«Беделді файлдар» дегеніміз не? Бўл негізінен автор, ўжымдыќ

Download Report

Transcript «Беделді файлдар» дегеніміз не? Бўл негізінен автор, ўжымдыќ

«Беделді файлдар» дегеніміз не?

Бұл негізінен автор, ұжымдық автор, географиялық атау немесе пәндік айдар туралы маңызды ақпарат беретін файл. Беделді файл каталогшылардың қуатты құралы, өйткені ол тиісті құжаттарға сипаттама беру ғана емес, табылады.

іздеу жүргізуде

аса маңызды болып

  Беделді файлдар – кез-келген электронды каталогтар мен дерекқорларға арналған норматив ретінде танымал және арнайы құрылады. Бүгінгі күні бүкіл әлемде OCLC ( http://www.oclc.org/.

) Онлайндық Компьютерлік Кітапхана Орталығы (бүкіл әлемге кеңінен таралған кітапхана желісінің бірі), Неміс кітапханасы және Конгресс кітапханасы бірлесіп Есімдер атаулары /Имен лиц / виртуалды Халықаралық Беделді Файл (VIAF) құрды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – әлемнің көптеген кітапханалары мен библиографиялық қызмет агенттіктерінің беделді жазбаларын бір ізге түсіріп, Web арқылы еркін пайдалануға ұсыну.  Мысалы, америкалық пайдаланушы J. P. De Valk есімін іздесе, ол Johannes P. De Valk – деп берілуі немесе осы аттас басқа көптеген есімдер кездесуі де мүмкін. Мұндай мысалдарды өзімізде де көптеп келтіруге болады (мысалы: Шакарим, Шәкәрім, Шаһкарим, Шаһкәрім, Құдайбердіұлы Ш., Құдайбердиев Ш. немесе аттас қосарлы есімдердің болуы мүмкін). Сол сияқты «Пәндік айдарларды» алсақ, бұл ретте де бірде Қазақстан, бірде Қазақстан Республикасы, ҚР-ның деп жазылады және мұндай мысалдар аз емес

.

Беделді файлдар тарихынан

   1974 жылы ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық конференциясында UBC (Универсалды библиографиялық есеп/УБУ—Универсальный библиографический учет) Бағдарламасында ұлттық библиографиялық мекеменің елдегі авторлар атауларының беделді формаларын құруға жауапкершілігі белгіленді: жеке есімдер және ұйымдар атаулары, сонымен бірге, осы авторлардың беделді тізімдерін енгізу. 80-жылдары UNIMARC-форматының шығуына байланысты ұлттық библиографиялық агенттіктер арасында алмасу болуы үшін машинамен оқылатын жазбалар құрылымы стандартталды.

80-жылдардың соңында каталогтандыру ережелерінің стандарты және машинамен оқылатын - UBC и International MARC Program құрылымын қолдайтын екі бағдарлама біріктірілді. Олардың негізінде халықаралық бағдарламалар - Universal Bibliographic Control International MARC program (UBICIM) — Универсалды библиографиялық бақылау, халықаралық MARC – бағдарламасы пайда болды. Осы бағдарламалар пайда болған соң ИФЛА –ның басшылығымен беделді бақылаудың халықаралық жүйесін құруға бағытталған жұмыстар кеңінен жүргізіле бастады.

Бірінші міндеті – жазбаның негізгі элементтерін, олардың тәртібі мен тыныс белгілері жүйесін белгілейтін нормативтік құжаттар әзірлеу еді.   Осындай алғашқы құжаттың бірі “Беделді және сілтеме жазбаларды құру және жүргізу жөніндегі басшылық”/«Руководство по созданию и ведению авторитетных и ссылочных записей» (GARE) 1984 жылы жарық көрді.

Екінші міндеті - 1991 жылы алғашқы редакциядан өткен UNLMARC/ Authorities форматы пайда болғанда орындалды. Оның міндеті ұлттық библиографиялық мекемелер арасында машинамен оқылатын беделді деректермен халықаралық алмасуды қамтамасыз ету еді.

