Transcript Document

№5 Қараша-желтоқсан, 2012 жыл
«Жүрген жанның артында ізі қалар,
Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар»
М.ЖҰМАБАЕВ
Қазақ әдебиетінің классигі Әбділда Тәжібаевтың
«Кешеден келдік, бүгінге жеттік іркілмей, Қалды да
артта қанша жыл, сезілмей бізге бір күндей», деп
жырлайтыны бар.
Тәуелсіз
Қазақстанның
кешегісі
келмеске
кеткендей. Осыдан жиырма бір жыл бұрын әлемдік
геосаясатта жаңа мемлекеттердің бірі болған едік.
Тап сол жылы Тәуелсіз елімізде алғаш рет сайлау
өтіп, 1991 жылдың бірінші желтоқсанында
Қазақстан халқы бірінші рет өз Президентіне дауыс
берді. Бүкілхалықтық саяси науқанда Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Қазақ ССР-нің Тұңғыш
Президенті мандатына ие болды. Сол айдың 10-шы
жұлдызында Президент заңды түрде қызметіне
кірісті. Азаттық алған Алаш баласының алдында
ант қабылдады. Президенттік қызметке кірісе сала,
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-ін Қазақстан
Республикасы деп атау туралы Заңға қол қойды.
Ал,
16
желтоқсан
күні
«Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттiк
тәуелсiздiгi
туралы» Конституциялық Заң күшіне енді.
Осылайша, 86-да қазаққа қайғы әкелген
желтоқсан араға 5 жыл салып, қуаныш сыйлады.
Аз уақытта қазақ жұрты Қазақстанның Тұңғыш
Президенті күнін атап өткелі отыр. «Қазақстан
Республикасындағы мерекелер туралы» Заң
бойынша бұл мемлекеттік мереке санатында.
Аталған мейрам биыл алғаш рет тойланбақ.
Күнтізбеде қызыл әріппен белгіленген жаңа
мерекенің рухани мазмұны бай болмақ.
Міне, бір кездері бүкілхалықтық саяси
таңдау өткен күн араға 21 жыл салып, өзгеше өң,
жаңа мазмұнмен қазақ халқы үшін үлкен той
болғалы тұр.
Тойымыз құтты, қайырлы болсын!!!
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан
Республикасының
мерекелері туралы
заңына толықтырулар
енгізу туралы» заңға
қол қойды. Оған сәйкес
бірінші желтоқсан
Тұңғыш Президент күні
ретінде жаңа
мемлекеттік мейрам
болып бекіді.
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты
аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Мерейім, нұрлана бер, азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында гимназиямызда біршама
іс-шаралар атап өтілмек. Атаулы күнге орай, тәуелсіз еліміз бен елбасына
арналған оқушылар шығармалары мен өлеңдерін
оқырман назарына ұсынамыз
Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің тұңғыш президентіміз. Сол үшін де
ыстық, сол үшін де қымбат. Біздің елбасымыз бала кезінде өте жақсы
оқып, парасатты бала, дарынды оқушы болған екен. Теміртау
қаласында еңбек жолын бастап, адал қызметінің арқасында биіктерді
бағындырған дейді. Қазірде бейбіт елді басқарып, көпке үлгі болып
отыр. Биыл 1 желтоқсан президент күні деп аталып, республика
бойынша тойланады. Бұл атаулы мерекеде мен елбасымызға
амандық, елімізге тыныштық тілеймін!!!
Амина Мұстафина, 4Б сыныбы
Елбасымыз ұлтының үмітін ақтап, елді ел
қылды,
дербес,
егеменді
Қазақстан
мемлекетінің негізін қалады, іргелі мемлекет
құрды. Ең бастысы, мұның бәріне жанжалсыз,
жасампаздық арқылы жетті. Бұндай жетістік –
бірлікті елі, білікті төрі, дана басшысы бар
қоғамның ғана қолынан
келеді. Еліміздің
бейбіт өмір сүруін халық тілейді, күн-түн
армандайды. Қазақстан тәуелсіз әрі көп ұлтты
мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» деген киелі сөз менің дархан еліме арнап
айтылғандай. Себебі, Қазақстан жерінде
қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауыр деп біліп,
тату өмір сүреді. Елбасы өзінің жолдауларында
жастарға, олардың сапалы білім алуына көп
көңіл бөледі.
Бізге жол сілтеуші жұлдыз
елбасымыз барда, еліміз ешқашан адаспайды
деп білемін!
