Атым адам болған соң... - kurchatov.vko.gov.kz | Жаңалықтар

Download Report

Transcript Атым адам болған соң... - kurchatov.vko.gov.kz | Жаңалықтар

Шағын тақырыбы:
Жігітке жеті өнер де аз
Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер көп емес.
Әрбір адам қай жерде болмасын, өз елінің
намысын жыртып, ұлтын көрсете білуі керек.
Сламбек Әйнекбайұлы
Грамматикалық минимум:
Қазақ тілінің негізгі фонетикалық,
интонациялық
нормасын
меңгеру.
Сөздердің
құрамы.
Түбір
мен
қосымша. Зат есім. Зат есімнің лексика
грамматикалық топтары. Тілек, қалау,
талап мағыналы сөздер объектілік
қатынаста берілуі.
Коммуникативті іс - әрекет
Тыңдалым:
Адам, зат, факт, оқиға, іс – әрекет туралы нақты ақпаратты бере алу, ала алу; Әңгіме
болып отырған нақты заттарды, жағдаятты, оқиға, персонаждарды сипаттай алу.
«Анасын құрметтеген ұл» /Жаңа толқын Астана - 2007/
Айтылым:
Әңгіме болып отырған ақпаратты түсіндіру, түсінік беру, мәлімет беру,толықтыру,
нақтылау, жинақтау, талдау. Тіл үйренуші тыңдалған мәтін бойынша сұраққа жауап
береді, жоспар жасайды, мәтінге түйіндеме жасайды, сөйлеушінің негізгі мақсатын
түсіне біледі.
Оқылым:
Оқыған мәтіннен мәтіннің идеясын, тақырыбын анықтайды, фактілік ақпаратты,
мазмұны туралы ақпаратты ажырата алады, мәтінге көзқарас, пікірін білдіреді. Мәтіндегі
аса маңызды фактілерді, материалды топтайды. Оқиға, фактіні сипаттап жазу.
Жазылым:
Мәтіндер сипаттау және баяндау түрінде беріледі. Диалог түрінде сөйлемді құрады,
әңгімелесіп отырған тақырып бойынша диалогті жалғастырады, аяқтайды; мәтіндегі
оқиғаны осы шақ, өткен шақта баяндайды.
Сабақтың барысы:
І – Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ - Жаңа тақырыппен таныстыру.
ІІІ –Тақырыппен жұмыс.
ІV - Коммуникативтік минимумды беру.
V – Жаңа тақырыпты бекіту.
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қарап
сұрақтарына жауап беру.
ІІ .Жаңа тақырып:
Адам және оның өмірі
Шағын тақырыбы:
Жігітке жеті өнер де аз
шығу,
түсініксіз
Кәсіби салаға байланысты тілдесім.
Ой шақыру
- Ата – баба мұрасы дегенді қалай түсінесіз?
- .................................................................................
- Салт – дәстүрлер не үшін қажет?
- .................................................................................
- Әр елдің салты басқа ... дегенде айтылар ой не?
- ................................................................................
-«Ел қазынасы - ескі сөз» тақырыбында сөйлеңіз?
- .................................................................................
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт –
дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген
атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол –
жосындарымен
талай елді таң қалдырып келеді.
Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп,
жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі
болашақ ұрпақтың өз қолында.
Лексикалық минимум
Тыңдаңыз, есте сақтаңыз
жазылуы
айтылуы
аудармасы
қаймағы бұзылмау
қаймағы бұзұлмау
не терять отношения,
доброжелательные отношения
аманат етіп
қиянат жасамау
арулік беру
аманат етіп
қыйанат жасамау
ерүулүк перүу
наказ, доверить на хранение
не делать вред
приглашение в гости соседей
бөтенсіретпей
кең ойлау
терең толғану
қазақ салты
жетім – жесір
іштарлық жасау
адамның құны
шығынын өтеу
бітімге келтіру
бөтөнсүрөтпей
кеңойлау
терең толғанұу
қазақ салты
жетім – жесір
іштарлығ жасау
адамның құнұ
шығынын өтөу
бітімге келтірүу
приблизить, не отталкивать
широко мыслить
глубоко задуматься
казахские традиции
сирота
завидовать
цена человека
оплатить расходы
привести к единому мнению,
договариваться
Мағынаны тану
Қазақтың салт – дәстүрлері
Қазақ халқы салт – дәстүрге бай, тілге шешен, тапқыр халық. Олар өздерінің
дәстүрлеріне деген құрметті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне сыйғызып, ғасырдан –
ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа қаймағы бұзылмай келе жатқан салт – дәстүрімізді
бабаларымыз аманат етіп қалтырған. Аманатқа қиянат жасамай, келер ұрпаққа жеткізу біздің басты парызымыз.
