Әдебиет - өмір айнасы.
Download
Report
Transcript Әдебиет - өмір айнасы.
Әдебиет - өмір айнасы.
Ауыз әдебиеті
Қай халықтың болсын ауыз
әдебиеті бар. Қазақ халқы ауыз
әдебиеті шығармаларына бай.
Халық а у ы з ә д е б и е т і –
халықтың ауызша шығарып,
ауызша сақтаған мұрасы.
Олардың авторлары
ұмытылған. Шығарманың
мазмұны халық есінде
шығарылған. Түрлері: тұрмыссалт жырлары, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар,жаңылтпаштар,
ертегілер, аңыз әңгімелер және
т.б
Ежелгі дәуір орта ғасыр
әдебиеті
Ежелгі дәуір мен
о р т а ғ а с ы р әдебиеті
ескерткіштерінен 4-17
ғасырлардағы түркі
халықтарының әдеби мұрасы
ретінде «Күлтегін» жазбаларын,
«Қорқыт ата кітабын»,
«Оғызнама» эпосын, Фараби
мен Йассауи шығармаларын
атауға болады. Мұраларының
мағынасы тым терең, олардың
авторлары әрі ақын, әрі ойшыл
болып танылады.
Жыраулар поэзиясы
14-18 ғасырлардағы жыраулар
поэзиясына Асан Қайғы,
Қазтуған жырау, Ақтамберді
жырау, Бұқар жырау
шығармаларынан әдеби
мұралар көп. Асан – Алтын
Орда ханы билерінің бірі.
Қазтуған – қол бастаған батыр.
Ақтамберді – беделді жырау.
Жыраулардың армандары бір,
ойлары асқар тау болған.
Жыраулар поэзиясы
Әдебиет теориясы
Тақырып пен идея
Өмірден таңдап алынған
құбылысты шығармада
көрсетуді т а қ ы р ы п дейді.
Тақырып пен идея тығыз
байланыста болады.Автор
кейіпкердің өзін, сезімін,
сезімін бағалайды. Ол
жазушының негізгі ойы, ұсынар
сезімі, бағыт берері.
Ол – и д е я делінеді.
Монолог пен диалог
М о н о л о г – бір адамның
ұзақ сөзі.
Д и а л о г – екі не одан да көп
адамдардың алма-кезек
дидарласып отырып сөйлесуі.
Монолог пен диалог арқылы
жазушы шығармадағы
кейіпкердің ақылы, ойы, ұғымы,
білімі, мәдениеті қандай екенін
көрсетеді.
Теңеу туралы
Ақын бір затты екінші бір
затқа, бір құбылысты екінші
бір құбылысқа т е ң е у
арқылы, оларды салыстыра
сөйлеу арқылы оқырманға
өзінің бұрыннан таныс
нәрсесінің, таныс
құбылыстарының тағы бір
қырын тереңірек білуге
жәрдемдеседі.
Әсірелеу туралы
Көркем шығармаларда
батырлар жырында, ертегілерде, ауызекі сөйлеуде
нәрсені әдеттегіден, қалыпты
жағдайынан тым ұлғайтып
суреттеуді
г и п е р б о л а немесе
ә с і р е л е у дейді. Ол
шығарма көркемдігін
арттырып, оқырманға тигізер
әсерін күшейтетін тәсіл.
Кейіптеу туралы
Ақын кейде жансыз табиғат
құбылысын кәдімгі тірі адамға,
жан иесіне ұқсатып,
жандандыра құлпырта
суреттесе ол к е й і п т е у
болады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі
жанды.
Мысал туралы
Шағын көлемді оқиғалы,
адамға сабақ болатын
өсиеті бар шығарманы
мысал дейді. Ол өлеңмен
де, қара сөзбен де беріледі.
Ол еңбексүйгіштік, әділдік,
адалдық, қарапайымдылық
сияқты жақсы қасиеттерді
мадақтайды. Жаман
қасиеттерді мысқылдайды.