Нүркен МҰХАММЕДИЯ, 9А сыныбы
«Отан» деген жас жүрегімнен шыққан асыл
сөзді
мақтанышпен,
асқақтықпен
айта
аламын. Бізге қазіргі бақытты күніміз
оңайлықпен келген жоқ. Еліміздің болашағы
үшін, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін
аянбай еңбек еткен ер-азаматтар аз емес.
Әрине, солардың көш басында елбасымыз,
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Өз елімнің
жиырма жылдық ғұмырында ауыз толтырып
айтар жетістігі, көкірегіңе мақтаныш ұялатып
мақатанарлық көрсеткіші жетерлік. Қазақ елі
десе, шалқыған шалғын, жазиралы жайлау,
түтіні будақтаған ауыл елестейді. Осындай
елді сүймесіңе, ол елмен мақтанбасқа бола ма!
Саягүл АХМЕТОВА, 8Ә сыныбы
2
Мен өз елімді, жерімді, отанымды мақтан
етемін. Өз отанымды құрметтеймін. Мен осы
топырақта туып, осы топырақта өстім.
Көркемдігіне көз тоятын ғимараттар да,
жазира дархан шартараптар да осы мен
туған елде. Мен өз еліммен мақтанамын.
Аружан АМИНОВА, 4А сыныбы
Қазақстанның байтақ жерлері,
Елбасының армандарын тербеді.
Мақтанарлық ел жасады,
Тәуелсіз Қазақстанның ерлері.
Қазақстан достығы жарасқан,
Тіршілігін тыным алмай жаңартқан.
Сүйеміз біз елімізді,
Тамырын кеңге таратқан.
Асқар-асқар беліміз,
Ұлан-байтақ жеріміз.
Отанымыз аман болсын,
Елбасыға бас иеміз.
Даяна АДАНТАЕВА, 4 Ә сыныбы
Мен Қарағанды қаласында тұрамын.
Айнала күннен-күнге құлпырып, көркейіп
келеді. Біздің қамқор елбасымыз біз үшін,
болашақ
үшін
көптеген
мектептер
салғызды. Балалардың білімді болуына
көп көңіл бөледі. Біздің қаламызда да
сәулетті «Назарбаев мектебі» бой көтерді.
Елбасына
ризалығымды
білдіріп,
мектептерінен тек мықты шәкірттер түлеп
ұшса екен деп тілеймін!
Арнұр ТАМИН, 4В сыныбы
НҰР АТАМ САЛҒАН АСТАНАМ
Астана – елбасымыз арман еткен қала. Ертегі әлемнің ғажайып сарайындай
қаланың көркі көздің жауын алады. Оны теледидардан көрген бір бөлек,
көзбен көрген тіпті бөлек. Сөзбен айтып жеткізе алмас суретті мен осы қаладан
көрдім.
Ертең мен де ел азаматы болып, ел сүйсінер істер жасағым келеді. Осындай
сұлу қала салдырған елбасына ризамын.
Қазақ халқының егемендік алып, өз
Медина РУСЛАН, 5 Б сынып оқушысы
алдына
ел
бола
алатынына
күмәнданған жандар да болған екен.
Өзің барда бұл өмірде Нұр ағам,
Бірақ, өзінің мақсатты ісіне ары мен
Мен қуанбай қалай ғана тұра алам.
намысын ту еткен елбасымыз бар
Қиын қыстау замандарды өткерген,
күмәннің
тас-талқанын
шығарды.
Алып шықтың жолдан талай бұралаң.
Қазақ халқы
әлемдегі ұлы
халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы
Жайна-жайна, құлпыра бер нұр қала,
– бауырмалдығында, бейбіт өмір
Күннен-күнге күн нұрымен нұрлана.
сүйгіштігінде , даналығында.
Ел
Көз тартады анадайдан мұндалап,
Президентін құрметтейді, «хан біреу
«Бәйтерегің» ел символы тұр дара.
болу керек, қалғаны оған тіреу болу
керек» деген есті сөзді есте сақтап,
Қазыбек РАМАЗАН,
береке-бірлігімізден
адаспай,
8 Б сынып оқушысы
елбасымызбен мақтана білуіміз керек!
Әйнел НҰРМАҚ, 10 Ә сыныбы
Тәуелсіздіктің
20
жылдығы
қарсаңында
Шамалған ауылындағы
Қарасай батыр атындағы орта мектептің
Құс ұясыз болмайтыны сияқты, адам
«Шапағат»
тарихи-өлкетану
отансыз болмайды. Мен өз отаным –
мұражайында
елбасымен
кездесу
Қазақстанымды
жақсы
көремін.