Ерулік. (салт). Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың
адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл – жаңа адамдарды
бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік,
қоғамдық мәні де бар. Мысалы, жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны
әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап , терең ойланатын қазақ салты мұны да
ұмытпаған.
Өлі сыбаға (дәстүр). Ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі. Мұны көбінесе
балықшы ауыл қолданады. Бас көтеретін азаматы жоқ қарттарға, асыраушысы дүниеден
өткен жетім – жесірлерге үлес береді. Бұған ешкім іштарлық, қарсылық жасамайды. Бұл
– жоғары азаматтық, жомарттық пен кеңпейілділіктің, қамқорлықтың белгісі.
Сауға (ғұрып). Ертеде өлімге немесе, ауыр жазаға кесілген адамға сауға, яғни,
кешірім, бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Бұл негізінен адам басын
өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді, сөзі өтетін
адамдар ғана сұрай алған. Сауға сұрап алған адам да өз жолынан таймай тиісті адамның
құнын, шығынын өтеп, екі елді бітімге келтіру жолына шақырған. Сауға татулық жолына
шақырған. Сауға татулық жолына қызмет еткен.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
а). Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
- Қазақ халқының қандай салт – дәстүрлерін білесіз?
- .........................................................................................................................................
- Ерулік дегеніміз не ?
- .........................................................................................................................................
- Сіз көршіңізді ерулікке шақырып көрдіңіз бе?
- .........................................................................................................................................
- Сыбағаның қандай түрлері бар?
- ..........................................................................................................................................
- Ұмытылып бара жатқан қандай дәстүрлеріміз бар?
- ..........................................................................................................................................
ә). Мәтіннен зат есімдерді тауып түбір қосымшасын анықтаңыз.
в). Қай салт – дәстүрге байланысты тілек айтуға болады?
Қоржындағы сөздер
Тепе теңдікке келген сәт
Бұлақтардың көзін ашу
Игілікті жұмыстар
Қымызмұрындық
Малдың отығуы
Желіге байлану
Той - домалақтар
Соғым басы
Терме
Қисса
Ой толғаныс
Мәтінді оқып, тақырып бойынша пікірлесіңіздер.
Қазақтың төрт тойы
Наурыз мейрамы күн мен тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады.
Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар
атқарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да
наурыз тойын «тепе - теңдік», «игілік», «жаңару» мейрамы деп атайды.
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап, маусым айына
созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз
жиналып, ағайын жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқылып, мал
сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той
– домалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той) – күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне
арналған той. Бұл тойда да түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізіледі.
Соғым басы қыс тойы болып алғаш рет қар жауып, аяз түскен сәттен
басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін –
бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,
ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.
Сіз осы тойлардың қайсысын жақсы білесіз? Маусымдық
тойлардың біреуінде көрген – білгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
Тұрақты тіркестермен сөйлем құраңыз.
Мысалы: Ақ ауыз қылды – алдап кетті;
Ақ жарқын, ашық көңілді; ақ киізге көтерді – хан сайлады;
ақ саусақ – жалқау; ақ тамақ – қыздың сұлу тамағы; ақыл (ой) таразысына
салды – ойланды; ақыл қосты – кеңес берді; ақылға салды – ойланды;
ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу.
- ............................................................................................................................
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
«Ақыл қосты» тұрақты тіркесін қолданып, қиналған
сәтте кеңес берген адам туралы әңгімелеп беріңіз.
Қалжа мен шілдехана тойы
Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған
отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл
аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың
тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн
туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала
туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа»
сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа
әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын»
айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала
жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп,
өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын –
сауық кейде өткізеді.
«Бесік тойы»
Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке
бөлеу
жорасы
«бесік
тойы»
деп
аталады.
Бұған
көбіне
сол
төңіректегі
әйелдер
шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, кө
йлек – көншек, тан – моншақ, үкі, т.б.
тойлықтар
әкеледі. Ат қойылатын баланың оң
құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....»
деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен
әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікт
жабдықтайды.
Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен
балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі
баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар
дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік,
бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.
Қыз ұзату
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға
қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз
ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата - ана қуанады,
әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне
қондыруы,
жылайтыны
әрине
қимастық
көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да
көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу
жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер
адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда
ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады.
Жақын
адамдар
құданы
үйіне
шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға
жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар
«Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады .
