Қазақ тілі

Download Report

Transcript Қазақ тілі

Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің
планетамыздағы ең ірі жануар - көк кит. Жер бетіндегі
ең ірі, ауыр салмақты жануар – піл. Оның салмағы 9
тоннадай болады. Пілдер бір күнде 140 кг өсімдік жеп,
100-200 л су ішеді.
Зіл – пілден кейінгі ең алып жануар.Оның
салмағы – 3,5 тонна.
Әлемдегі ең биік жануар – керік, оның бойы 5-6
метр. Ең жүйрік аң – гепард. Әлемдегі ең үлкен құс –
африкалық түйеқұс. Ал құстардың ең кішкентайы –
колибр. Оның салмағы -1,5 грамм.
Әлем – мир
Ірі – крупный (-ая,Керік – жираф
Зіл – бегемот
Салмағы - вес
Түйеқұс - страус
Өсімдік - растения
Жүйрік - скакун
Менің отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз
мемлекет. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны
бар. Қазақстан Республикасының Елбасы - Нұрсұлтан
Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана
қаласы.Астана – жас, әдемі қала.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында
4 астана болды. Бірніші астанасы – Орынбор қаласы,
екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші
астанасы – Алматы, төртінші астанасы –Астана
қаласы. 1998 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы
деп аталды.
Тәуелсіз – независимое
мемлекет –государство
ту – флаг
елтаңба – герб
әнұран - гимн
Елбасы - президент
жаңа - новый
жас -молодой
дейін – до, по
Мен Тараз қаласында туылдым. Мен Жамбыл
облысында тұрамын.Біздің облысымыз үлкен.Облыс
орталығы- Тараз қаласы.Тараз-үлкен,әдемі
қала.Қалада көп зауыттар,фабрикалар, фирмалар
жұмыс істейді.
Біздің қалада университеттер,институттар,спорт
кешендері,
мұражай,саябақтар,қонақ үйлер,дәріханалар,
ауруханалар, мектептер бар.Мен қырықыншы
гимназияда,төртінші сыныпта оқимын.Маған менің
қалам ұнайды.
Туылдым-родился
Зауыт- завод
Кешен-комплекс
Мұражай-музей
саябақ-парк
қонақ үй-гостиница
аурухана-больница
ұнайды-нравится
Мен барлық мамандықтарды жақсы көремін.
Мысалы: құрылысшы құрылыста жұмыс істейді. Ол биік
үйлер, мектептер, балабақшалар салады. Наубайшы
наубайханада жұмыс істейді. Ол нан пісіреді. Дәрігер
ауруханада жұмыс істейді. Ол адам емдейді. Аспазшы
асханада жұмыс істейді. Ол дәмді тағамдар
дайындайды. Сатушы дүкенде жұмыс істейді. Ол азық –
түлік сатады. Ал, мен мұғалім болғым келеді. Себебі
менің шешем де, әкем де мұғалім. Олар бала оқытады,
мектепте жұмыс істейді. Біздің отбасымыз – мұғалімдер
отбасы!
Мамандық – професия
Құрылысшы – строитель
Наубайшы – пекарь
Наубайхана – пекарня
продукты,
Аспазшы – повар
дайындайды – готовит
сатушы – продовец
азық – түлік –
продовольствие
Мен төртінші сыныпта оқимын. Бізде әр түрлі сабақтар
болады. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, математика, сурет, ән,
еңбек, дене шынықтыру.
Қазақ тілі сабағында біз жаңа сөздерді үйренеміз, мәтіндерді
аударамыз, түсінік айтамыз.
Орыс тілі сабағында түрлі тапсырмалар жазамыз.
Математика сабағында есеп шығарамыз.
Ән сабағында ән айтамыз, нота үйренеміз.
Сурет сабағына бояу, қарындаш, қылқалам, сурет дәптерін
әкеліп, сурет саламыз.
Еңбек сабағына мата, ине, жіп әкеліп, көйлек тігеміз,
ермексаздан ойыншықтар жасаймыз.
