Көшіріп алу

Download Report

Transcript Көшіріп алу


Халықты халықпен, адамды
адаммен теңестіретін білім.
М.Әуезов
Қазақ тілі сабағында
«Сатылай кешенді талдау»
технологиясының
тиімділігі
,
.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметін
жолға қоюға тиістіміз
Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар негізінде
жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқытудың жаңа
технологиясын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық,
ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу...
Н.Ә.Назарбаев
Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту
мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік
ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми
негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп,
оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана
білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай
кешенді талдау оқушыларға әр пәннің ғылыми
мазмұны мен жүйесін, құрылымын терең
меңгерте отырып, сөйлеу тілінің байлығын және
әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу,
сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.
Сатылай кешенді талдау технологиясының басты
қағидаларының бірі – жоғары қиындықта
оқыту.
“Сатылай кешенді талдау”
технологиясының мақсаты:
Қазақ тілінде ойын еркін жеткізе
алатын, өз ана тілінде толық орындата
алатын, қазақтың тарихы мен
мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді
ұлттық тұлға қалыптастыру.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ
ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
 Пәндік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып
ғылыми негізде меңгерту.
Сатылай кешенді талдау арқылы әр пәннің теориялық материалдарын
тілдік қатынас теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім)
арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде
қолдана білуге машықтандыру.
Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға
ықпал ету.
Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі
пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық , ұлттық
ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне
құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.
Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де
шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана
тілін, тарихын, ділін, ұлттық құндылықтарын жете меңгеріп, басқаларға
таныта, бағалай білуге баулу.
Бірінші деңгей 
Тілдік бірліктерді толық жазылым
бойынша сатылай кешенді талдау.
Екінші деңгей 
Тілдік бірліктерді қысқаша жазылым
бойынша талдап, айтылым бойынша
толық ауызша сатылай кешенді
талдау.
Үшінші деңгей
Тілдік бірліктерді жазылым бойынша
ықшамдау принципімен өрнектеу,
айтылым бойынша ауызша толық
сатылай кешенді талдау.
Бесінші деңгей 
Диалог арқылы талдау.
Алтыншы деңгей 
Жат жазу.
Жетінші деңгей 
Уақытқа талдау:
а) Өте жылдам – 3 минутта
ә) Жылдам – 5 минутта
б) Баяу – 7минутта.
Сегізінші деңгей 
Компьютерлік талдау.
Төртінші деңгей 
Тілдік бірліктерді жазылым бойынша
символдар арқылы өрнектеу, айтылым Тоғызыншы деңгей 
бойынша ауызша толық талдау.
Ашық тест.
Оныншы деңгей 
Шығармашылық жұмыс..