Жазылым жаттығулары
Мәтіндегі зат есімдердің астын сызып, сұрақ қойыңыз.
АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРГЕ АЙТҚАН СЫНДАРЫ
Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма
бөктеріп әкетер едім, әттең атым көтере алмайды – ау!», - депті.
Яссы қаласын (қазіргі Түркістан) олардың қожа – молдаларын көргенде: «Ай,
қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, ері арық, жұрт сорлысы
мұнда екен», - депті.
Шыңғырлауды көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ. Шыңғырлау,
сен өсірдің!», - деп үш айналады. Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып,
«Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап – қунап қайтайық»,
- деген екен.
«Ай, Жанарыстың, жырымдай суға бола шетте қалдың – ау, есіл ерім - ай», - деп бір
төбеге келіп, жылап тұрған екен.
Асанқайғы Бекарыс тұқымынан, Орта жүз; қайтыс болған жері Ұлытаудың
басы болса керек.
Асанқайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер – суын, қонысын көрем,
бұларға жағдай туғызамын деп, көл – заман өмірін далада өткізіпті.
Берілген сөйлемдерге қажетті тыныс белгілерін қойып жазыңыз
.
Қане, Бораш, бастап жібер. Костя үйрене берсін
деді Шеген, жатқан қалпын өзгертпей.
(Ғ.Мүсірепов)
Егер амантай аман болса, кескіні маған ұқсайды,
мен інісі едім дейін деп ойлады ол.
(С.Мұқанов)
Арттағылар - Байтас пен Жұмабай мына баланың
ауылға асығуын – ай сорлы бала қыстай ішқұса болып
қалғаны – ау деседі.
Сөз мәйегіне құлақ түріңіз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Айтылым
Сұхбатты жалғастырыңыз.
Жоралғы
- Қандай салт – дәстүрлерді білесің?
- Көп қой. Мысалы, бастаңғы, баутағар, шаршы тағу т.б.
- Мен естімеген әдет – ғұрып екен. Халқымның ғажап, орасан бай салт - дәстүрлері
соңғы біршама жыл ішінде біржола құрып кете жаздады ғой.
- Осыларды толықтырып айтып бересің бе?
- Айтайын. Қайсысын білгің келеді?
- «Баутағар» деген не?
- Кездейсоқ қақпанға түскен аңды көріп, аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде бір
затты ұсынуы керек. Бұл – «Баутағар» деп аталады.
- «Баутағар» бермеген адамның малы шығынға ұшырайды деген сенім болған.
Өте жақсы ырым екен. Біреудің затын орынсыз иемденіп кетпе дегенді үғындырады
екен.
- .................................................................................................................................................
- .................................................................................................................................................
- .................................................................................................................................................
- .................................................................................................................................................
Жақсы сөз - жарым ырыс
Сергіту сәті. Ойын ойнайық!
Көрші – көрші
Ойынға қатысушылар жұптасып отырады. Олар көршілер деп аталады.
Ойынды сөзшең, әзілкеш біреу жүргізеді. Ол бір шетінен аралайды да, бір жұптың
қасына тоқтап:
- Көршіңмен татусың ба, аразсың ба? – деп сұрайды. Ол татулығын айтса,
талабын жариялайды.
- Ендеше татулығыңды дәлелде.
Сонда әлгі адам көршісінің қолын алып, бетінен сүйіп, жылы сөздер айтуы керек.
Одан кейін бастаушы тағы біреуден сұрайды. Ол араз екенін айтса, талап қояды.
- Ендеше кіммен тату тұра аласың?
Әлгі ойыншы өзі қалаған адамын атауға тиіс. Енді қалаған адамының көршісінен
сұрайды:
- Көршіңді қалаған адамға бересің бе?
Ол бермейтінін айтса, сұраған ойыншының жаңылтпаштарын қайталайды.
Жаңылтпашты айта алмай қалса, көршіліктен бөлінеді де орындарын ауыстырады. Бірі
мүлтіксіз орындалса, көршіні сұраған ойыншының өзі өнер көрсетеді.
Үй тапсырмасы
1. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп,
олармен сөйлем құраңыз.
Жүректің кілті ........................................................................................................ .
Ақылдың кені ........................................................................................................ .
Білім бұлағы ......................................................................................................... .
Қалың ой ................................................................................................................ .
Суық сөз ................................................................................................................. .
2. Адамның ең жақыны, басын сүйер анық жанашыры кімдер?
- .....................................................................................................................................................
............................................................................................................................................................
............................................................................................................................................................
3. «Халықтық тәлім – тәрбие негізі» эссе жазу.