болған, сол кездесуге ұстаз ретінде менің
Басынан қанша қиындықты, аштықты
әжем
де
қатысыпты.
Мұражай
өткерген елімнің қайыспас қара нардай
меңгерушілері тұңғыш президентіміз
мықтылығына мақтанам. Болашақта өз
жайлы балалық шағынан бастап, бүгінгі
отанымның дамуына аз болса да
күнге дейінгі өмір жолы туралы мәлімет
үлесімді қосамын. Әр тасы, әр гүлі
жинаған екен. Нұрсұлтан Әбішұлы
қымбат елім үшін ешқашан аянбаймын.
мектептегі
кезінен
қоғамдық
Өйткені мен осы далада дүниеге келдім.
жұмыстарға белсене араласатын, жас
болса да, бас бола алатын қабілетімен
Фариза ЗАРЛЫҚОВА, 8 Ә сыныбы
көзге түскен оқушы екен. Колхоз
шаруашылығының
жұмысына
Мен ең алдымен туған тілімнің
оқушыларды ұйымдастырып апарған
барына, кең байтақ қазақ жерінде дүниеге
уақыттарда елбасымыз әдемі қоңыр
келгеніме,
төл
теңгемнің,
ұлттық
дауысымен көбіне ән салады екен.
рәміздерімнің,
өнегелі
елбасымның
Алғыр оқушысының елбасы болғанына
барына қуанамын. Қазақтың қаһарман
әжем
мақтанады.
Мен
әжемнің
баласы, білікті данасы Нұрсұлтандай дара
елбасының
ұстазы
болғанымен
тұлға тұрғанда болашағымның жарқын
мақтанам, елбасыммен мақтанам.
боларына сенемін!
Абзалбек АБАЙ, 7 Ә сыныбы
Айғаным ИГИСИНОВА,
3
8 А сыныбы
«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы
еш уақытта құрымайды»
А.Байтұрсынұлы
Биыл ұлтым деп өткен ұлы тұлға, кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы,
ғалым, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына -140 жыл
Қыркүйек айы мектеп оқушылары үшін айтулы мерекелерімен ерекшеленеді. Білім күнінен
кейін келетін «Тілдер мерекесі» мектебімізде жыл сайын қызықты өтеді. Оқушылар қазақ,
ағылшын, орыс тілдерінде түрлі сайыстарға, сыныптан тыс сабақтарға, конференцияларға
қатысып, білімдерін шыңдайды.
«Тілі өлген ел-тірі өлген ел»деген сөз
жаныңмен ұқсаң арыңа тиіп, ақылға
шақырады. Әр халықтың бүкіл
ғасырлар бойы жинаған қазынасы өз
тілі. Тіл құдіреті жоғары, мәртебесі
биік, ешкімге бағынбайды,
иілмейді. Тіл адамдықтың белгісінің
бірі. Тілсіз білім жоқ, ал білім өмірдің
шырағы. Жер бетіндегі ұлы
адамдардың баршасы өз тіліңді
құрметтеу жөніндегі келелі сөздерін
түйіп кеткен, тек осы сөздерді тіл
мерекесіне орай ғана еске түсірмесек
екен...
АЯУЛЫМ Бекболатова,
9А сынып оқушысы
«Тіл – халық айнасы»
атты кештен
Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – халық айнасы»
атты онкүндікте гимназияда белгіленген әрбір
мерекелік іс-шара үш тіл аясында өтті. Онда «Тілім –
тұғырым» шығармалар конкурсында жүлделі орын
алған оқушылар шығармашылықтары жарияланды.
«Тілім
–
тұғырым»
шығармалар
конкурсына
5-11-сыныптардан 23 оқушы қатысты.
І орын – 9А сынып оқушысы Бекболатова Аяулым;
ІІ орын – 11Б сынып оқушысы Жантемірова Ардақ;
ІІІ орын – 6Ә сынып оқушысы Мұстафина Аяулым
иеленді. «Бір шаңырақ астында», «Қазақстан – достық
мекені» деген атпен 1-6-сыныптар арасында суреттер
көрмесі өтті. Онда:
І орын – 6 Б сынып оқушысы Оразбек Арсен;
ІІ орын – 1Б сынып оқушысы Базылбек Мағжан;
ІІІ орын – 5Ә сынып оқушысы Артықбаева Томирис пен
6 Ә сынып оқушысы Қуаныш Нұртілеуге бұйырды.