Беделді файлдармен халықаралық алмасудың тиімді жүйесін ұйымдастыру міндетін шешу үшін 1996 жылы (MLAR) және ISADN беделді жазбаларының төменгі деңгейін белгілеу жөніндегі Конгресс Кітапханасының маманы Барбара Тиллеттің басшылығымен Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының 1998 жылы жарияланған есебінде беделді алмасудың файлдармен халықаралық кітапханалар үшін маңызы үлкен, өйткені, оны жүзеге асыру каталогтау ісінде еңбек шығынын қысқартуға және пайдаланушының сұранысын толық орындауға мүмкіндік береді.

Беделді файлдардың негізгі типтері:

         

Нормалы орындардың категорияларына сәйкес Беделді файлдар (БФ) типтері анықталады.

Атаулы БФ Жеке есімдер атаулары Ұжым атаулары Ата-тек атаулары Бірыңғай тақырыптар Серия БФ Географиялық атаулардың БФ Пәндік БФ Жіктеулік БФ

Беделді файлдардың функциялары:

     БФ – қабылданған тақырып атауларын вариантты, паралелль, байланысты тақырыптар арқылы таңдау дерекөзі, тақырып атауларын беделді жазбаларда/БЖ құжат/ресурстардың барлық түріне нормаланған пайдалану орны ретінде пайдалану үшін; БФ – жаңадан қабылданған тақырыптарды құру дереккөзі; БФ – беделді бақылау құралы, оған БЖ нормаланған пайдалану орындарында

қателерді анықтау және түзету кіреді;

БФ – пайдаланушы үшін БЖ құру, шығару және қолдау, тақырыптар арасына сілтемелер орнату және БЖ-ға қосымша ақпарат енгізуге мүмкіндік береді.

БФ – іздеу жүргізудің және библиографиялық файлдан іздеу терминдерін іріктеудің тиімді әдісі.

БФ құру әдістері

    “Белсенді әдіс”. Беделді файлдарды «белсенді» құру әдісінде ақпараттар БФ уақтылы, жедел енгізіледі (клавиатурадан нақтылы уақытқа қарай). Бұл дәстүрлі картотеканы немесе тақырыптар тізімін, ұйым атауларын, әріптік пәндік көрсеткішті пәндік каталогқа машинамен оқылатын формаға көшіру болуы мүмкін, сонымен бірге Беделді Файлдарды «нөлден» бастап жаңадан құру өте күрделі және қымбатқа түсетін процесс болып табылады.

«Пассивті» әдіс – библиографиялық файлдан тақырыптарды автоматты түрде алады. Мұндай жағдайда осы БФ-да (беделді форма, сілтеме жазбалар, анықтама жазбалар) орналасқан бір-бірімен өзара байланыстағы пайдалану орындары есепке алынады. Олар өз типіне сәйкес логикалық түрде Беделді Файл болып ұйымдаса алады. «ИРБИС» бағдарламасы электронды каталогқа жазба енгізу барысында Беделді Файлдардан алынатын ақпараттарды автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді. Библиографиялық Файл /БФ жазбасын құру үшін “Ввод через AUTHORITY файл» жолын пайдаланамыз.

 Беделді файлдарды тиімді пайдалану үшін Беделді Жазба құру әдістері мен ережелерін әзірлеу және тиімді ақпараттық іздеуді қамтамасыз етуге арналған қажетті байланыстарды орнату қажет.

   Болашақта еліміздің кітапхана ісі саласында авторлар, тақырыптар, пәндік /рубрикалар/айдарлар т.б. беделді файлдары құрылып, бір ізге түсірілсе жақсы болар еді.

Ол үшін келешекте әр облыс, әрбір өңір/регион кітапханалары өз БФ әзірлеп, Ұлттық Кітапханаға өткізсе, ЖалпыҰлттық Беделді Файлдар құрылымы болатыны сөзсіз. Біздің А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының библиографтары Өңірлік Беделді Файлдарды құруды қолға алуда. 