Аллегория деп те аталады.
Батырлар жыры
Өткен дәуірде елін, жерін
тәуелді болудан құтқарған,
Отанын шын сүйген адал
ұлдар аз болмаған. Ел намысы
үшін өлімге бас тіккен
батырларды ардақтап халық
болып жырлаған. Олар – жас
ұрпақтың өз Отанын шын
сүйетін патриот болып өсуіне
көмектесетін қымбат мұра.
Ертегілер
Ертегілер – адам баласының
жазу өнері болмаған кезде
ауызша тараған көркем
әңгімесі.
Ол – ауыз әдебиетінің ескі әрі
күні бүгінге дейін өз мәнін
жоймаған түрі.
Қиял ғажайып, тұрмыс-салт,
жануарлар,шыншыл ертегі
болып бөлінеді.
Жұмбақ
Ол барлық туысқан
халықтардың ауыз әдебиетіне
тән ескі мұралардың бірі.
Жұмбақ болатын заттар:адам,
адамның дене мүшелері,
жануарлар мен жәндіктер,
Табиғат жайы, еңбек, еңбек
құралы, техника жаңалықтары,
т.б.
Өлеңнің ұшқырлығы
құрастырушы адамның ойөрісіне, білім дәрежесіне
байланысты.
Метафора
Жұмбақталатын нәрсенің
мағынасы екінші бір заттың
қасиетімен, белгілерімен
ұқсастырылып беріледі.
Мысалы:Ақ сандығым
ашылды,ішінен жібек
шашылды, - дегенде «ақ
сандық» - күн ұғымын
бейнелеген. Мұндай
бейнелеуді метафора дейді.
Мақал-мәтел туралы
Халық даналығының бір түрі –
мақал-мәтел.
Сөйлем құрылысы, ішкі
мазмұны жағынан мақалмәтелдердің ерекшелігі
байқалып тұрады. Мақалмәтелдегі сөздер өзара
үндесіп, үйлесіп келеді. Мұнда
мағына – мәні де терең, аз
сөзбен көп мағынаны, үлкен
ойды жеткізеді.
Өлең туралы
Көркем шығарма сөзбен де,
өлеңмен де жазылады. Өлең
белгілі бір өлшеммен,
ұйқаспен беріледі. Мысалы:
Өлең шумақтан, тармақтан,
бунақтан,жолдан тұрады.
Олардың өзіндік үндесу тәртібі
болады. Дыбыс жағынан
үндесіп, ойды ажарландыра
түседі. Өлеңмен жазылған
шығарманы поэзия дейді.
Тармақ және бунақ
Жа-сым-да\ғы-лым бар деп\ ескер-ме-дім...\Абайдың өлеңінде\
Буын саны мен айтылу ырғағы
біріне-бірі ұқсас 4 өлең
жолынан \тармақтан\ құралған.
Әдетте, тармақ деп аталатын
өлең жолының әрқайсысы
мұнда 11 буыннан
құралғандығын және айтылу
ырғағы жағынан әр тармақтың
үш бунақтан тұрғандығын
байқауға болады.
Өлең шумағы
Өлең буын санына, ұйқас тәртібіне
қарай әр түрлі болуы мүмкін.өлең
жолдары мағынасы жағынан
топталып отырады. Мұны өлеңнің
шумағы деп атайды.
Шумақ өлең жолдарынан –
тармақтарынан – тұрады. Тармақ өз
ішінен бунақтарға бөлініп, олар
өлеңнің ырғағын тудырады.
Тармақтың соңғы сөздерінің
дыбыстық жағынан үндесуін өлең
ұйқасы деп атайды.
Өлеңмен жазылған шығармаларды
поэзия дейді.
Эпитет туралы
Кеңсің дала,Туған ана,
көйлегің кең көк ала.
Жан беретін, тән беретін,
Мейірімді ана сен ғана.