Барлық сыныптарда «Қазақстан - достық мекені» атты
өнеге сағаттары өтті. Ағылшын тілінде 8-сыныптар
арасында М.Касимова «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
зияткерлік ойыны өткізсе, 6-сыныпта А.Монтаеваның
ұйымдастыруымен
«How
is
your
English?»
тақырыбында,
9-сыныпта
Б.Адамованың
ұйымдастыруымен
«A language world»
тақырыбында сайыс сабақ өтілді. З.Ошыбаева 10сыныпта
оқушыларды
басқа
ұлттардың
тілін
құрметтеуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын
қалыптастыру мақсатында сайыс сабақ өткізді. Ахмет
Байтұрсыновтың
туғанына
140
жыл
толуына
байланысты кітапханашы М.Альжанова мен қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі Р. Абдирова оқырмандар
конференциясын ұйымдастырып, оқушылар үш тілде
пікірсайыстар жүргізді.
М.Ботаканова, Б.Баспақовалар
«Тіл – халық
айнасы» атты
қорытынды кешті ұйымдастырып,
онкүндік
барысында
өткен
іс-шаралар
қорытындыланды. Жүлделі орын алған оқушылар
марапатталды. Тіл мамандары тілдерді дамыту, оның
аясын кеңейту мақсатында бірлесе
4
жұмыс атқарып, ана тілдін мерейін
ҚарМТУ-де «Біз Қарағандылықтар» фестивалі аясында
«Қарағандының ғылыми потенциялының дамуы аумақтық
бәсекелестік қабілетін қалыптастыру» атты І ғылыми
практикалық конференциясы өткізіліп, оған ҚарМТУ, ҚарМУдің студенттері және мектеп оқушылары қатысты. Аталған
конференцияға гимназиямыздың 9 "Б" сынып оқушылары:
Орныхан А., Ыдырысова У., Бабалиева А., Бақтыбаев А.,
Исина Д., Ауғалиев Диар қатысып, өз жобаларын ұсынды.
"Ескерткіш тіл қатады" Сабит Мұқанов атындағы көшеде
Мұқановтың ескерткішін орнату" атты бұл жобаны Ауғалиев
Диар жоғары деңгейде қорғап шықты. Жоба жетекшісі Мадина
Кадыровна мен жобаға қатысушылар мақтауға ие болып,
сертификаттармен марапатталды.
«Алькоголь тұтынудан бас тартудың
ұлттық күніне» орай және 2012 жылдың
22-31 қазан аралығында алькогольді
шамадан тыс тұтынудың алдын-алу
бойынша онкүндік болып өтті.
Онкүндік аясында гимназиямызда
көптеген іс-шаралар жүргізілді. «Жат
қылық пен жаманды – аздырады
адамды!» атты өнеге сағаты өткізілді.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Секербек
Серікбекұлының
ұйымдастыруымен
8-сыныптар арасында «Салауатты өмір –
тәрбие көзі» атты дөңгелек үстел болып,
онда маңызды да, мазмұнды тақырыптар
қозғалды. Сонымен қатар, облыстық
наркологиялық орталықтың дәрігерлері
9-сыныптармен «Ішімдік – ғасыр дерті»
атты
тақырыпта
кездесу
өткізіп,
тренингтер жүргізді.
Бетті дайындаған:
5
Қарағанды
облысы
бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру
институтының
ұйымдастыруымен қала мектептерінің
директорлары мен оқу-тәрбие
ісі
меңгерушілері гимназия -мызда "Elearning" электронды оқыту жүйесі
аясында іс-тәжірибе алмасты. Динара
Амангелдіқызының
бастауымен
жүргізіліп отырған информатика пәні
мұғалімдерінің жұмысына қонақтар өз
ризашылықтарын
білдіріп,
алғыстарын айтты.
С. Ахметова
Гимназиямыздың 10 –сынып оқушылары Күнесбек Индира
мен Ғалым Арғынның жыр әлеміне қанат қаққанына да біраз
уақыт болды. Қолдарына қалам алып, үп еткен желді өлеңге
қосқан ақынжанды екі оқушымыздың аяқ алысы көңіл
қуантарлық. Оқушы жүрегінен шыққан сөз шекері оқырманға
ой тастар деген ниетпен жауқазын жырларын жарияладық.
ҚОС ҚАРЛЫҒАШҚА ҚАНАТТАРЫҢ ТАЛМАСЫН,
ӨЛЕҢ ӨЛКЕСІНДЕ ЖҰЛДЫЗДАРЫҢ ЖАНСЫН ДЕМЕКПІЗ!