Дене шынықтыру сабағында секіреміз, жүгіреміз, түрлі
жаттығулар жасаймыз. Маған барлық пәндер ұнайды.
әр түрлі – разное
үйрену – учиться
мәтін – текст
аудару – перевести
еңбек – труд
мата – ткань
секіру – прыгать
жүгіру – бегать
жаттығу – упражнение
қылқалам - кисточка
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениеттің тілі.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «Қазақ
тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп
жазылған. Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы
заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде
тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып, үйренуде.
Қазақ тілі – бай тіл.
Мемлекеттік тіл – государственный язык
ана тілі- родной язык
өркендеген – развитый
мәдениеттің тілі – язык культуры
ұлт өкілдері – представители
алғашқы – первоначальный
заң – закон
қабылданды – было принято
бай тіл – богатый язык
Мен ... жылы туылдым. Отбасымыздағы ... ( бірінші
...) боламын. Сондықтан мені бәрі жақсы көреді. ...
жылы мектепке бардым.
Қазақ тілін бірінші сыныптан бастап үйреніп жүрмін.
Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті ... жылы бітіремін.
Бізде аптаның соңғы күні – демалыс. Сабақтан кейін
үйге келіп, алған бағаларымды бірінші анама, содан
кейін әкеме көрсетемін. Біздің отбасымыз үлкен және
тату.
жыл – год
туылдым – родился
үйрену – научиться
қазір – сейчас
бітіру - закончить
апта - неделя
соңғы - последний
баға - оценка
тату - дружный
Сәл демалып,
Тыным ал.
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар!
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Бесіншісі – Жұма,
Алтыншысы – Сенбі,
Жетіншісі – жексенбі.
демалу, тынығу – отдохнуть
тақпақ – стихатворение
тыңдау – слушать
ұғыну – понять
ұл - сын
Менің досым бар. Аты – Дана. Ол төртінші сыныпта
оқиды. Дана өте ақылды, зерек, әдепті, сыпайы қыз.
Дана сабақты жақсы оқиды. Ол сабақтан
кешікпейді, кітаптарын таза ұстайды. Үлкен кісілерге
әр уақытта сәлем береді. Үйде анасына көмектеседі.
Үйді жинайды, ыдыс – аяқ жуады, дүкенге барады.
Кішкентай інілеріне, сіңлілеріне көмектеседі. Біз
сабақты бірге оқимыз. Дана – жақсы дос.
ақылды – умный
опоздывает
зерек – способный
әдепті – воспитанный
сыпайы – вежливый
ыдыс – аяқ - посуда
кешікпейді – не
көмектеседі – помогает
жақсы – хороший
жинайды – убирает
Мен таңертең сағат 7.00 тұрамын, жаттығу
орындаймын, жуынамын, тамақтанамын. Сағат 8.00
сабақ басталып, екіге дейін мектепте боламын.
Мектептен келгеннен кейін түскі тамағымды ішемін.
Сағат үштен төртке дейін таза ауада серуендеймін,
ойнаймын. Сағат төрттен алтыға дейін сабақ оқимын.
Содан кейін анама көмектесемін. Сағат кешкі жетіде
кешкі тамағымды ішемін. Сағат сегізден тоғызға дейін
теледидар көремін. Сағат тоғыздан лнға дейін
сабақтарымды қайталаймын. Содан кейін жуынып, сағат
онда ұйықтаймын.
Сөздік
жаттығу – упражнение
жуынамын – умываюсь
тамақтанамын – кушаю
таза ауа – свежий
воздух
серуендеу – прогуливаться көмектесу – помогать
ұйықтау – спать
Менің отбасым үлкен. Отбасымда 7 адам бар. Олар:
атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындаым және мен.
Атам мен әжем – зейнеткерлер. Атам 65 жаста, әжем
62 жаста.
Әкем дәріге. Ол ауруханада жұмыс істейді. Шешем мұғалім. Ол мектепте жұмыс істейді. Ағам – студент.
Қарындасым кішкентай. Ол балабақшаға барады. Мен
төртінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымыз тату. Мен
отбасымды жақсы көремін.