Бұл өлеңде кең даланың әсем
көрінісін анаға тән қасиеттер
арқылы айқындап суреттеп
отыр. Осылай бір заттың, не
құбылыстың айрықша сипатын,
сапасын айқындайтын суретті
сөз э п и т е т деп аталады.
Метафора
Ауыспалы мағыналы
суреттеме сөздердің бірі. Екі
нәрсенің не сыртқы түрінің, не
ішкі қасиеттерінің
жақындығына, ұқсастығына
қарай бірінің орнына бірін
ауыстырып айтуды метафора
дейміз.
Заманның қожасы, жас
шыбық, серіміз, тұрмыстың
тұтқасы – метафоралар.
Сюжет
Бір-бірімен байланысып, ретретімен дамып отыратын
оқиға. Оқиғаның даму реті
болады: оқиғаның басталуы,
дамуы, шиеленісуі,шешілуі.
М.Әуезовтің “Бүркітші”
әңгімесінде – колхоз
жылқыларының жоғалуы –
басы, шиеленісуі – ұрылардың
үстінен шығуы, аяғы – колхоз
малын құтқаруымен
аяқталады.
Портрет туралы
Күнделікті өмірде біз өзіміз кездестірген
адамдардың беті-жүзін, түр-тұрпатын
көріп, сөзін тыңдаймыз, өздерін қалай
ұстайтынын байқаймыз, сол арқылы ол
адамдар жөнінде алғашқы түсінік
аламыз. Біз көркем шығарманы
оқығанда оның кейіпкерлерімен
танысамыз.
Жазушы сол кейіпкерлерді
оқырмандардың ойша көре алатындай
болуына тырысады, ол үшін жазушы
шығарма кейіпкерлерінің пішінін, жүзін,
тұрпатын, киімін, қимыл-қозғалысын
портрет дейді.
Лирика
Лирика - ақынның ішкі сезімін, көңілкүйін, өмірге деген көзқарасын,
дүниетанымын білдіретін өлең. Әбу
Сәрсенбаев:
Уа, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыңа нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың,
– деп,оқушыны туған жерге деген
сезімімен ортақтастырады.
Повесть
Повесть көлеміне қарағанда,
романнан кіші, әңгімеден үлкен
болады. Б.соқпақбаевтың «Менің
атым Қожа»шығармасы көлемі
жағынан да, қамтыған оқиғалары
мен қатынасқан кейіпкерлері
жағынан да Б.Майлиннің
«Түйебайынан» күрделі. Шығармада
Қожа санасының есейіп, жетілуі
бірте-бірте күрделене түседі. Бала
өмірі, оның жаңсақ басқан қадамы
өзін қоршаған ортамен, мектеп
өмірімен, айналасындағы
адамдармен тығыз
байланыстырыла суреттеледі.
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.
Қазіргі қазақ тілі өркендеген
мәдениеттің тілі, ғылым тілі,
публистика, ресми іс қағаздарының
тілі болып, стиль жағынан жанжақты сараланды. Қазіргі қазақ тілі
– сөздік жағынан мейлінше байыған,
грамматикалық құрылысы барынша
дамыған, оралымды тіл.
Қазақстан Республикасының ата
заңы – Конституциясында қазақ тілі
мемлекеттік тіл деп жазылған.
Білім күні
Халық пен халықты, адам мен
адамды теңестіретін – білім.
М. Әуезов.
Кітап маған тақтан да қымбат.
У.Шекспир
Мектепте оқу керек, бірақ мектептен
шыққан соң анағұрлым көп оқу
керек.
Д.И Писарев.
Жақсы кітап оқу ақылды адаммен
сырласқанмен бірдей.
Л.Н.Толстой.
Тәуелсіздік белгілері
Елдің елдігін танытып тұрған
айрықша белгілері – Ту,
Елтаңба және Әнұран.
Мазмұнына өрнегі жарасқан
тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі
желбіресін, күніміз мәңгі
сөнбесін!
Айбынымызды асырып,
рухымызды аспандатар
Елтаңбамыз құтты болсын!