Туған жер
топырағың қандай ыстық...
Өзіме
Мейлі шөл, мейлі жақсы, жаман болсын,
Мейлі ауыл, мейлі қыстақ, қалам болсын.
Жусанын , жер иісін сағынғанда,
Сарғайып іздеп барар далаң болсын.
Ол жердің күні де ыстық, түні де ыстық,
Сайраған бұлбұл құстың үні де ыстық.
Кіндік қан тамған жерім, самғау елім,
Біз деген айырылмастай ұғыныстық.
Бақыттымын,
Тағдырмен таласпаймын,
Күмәнді ғып бағыма бал ашпаймын.
Бойда жігер, жүректе сезім барда,
Бос сөзімен ешкімнің санаспаймын.
Мен адаммын жаралған етжүректен,
Жақын тартқан жандар көп
елжіреткен.
Жасқамаңдар, бойымда арманым
көп,
Мақсатына жетсе деп желбіреткен.
Еске түссе сағыныш билейді екен,
Туған жер ең мейірлі күндей ме екен.
Ей, адамдар, қадірін туған жердің,
Елден аттап шықпаған білмейді екен.
Жыр тұлпары – Сәбит аға
Ұлы бейнең сәуле шашып
жарқыраған,
Жырларың бар бұлақтай сарқыраған.
Халықтың біртуар ұлы, бірегейі,
Жаны жарқын, сөзі алтын бабам.
Сәбит аға, жырдың асқан тұлпары,
Арайланып атты бүгін жыр таңы.
Тойлап жатыр ұлы мерейтойыңды,
Тәуелсіз ел, бүгінгі күн ұрпағың.
6
Күліп өтем, тұрса да тұнып қайғым,
Сөз қуғанға сыртымнан
«бұзықтаймын».
Өз көңілім өзіме тоярлықтай,
Бақытына өзгенің қызықпаймын.
Келіспеймін байлықтың кеудесімен,
Кеуде де бос мен үшін
менменсінген.
Қатарында көптің мен жүрсем-дағы,
Гүлге ұқсағым келеді, емге өсірген.
Күнесбек Индира
Зейноллақызы
10 Б сынып оқушысы
Ахмет Байтұрсынұлына
Махамбет ер еді...
Жан аямай еңбек еттің қазаққа,
Мойымадың шыдадың талай азапқа.
Жазықсыздан атты сені жауыздар,
Алаш үшін көргендерің аз-ақ па?
Махамбет – батыр, ер еді,
Рух берген жанға өлеңі.
Бай мен кедей теңдігі,
Махамбетке керегі.
Тақтан алып Жәңгірді,
Басын кессем деп еді.
Жасармын деп сол істі,
Бір Аллаға сенеді.
Намысты қолға ту етіп,
Исатайға ереді.
Өлімге қиып өз басын,
Ел үшін жанын береді.
Ер жүрек батыр – Махамбет,
Жүз батырға тең еді.
Серік қылғаны жанына,
Өлең менен күй еді.
Қара басынан өзінің,
Халқын қатты сүйеді.
Махамбет пен Исатай,
Асқақ болған беделі.
Аянбаған екеуі,
Жау қолынан өледі.
Жалындап туған жалын от,
Жалындап барып сөнеді.
Ұнатпадың жалғанды, тек шындықты
жақтадың,
Сорласа қазақ , сен қол қусырып
жатпадың.
Қайғыға толы, құса боп өтті өмірің,
Көрмедің аға, арайлап таңның атқанын.
Қазақ деп ауырды шын жүрегіңіз,
Тәуелсіз ел болсақ деп тіледіңіз.
Сан жыл бойы өзіңіз армандаған,
Азат болып тұр қазір бұл еліңіз...
Ананы құтметтеңдер адамдар
Мың тоғыз жүз тоқсан алты, аштым
өмір есігін,
Алғаш айтқан сөзім болды «Ана» деген есімің,
Ана деген тербетсе егер бір қолымен әлемді,
Ана тілім айбыным
Тербетеді бір қолымен сәбиінің бесігін.
Туған тілім – ана тілім айбыным,
Қазақ тілі менің шалқар байлығым.
Бар бақытты тіледің қыз-ұлыңа,
Туған тілім тұғырыңда тұрғанда,
Жас шағымда қараған қылығыма.
Қиындықсыз,мұңсыз тірлік, жай
Бір үйдің сәнін кіргізген
күнім.