Отбасы – семья
Қарындас – младшая сестра
Іні – младший брат
сад
Зейнеткер – пенсионер
Дәрігер – врач
Мұғалім – учитель
аурухана – больнмца
балабақша – детский
тату – дружный
Адамның дене – мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ,
тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық жатады. Мұны
адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшесінде бет,
көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, қас, ерін, тіс, тіл
сияқты мүшелер орналасқан.
Адамдар баспен ойланады, көзбен көреді, мұрынмен
дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады,
тілмен сөйлейді, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.
Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті – қолды
сабынмен жуып, тісті тазалап отыру керек.
Дене мүшелері – части тела
Мойын – шея
Тізе – калено
Шынтақ – локоть
Кеуде – грудь
Иық – плечо
қаңқа – скелет
маңдай – лоб
қас – бровь
ойлау – думать
есту – слышать
Бұл менің сыныбым. Ол бірінші қабатта. Сыныпта
үстел, 15 парта, 30 орындық бар. Терезелердің
алдында гүлдер тұр. Қабырғада түрлі суреттер мен
тақта ілулі тұр. Сыныпта шкафтар бар. Шкафтың
ішінде кітаптар, журналдар, көрнекіліктер бар.
Менің сыныбым үлкен, таза әрі жарық
Сынып – класс
Қабырға – стена
Ілулі тұр – висит
Көрнекі –
Таза – чистый
Жарық – светлый
Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: көктем, жаз, күз,
қыс.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары. Қыста қар
жауады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Балалар
коньки, шаңғы тебеді.
Қыс – жылдың ең суық
мезгілі.
Наурыз, сәуір, мамыр – көктем айлары. Көктемде
қар ериді. Ағаштар көгереді. Көктемде күн жылы
болады.
Маусым, шілде, тамыз – жаз айлары. Жазда күн
ыстық болады. Балалар демалады, суға шомылады.
Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары. Күзде күн
салқын болады. Жапырақтар сарғаяды. Балалар
мектепке барады.
Суық – холодный
Салқын – прохладный
купаются
Тебеді – катаются
көгереді – зеленеют
шомылады –
сарғаяды – желтеют
Менің атым – Катя. Маған қазақ тілі сабағы ұнайды.
Біз қазақ тілі сабағында мәтінді оқып, аударамыз,
сұрақтарға жауап береміз. Жаңа сөздерді үйренеміз,
өлеңдерді жаттаймыз, түрлі тапсырмалар жазамыз.
Мұғалім жаңа сабақты жақсы түсіндіреді. Біздің
мақсатымыз – қазақша жақсы сөйлеу, сауатты жаза
білу.
мәтін – текст
аудару – перевести
түрлі – разное
разговаривать
түсіндіру – объяснить
мақсат – цель, задача
сөйлеу –
сауатты – грамотный
Біздің мектепте үлкен кітапхана бар. Ол екінші
қабатта. Онда қызықты кітаптар, журналдар,
газеттер өте көп. Мен кітапханаға жиі барамын.
Маған қызықты ертегілерді оқыған өте ұнайды.
Кітапханашы да өте сабырлы, мейірімді адам.
Кітапханада « кітап – адамның досы » деген мақал
жазылған.
қызықты – интересный
пословица
сабырлы – спокойный
мейірімді – добрый
өте – очень
мақал –
қабат – этаж
онда – там
жиі – часто
Біздің үйдің жанында азақ – түлік дүкені бар. Онда
түрлі тауарлар сатады.
Дүкенде « нан атасы – нан » деген мақал жазылған.
Дүкеннің оң жағында – ет, сүт, айран, май, ал сол
жағында – ұн, қант, күріш, нан сатады. Дүкенде
көкөністер мен жемістер де сатады. Олар: картоп,
сәбіз, қызылша, алма, алмұрт, жүзім.
Дүкенге адамдар көп келеді. Дүкеннің іші үлкен, әрі
таза.
жанында – рядом
азық – түлік – продукты
тауарлар – товары
мақал – пословицы
оң – правый
сол – левый
күріш – рис
таза - чистый