазықтығы
АА 1-перпендикуляр;
АВ - көлбеу
А1В-Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы
А1
В
α
№2 есеп АВСД квадрат жазықтығына ВЕ перпендикуляры тұрғызылған. ВС=3см,
СЕ═4см. Е нүктесінен ВС, СД,АС –ға дейінгі қашықтықты табу
Е
Алгоритмін жазу:1)(ЕВС)үш-н ВЕ табу керек
2)(ЕВА)-дан АЕ табу керек
3) (ЕВД)-дан ДЕ табу керек
В
А
С
Д
№4 есепте Теңдеулер жүйесін құру арқылы алгебралық
жолмен шешу
Бер: А нүктесі
α- жазықтығы
АВ, АС – көлбеу
АД-перпендикуляр
Алгоритмін жазу:1)(АДВ)-дан АД табамыз
2)(АДС)-дан АД тауып екі өрнекті теңестіріп, теңдеуді шешеміз
А
18
В

24
х
Д
х  14
С
Венн диаграммасы
Жазықтық
Кеңістік
Қашықтық
проекция
Пифагор
Катет
Гипотенуза
Бұрыш
Синус
Косинус
Тангенс
Тікбұрышты
үшбұрыш
Перпендикуляр
Көлбеу
диагональ
“Дүниеде тек жалғыз ғылым бар. Ол – геометрия,
ал басқа ғылымдар геометрияның тараулары
болады”
Әбунасыр әл-Фараби
ОҚЫТУ ҚАНДАЙ МАҚСАТТАРДЫ КӨЗДЕЙДІ:
1. ЛОГИКАЛЫҚ. Интеллектуальдық активтілігін,ойлау белсенділігін арттыру
2. ТАНЫМДЫҚ. Геометрия арқылы оқушы өзін қоршаған әлемді, оның сандық
қатынастарын танып біледі.
3. ҚОЛДАНБАЛЫ. Үш өлшемді евклидтік геометрия адамның түрлі кәсіпті
меңгеруге, үздіксіз білім алу мен өзбілімін көтеру
мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
4. ТАРИХ. Геометрияның даму тарихын оқытутек математиканың ғана емес
жалпы адамзат мәдениетін танып білуге көмектеседі.
5. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ. Геометрия өзіміз өмір сүріп отырған дүниені - әлемді
ойлай білуге, адамның бойынданақты қоршаған кеңістік туралы ғылыми
түсініктерді қалыптастыруға үйретеді.
Геометрия
Көрнекті геометрия
Көрнекі геометрия-бұл
оқушының бастауыш
сыныптарда геометриялық
фигураларды бейнелей білу
іскерліктері мен дағдыларын
ашу ол:картоннан,
пластилиннен екі өлшемді,
үш өлшемді фигураларды
жасау. Фигуралардың теңдігі,
симметриялылығы және
басқада қарапайым
қасиеттерін аша білуі қажет.
Практикалық геометрия
Практикалық геометрия.
Ол 5-6 сыныптар үшін
жазықтық, кеңістік
фигураларының қасиеттерін
эксперименттік жолмен
меңгеру.
Өмірде қолдана білу:өлшеу,
салу, формула бойынша
периметрін,ауданын, көлемін
т.б шамаларды есептеу, өлшем
бірліктерін ажырата білу,
қорытындыға келу.
Геометрияның жүйелі
курсы
Геометрияның
жүйелі курсы
7 сыныпта
басталып,
жоғары
сыныптарда
жалғасады
Евклид геометрия пәні жерді өлшеу үшін оқытылмайды, ол логикалық ойлау
қабілетін дамыту үшін оқылады деген болатын. Міне сондықтанда ол бірінші
орында тұр.
Кеңістік ұғымын қалыптастыру дегеніміз
Фигураның кеңістіктегі жақсы кескінін
сала білу
Кескінді оқи білу
Практикалық есептерді шешу жолдарында жақсы нәтижеге жету үшін, оқушы
қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі –
деңгейлік саралау технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін
қамтиды.
1.Репродуктивтік деңгей – жалпыға
бірдей стандартты білім негізіндегі
тапсырмалар. Мен бұл тапсырмалар
қазіргі оқулықтарда берілген А
тобының есептері деп ойлаймын.
4.Шығармашылы
қ деңгейі – оқушы
жаңа тақырыпты
өз бетімен
меңгеріп,
қосымша
әдебиеттерді оқу, С
тобының есептерін
шығарудан
олимпиада
есептерін шығару
өз бетімен есептер
құрастыруға дейін
жетуі деп білемін.
Деңгейлік тапсырмалар. Тақырып
бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі
дамыта оқыту жүйесін іске асырады.
Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету
және есте сақтау белсенділігін, дағдысын
білім саласының дамуын қамтамасыз
етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның
тиімділігін арттырудың негізгі
тәсілдерінің бірі – оқушыға деңгейлік
тапсырмалар беру. Педагогика
ғылымдарының докторы профессор
Ж.А.Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4
түрге бөледі.
3.Эвристикалық деңгей –
мұнда оқушы алған білімін
ары қарай күрделендіре
отырып, өз бетімен В
тобының есептерін
шығаруға дейінгі деңгейге
жету.
2.Алгоритмдік
деңгей – мұнда
оқушы бұрын
шығарған
есептеріне ұқсас
есептер бере
отырып, ары қарай
келесі есептерді өз
бетімен шығаруға
жетелеу.
Қорыта келе. І.кезең.Мотивациялау: мұғалім негізгі ойды ортаға
салушы, ал оқушылар талқыға салып, өз ойларын, ұсыныстарын
айтушы.Осы негізде жоба жасалып, жобаның тақырыбы мен мақсаты
айқындалады.
ІІ.кезең.Ақпараттық-жүйелеу: материалдар жинақталады,
әдебиеттермен, әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істейді, ал мұғалім
бақылап, бағыттаушы, қолдаушы, олда ақпарат беруші бола алады.
ІІІ.кезең.Шартты-бағалаушы:жиналған ақпараттар сұрыпталады,
өздерінің жобаларын ұсынып, оны ұйымдасып қорғайды.Белсенді
танымдық іс-әрекеттің барысында оқушы оқу материалының мазмұнын
түсіну арқылы, ондағы негізгі бағыттарды айқындай білу, негізгі
ұғымдарды таңдай отыра, өз бетінше бір қорытындыға келу дағдылары
қалыптасады.
Оқушы геометрия пәнін оқып үйренуде, өзінің геометриялық даму
процесінде геометрия ғылымының барлық этаптарын ретімен меңгеруі
тиіс. Сонда ғана адам баласының көп ғасырлық тарихи тәжірибесінен
туындаған білімді толық меңгеруге болады