Бала деген ата-ана қызығы ма?!
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Қуанышпен, жарқын жүзбен келесің.
Аман – есен мені өсіріп, жеткізген,
Өзіңізді бір Құдайым демесін.
Ана тілім – ең асылым, ардақтым,
Жырымды алғаш бір өзіңе арнаппын.
Заңғар көкке шарықтасаң сен егер,
Бірге шырқап, мен де қоса бармақпын.
Баласының жай күйіне алаңдар,
Аналарға құрметпенен қараңдар.
Ей, адамдар, көктен түскен ешкім жоқ,
Бағып – қаққан бәріңнің де анаң бар.
7
Осы тілмен ата-бабам сөйлеген,
Осы тілмен жан жарасын емдеген.
Жаса мәңгі, туған тілім әрдайым,
Ғасырлардан аман жетіп өрлеген.
Ғалым Арғын Әділмұратұлы
10 А сынып оқушысы
Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің
ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушыларының Спартакиадасы
бағдарламасы бойынша тоғызқұмалақтан өткен жарыста
гимназиямыздың командасы ІІІ орынды иеленді.
Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық
ғылыми- әдістемелік орталығы, оқушылардың облыстық Спартакиада
бағдарламасы
бойынша
«Тоғызқұмалақтан»
өткен
сайыста
мектебімідің 11 - сынып оқушысы Кәрім Нұржан ІІ орынға ие болды.
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген
«Сөз мәнері» сайысында 10 б сынып оқушысы Күнесбек Индира
ІІІ орынға ие болды.
Жыл сайын өткізілетін қалалық «Біз –Қарағандылықпыз»
фестивалінің,
«Мен өз қаламды сүйемін» балалар суреттерінің
конкурсында 6-сынып оқушылары Октябрин Мақсат пен Муталипова
Милиям арнайы сертификатттармен марапатталды.
Ауған жауынгерлеріне арналған халықаралық
таэквандо
турнирінде 10 «А» сынып оқушысы Ауқатов Қанат ІІІ орынды
иеленді.
Ал, Испания қаласында өткен
«Қолданбалы сән өнері»
номинациясы сайысы бойынша гимназиямыздың 10 «А» сынып
оқушысы Салықова Сәуле І орынға ие болды.
Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз, алдағы
уақытта да биік шыңдарды бағындыра берулеріне
тілектеспіз!!!
Гимназиямыздың 11"Б" сынып оқушысы Біржанова Сабина
Қарағанды облысы білім басқармасы және Қарағанды "Болашақ"
университетінің ұйымдастыруымен өткен облыстық
"Жас филолог" байқауында ІІІ орын иеленіп, Қарағанды облысының
білім басқармасы мен Қарағанды "Болашақ" университеті
ректорының грамотасымен марапатталды.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназиямыздың білікті мамандары, білімді ұстаздары
Бейсямбекова Тұрсын Мұстафақызы мен Акульбекова
Нұрбақыт Заркешевна білім беру саласында Қарағанды
облысы әкімінің сыйлығына тағайындау конкурсына
қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің
сертификатымен марапатталды.
Ұстаздарымызды еңбектеріне табыс тілеп, марапатымен
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Бетті дайындаған:
8
Әділ Нұрғалиев
«Күз ханшасы мен ханзадасы - 2012»
Берекелі күз айында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі.
Гимназиямызда «Алтын күз» мерекесіне орай 5-7 сыныптар арасында «Күз аруы»
байқауы, ал 8-10 сыныптар арасында «Күз ханшасы мен ханзадасы» атты
сайыс болып өтті. «Күз ханшасы мен ханзадасы» сайысы 11 «а» сыныбы мен
сынып жетекшісі Нұржанова Шолпан Өзбековнаның ұйымдастыруымен 4 кезеңді
қамтып, үлкен мерекелі кешке ұласты. 1- жұптарымен вальс биі , 2- күз тамашалары
видеоролик, 3 - караоке ән кеші, жұптарымен ән шырқау, 4-күз таңғажайыптары,
яғни қол өнері. Кеш жоғары деңгейде, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер
қалдырды.
Кеш қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» 10 «Ә» сынып оқушылары
Байжігітова Дильфуза мен Рсай Дархан жеңіп алды. Дархан әсіресе, 3-кезеңде өзін жаңа
қырынан танытып, халық әнін тамылжыта орындағанда көрермен дамылсыз шапалақ
ұрудан жалықпады. І орын 10 «А» сыныбының жұбы Галидоллаева Назира мен Бейсенбин
Ернатқа бұйырды. ІІ орын 9 «А» сынып оқушылары Жанатбекова Шынар мен Ишанғали
Әмірбектің қанжығасына байланды. ІІІ орынды 8 «А» сыныбының жұбы Қайыпқанова
Нұризат пен Қошметова Мадина иеленді.