Халық жүрегінің лүпілін тұмар
қып түйген музыкалық сәлемхат
сияқты әнұранымыз жасай
берсін!
Сабақ сапасы
Білімді меңгерту;
Икемділікті Қалыптастыру;
Шығармашылыққа тәрбиелеу.
Керемет теориялық сауатты
мұғалімнің тіл мәдениетінде
кемшілік болса, ол берген білім
оқушының толық игеруін
қамтамасыз ете алмайды.
Ушинский айтпақшы: - Мұғалім
күнделікті оқыса, үйренсе ғана –
мұғалім, оқымаса, үйренбесе, сол
күннен бастап-ақ мұғалімдіктен
қалады.
Білім бағалау сатылары
Оқушы сатысы
Алгоритмдік саты
Эвристикалық саты
Шығармашылық саты
Осы сатылар бойынша
оқушылар өздерінің білімін
бағалайды.
Өздік жұмысы ілгері дами
түседі.
Имандылық қасиеттер
Жүректің қызметіне тән:
•Кішіпейілділік;
•Мейірімділік;
•Қайырымдылық;
•Жомарттық;
•Адалдық:
•Шыншылдық;
•Сенімділік;
•Сауапшылдық;
•Әділдік;
•Ізеттілік;
•Инабаттылық;
Іс-әрекет, қимылға тән:
•Тіл алғыштық;
•Көпшілдік;
•Ептілік;
•Сабырлық;
•Салиқалық;
•Әдептілік;
•Шешендік;
•Қайраттылық;
•Қайсарлық;
•Жауаптылық:;
•Еңбек сүйгіштік;
•Тазалық.
ҰБТ –ге дайындық
бағдарламасы
Ұранымыз:
Оқу сапасын
арттыруға жағдай
жасау.
Бағдарлама міндеттері:
ҰБТ – ге дайындық және өткізу
сәтінде әдістемелік, психологияпедагогикалық, ұйымдастырутехникалық жағдайын жасау.
Мониторинг зерттеулерін,
диагностикалау және бақылау.
Іс-шараларда бағдарламаның
қалыптасуын жүйелеу арқылы
толықтыру жұмыстарын жүргізу;
Әдістемелік-ұйымдастырушылық,
ақпараттық базалар, оқыту
бағдарламасын жинақтау және
жетілдіру, семинарлар жүргізуді
қалыптастыру.
Сынып бұрышы
классный уголок
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Сынып тізімі
Список класса
Хабарландыру
Обьявления
Құттықтаймыз!
Поздравляем!
Кезекшілер кестесі
График дежурных
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Оқушының аты-жөні
Фамилия имя отчество
Күні
день
ДАНЫШПАН
Данышпан
қайда болса,
Ұлылық
сонда!
Білім қайда
болса,
Биіктік сонда!
Где мудрость,
Там и
величие!
Где знания,
Там и высота!
Қойылатын мақсаттар:
Жалпы грамматика саласының
ерекшеліктерін ажырату және
жүйелеу;
Лексика саласына нақыл
сөздер мен мақал-мәтелдер
мағынасын түсіну қабілетін
арттыру;
Ауызекі сөйлеудегі әдебиет
теориясы мен қайраткерлер,
ақын – жазушылардың өмірі
мен шығармашылығына әңгіме
жүргізу.
Күтетін жағдай:
Оқу жылының басында мемлекеттік
тілге жақындығы және жаңа
бағдарлама жүйесіне енуін анықтау;
ҰБТ-ге қойылған көңілдің
маңыздылығы мен жалпы білімге
әсерлілігін толықтыру;
Оқу бағдарламасының сапалы түрде
жақсаруы мен оқыту технологиясы
мен оқулықтың көмегімен жалпы
оқу барысын анықтау;
Оқыту үрдісінде оқушылар мен
мұғалімдердің жақсы нәтижеге шығу
мотивациясының өрістеуі.