Жеңімпаздарға мақтау қағаздары тапсырылып, сый-сияпат ұсынылды.
7 А сыныбының
ұйымдастыруымен өткен 5-7
сыныптар арасындағы «Күз
аруы» байқауы да өз деңгейінде
өріс алып, төмендегідей нәтиже
көрсетті. «Бас жүлдені»
5 Б сынып оқушысы Қуанышова
Ақниет жеңіп алды.
І орынды 5 А сыныбының
Шакенова Инабат атты аруы
иеленді. ІІ орынды 7 Ә
сынып оқушысы Керімбекова
Іңкәр алса, ІІІ орынға 6 А
сыныбының аруы Қуанған
Анара ие болды.
Биші
ару
Инабат
9
Бетті дайындаған:
Әнші
ару
Ақниет
Жакешова Жансая
«БОЛАШАҚТА ЕҢБЕК ЕТІП,
ӨМІР СҮРЕТІНДЕР – БҮГІНГІ МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫ, МҰҒАЛІМ ОЛАРДЫ
ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕСЕ, ҚАЗАҚСТАН
СОЛ ДЕҢГЕЙДЕ БОЛАДЫ.
СОНДЫҚТАН ҰСТАЗҒА ЖҮКТЕЛЕТІН
МІНДЕТ АУЫР»
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт
шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлімтәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік
рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол
әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жаңа оқу жылымен
қатарлас келетін «Ұстаздар күні» мерекесі де күздің үлесіне тиіпті.
«Ұстаздар күніне» орай 11 «Ә» сыныбының жетекшісі Рысты
Абдированың ұйымдастыруымен «Ұстаз-халық анасы» атты кеш
өткізілді. Кештің бастамасы ретінде гимназия басшысы Базыл
Жанкелді Сағынтайұлы шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ
отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебізін білдіріп, ұстаздарға
алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті. Құттықтау сөзден кейін
кеш әсем әндермен, сыңғырлаған күйлермен, аты әлемге әйгілі
“Шолпан би” ансамблінің мың бұрала билеген әдемі қыздарының
билерімен жалғасын тапты.
Кеш барысында гимназия оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. 1 «Б» сынып
оқушысы Әубәкірімова Айдана «Астана» әнін қалықтатып, Қабыкен Мөлдір «Ұстазым»
әнін орындап кештің сәнін келтірді.
Бастауыш сынып оқушылары ұстаздарға өлең шумақтарын арнап, әсем әндерін
жолдады. Музыка пәні мұғалімі Нығыметова Лаура Сайранқызының орындауындағы
«Жібектің елі» әні сазды кештің сағымындай жалғасын тапты. Кеш соңында 11-сынып
оқушылары ұстаздарға арнаған ізгі тілектерін әнмен әрлеп, әр ұстазға арнайы дайындап
әкелген гүл шоқтарын табыстады.
«Қыран
түлегіне
қайтпас
қанат
сыйлайды, ұстаз
шәкіртіне
талмас
талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі екенін
талапты да, талантты оқушылар әсем кеш арқылы тағы бір дәлелдеп берді.
10
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт
берекесі. Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.
Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген.
Қамбамыз астыққа толып, бәріміз асыға күткен, сағыныш пен асқаралы үміт
сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын
берекелі күз мезгілінде гимназиямыздың дәстүріне айналған тағы бір «Алтын күз
берекесі» атты жәрмеңке өтті.
Бастауыш сыныптар мен орта буын жаппай қатысатын бұл думанды күн
барша гимназия ұжымына мереке сыйлады. 4 «а», «б», 5 «а», «ә», 6 «б», 3 «а»
сынып оқушылары жәрмеңкеде жақсы дайындықтарын көрсетіп, пісірілген тәтті
тоқаштарын, өздері жасаған заттарын, жеміс-жидектен жасалған ыдыс пен
қуыршақ үлгілеріндегі тағамдарын келушілердің алдына тосты. Сонымен қатар 5
«б» сынып жетекшісі Рауан Бұғыбайқызының ұйымдастыруымен оқушылар
күздік
киім үлгілерін тігіп киіп, жәрмеңкенің жарасымын келтіре түсті.
Әрбір сынып үлкен дайындықпен келуі арқылы жәрмеңкеге өз үлестерін қосты.
Арнайы дайындалған дастархандар алыстан көз тартып, күздің самсаған
сары байлығына тамсантып, тағамның
барлық түрлерін тарту етті.
Сырттан келген ата-аналар да, ұстаздар мен оқушылар да жемістен жасалған
түрлі заттарды, тәтті тағамдарды сатып алып жатты. Жәрмеңкеде жоғары
белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, «Алтын күз берекесі»
жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша «Ақниет» қамқорлық көрсету акциясы
негізінде қарттар үйі мен жетім балалар үйіне көмек көрсетілді.
Бетті дайындаған:
11
Жұманбаева Аружан
«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2012»
Гимназиямызда «Салауатты өмір салты - жастар болашағы!» атты ұранмен
салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі -2012» өтті.
Мерекелік шара көркем суреттер мен плакаттар арқылы безендіріліп, музыка әуенімен
сүйемелденіп, көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылған жоспар бойынша атап өтілді.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалып, мерекелік
шараның бастамасы ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Қымбат
Дәуітбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық шараларда эстафеталық ойындар жарысында қыздар арасында 4 «ә» сыныбы 1орын, ал ұлдар арасында 4 «а» сыныбы 1-орын иеленді. 5-сыныптар арасында би мен ұлттық
ойындар өткізіліп, 6-сыныптар бойынша пионербол жарысында 6 «ә» сынып оқушылары 1
орынды жеңіп алды.
Ал, 7-сыныптарда жеңіл атлетикадан 60 метр эстафеталық жарыста ұлдар арасында 7
«б» сыныбында Сайлауов Ернар 1-орынды иеленсе, қыздар арасында 1-орын 7 «а» сынып оқушысы
Разия Мақанға бұйырды. Эстафеталық сайыстан ұлдар арасында 7 «б» сыныбы 1-орын, қыздар
арасында 7 «а» сыныбы 1-орын жеңіп алды. 8-сыныптарда ұлттық ойындар бойынша би және
арқан тартыс сайыстары өткізілді, 1-орын 8 «б», 9-10 сыныптарда эстафеталық жарыста 10
«б» 1-орын, 11-сыныптарда волейбол жарысы бойынша 11 «ә» сыныбы 1-орынды иеленді.
«Денсаулық фестивалі-2012» күніне арналған спорттық іс-шараға барлық оқушылар
қатысып, жоғарғы нәтижелерге жетіп, жабылу салтанатында жеңімпаздар марапатталды.
МАҒЖАН МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗДАРЫНА АРНАУ
Еңбек жолын осы жерден бастадым,
Осы жерде еркелікті тастадым.
Өз әлемім өзіме аян болса да,
Осы жерде мен әйтеуір басқамын.
Осы орта мені өмірге үйретті,
Сүріндірді, сүйсіндірді, сүйретті.
Бір күн дамыл таптырмады, әйтеуір,
Ән салдырды, ақын етті, билетті.
.
Ұстаздары - жақұт тұнған әр ізі,
Азаматы – кішіпейіл, жаны ізгі.
Жабырқаған сәттерімде осында,
Әрбір адам жанашырым тәрізді.
Бұл мектептің әр ұстазы – ғұлама,
Жаңа қырын танытатын күн ара.
Мақтанамын, марқаямын бәріңмен,
Шырын сезім сыртқа шықпай тұра ма?!
Құшағы кең тәлім алдым ізгі елден,
Сен де мүмкін мақтанарсың біздермен.
Өмірімде мың өзгеріс болса да,
Мен шынымен бақыттымын сіздермен.
ІЗГІ НИЕТПЕН МӨЛДІР ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ
РЕДАКТОРЫ: МӨЛДІР АЛЬЖАНОВА
ДИЗАЙНЕРЛЕР: А.ЕЛУБАЕВА, Ә. НҰРҒАЛИЕВ
АРНАЙЫ КОРРЕСПОНДЕНТТЕР: А.СЕРІКОВА, Ш.ЖАНАТБЕКОВА.
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: С.АХМЕТОВА, Ж.ЖАКЕШОВА, А.ЖҰМАНБАЕВА
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 100000, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ,
СТЕПНОЙ-4 М/А, 33/2 ҮЙ. М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №39 ГИМНАЗИЯ. ТЕЛ: 32-68-42,
E-MAIL SHOOL-39 @ KARGOROO.ORG