Бірінші деңгейде оқушы:
Сауатты жазып, оқып, айтуға дағдыланады;
Тіл білімінің әр саласынан өтілген
материалдарды жүйелі түрде түсініп, ғылыми
тілде баяндауға машықтанады;
Сөйлеу мәнері белгілі жүйеге түсіп, әуезді
сөйлеуге үйренеді;
Өзі талдап тұрған сөздің құрамын, құрылысын,
буынын, дыбыстардың өзіндік ерекшелігін дұрыс
ажыратып, жолдастарына, мұғалімге нанымды
түрде жеткізуге бейімделеді;
Тыңдаушы оқушылар да назар қойып,
жолдасының жауабын мұқият тыңдауға
дағдыланады.
Қазақ
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан
буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты
дыбыстар жуан дауыстылар.
2. Бұл сөз: қа – зақ болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің
құрамында екі дауысты дыбыс бар. Қа- буыны ашық буын.
Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз
дыбысқа аяқталып тұр; зақ- буыны бітеу буын. Себебі буын
дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып
тұр.
Қа –
зақ
а.б. (Δ ); б.б.( Δ Δ)
3. Бұл сөз: Қа- болып бір жағдайда тасымалданады. Себебі
зақ сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне
сәйкес тасымалданған.
4. Бұл сөзде екпін зақ буынындағы а дауысты дыбысына түсіп
тұр.
х /
Қазақ
5. Түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі жоқ. Себебі
түбір сөз.
6. Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ. Себебі түбір сөз.
Бабалар
1. Бұл сөз: екі құрамнан тұр. Баба+лар
2. Тұлғасына қарай – баба - негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай
бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай - дара, себебі, бір ғана негізгі түбірден тұрады.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы -табиғаттың бір бөлшегі, тіршілік иесі.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы лексикалық мағынаның жалпылануынан
жасалған жалпы грамматикалық мағына - зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы -(-лар) көптік жалғауы арқылы берілген
категориялық грамматикалық мағына - көптік мағына.
7. Бабалар кімдер? деген сұраққа жауап береді.Ендеше, бұл - зат есім. Зат есім
дегеніміз - Кім? Не? Кімдер? Нелер? т.б.сұрақтарға жауап беріп заттың, нәрсенің,
құбылыстың тағы басқалардың атауын білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарай
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі заттардың жалпылай аталуы.
ә) Жанды. Себебі, тіршілік иесі.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлық тіршілік иесі.
в) Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.
“Телефон” ойыны. Бұл ойын мұғалімдердің сабақтарында баяндалған. Ол
туралы кейінгі тарауларда сөз болады. “Телефонмен сөйлесу” ойыны арқылы
оқушыларды сөз мәдениетіне баулу, іскерлік қатынас орнатудың
алғышарттары жүзеге асады.
 “Арқан тартыспақ”, “Орамал тастамақ” ойындары – ұлттық ойындар.
Сондықтан бұл ойындар ойналу сәтінде домбырадан әдемі әрі жылдам,
ойнақы орындалатын бір күй ойналып жатады. Бұл ойындарды бастауыш
және орта сынып оқушыларымен жиі өткізіп тұруға болады. “Арқан тарту”
ойыны арқылы халқымыздың “Білекті бірді, білімді мыңды жығады” деген
терең философиялық мәні бар мақалының сырын аңғартуға, оқушылардың
білімге деген құштарлығын арттыруға болады. Мұнда алты-алтыдан екі топ
оқушы шығып, екі түрлі сөз алып, талдаудың белгілі бір түрі бойынша
бірінші сатыдан бастап, екі топ кезек-кезек талдауды баяндайды. Қай топ
талдау барысында қате жіберіп алса, сол оқушы ойыннан шығып отырады.
Нәтижесінде қай топтың баласының саны азайып қалса, сол топ жеңілген
болып есептеледі. Ал “Орамал тастамақ” ойынында бірнеше бала ортаға
шеңбер жасап отырады. Орамалдың ұшына жеке-жеке сөздер байланып,
тапсырмалары көрсетіледі де, күйдің ырғағымен орамал шеңбер бойымен
балалардың қолына бірінен соң біріне өтіп отырады. Музыка тоқтаған сәтте
қолында орамал қалған оқушы орамалдағы байланған тапсырманы ауызша
орындайды. Егер талдауды дұрыс жүргізе алмаса, ойыннан шығып қалады.
 “Жалғастыр”, “Кім тапқыр?”. “Жалғастыр” ойынында бірнеше бала
ойнайды. Талдаудың бірінші сатысын бір бала айтады, екінші бала келесі
сатыны жалғастырып кетуге дайын болу керек. Егер бірден жалғастырып кете
алмаса ойыннан шығарылады. Ал “Кім тапқыр?” ойынында фонетикалық
талдауды былайша ойнатуға болады. Бұл ойынға да бірнеше бала
қатыстырылады.

САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ:










Оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі.
Табиғилығы.
Дағдыға басым бағыт беруі.
Оқушыларға берілетін білімнің саралануы.
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі.
Оқу үрдісінде пәнаралық байланыстың мақсатты
енгізілуі.
Барлық оқушыны табысты оқыту.
Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне
ықпал ету.
Шығармашылық қабілетін дамыту.
Ғылыми ізденіске жетелеу.
“Сатылай кешенді талдау” технологиясымен жұмыс
жүргізу төмендегідей он түрлі проблеманы шешуге
мүмкіндік береді:
1.
2.
3.
4.
5.
“Сатылай кешенді талдау” технологиясы мұғалім мен
оқушының арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға,
олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал
етеді.
“Сатылай кешенді талдау” технологиясын енгізу арқылы
барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызылады,
әр баланың даму жолында жұмыс жүргізіледі.
“Сатылай кешенді талдау” технологиясы басқа
технологиялармен жақсы үйлесім табады.
Жоғары қиындықта оқыту – “Сатылай кешенді талдау”
технологиясының басты қағидаларының бірі. Соған
байланысты бұл технология мемлекеттік білім
стандартының толық меңгерілуіне кепілдік береді.
Оқыту тиімділігін арттыруда “Сатылай кешенді талдау”
технологиясынының мүмкіндігі мол, өйткені бұл
технологияның әдістері, тәсілдері, құралдары, оқыту
ұйымдастыру формалары өте тиімді.
6. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – баланың білімді өз
бетімен ізденуі арқылы меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады.
7. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық қабілетін,
логикалық ойлауын арттыруда “Сатылай кешенді талдау”
технологиясының рөлі зор.
8. Баланың талап-тілегін, сұраныстары мен қажеттіліктерін
қанағаттандыруда, көптілділік, “Тілдердің үштұғырлылығы”
проблемаларын шешуде “Сатылай кешенді талдау”
технологиясының мүмкіндіктері мол.
9. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – мұғалімнің
шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы. Осы технологияны
қолдану, іс-тәжірибеге енгізу арқылы мұғалім шығармашылық
ізденіске қол жеткізеді.
10. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы баланың ізденушілік,
зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Олардың
арасында зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылар саны
артады.
ОСКТТ-НЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ПӘН БОЙЫНША ЖҮЙЕЛЕНУІ
ана тілі, математика.
 2-сынып: қазақ тілі, ана тілі,
математика, дүниетану.
 3-сынып: қазақ тілі, ана тілі,
математика, дүниетану, орыс тілі.
 4-сынып: қазақ тілі, ана тілі,
математика, орыс тілі, ағылшын тілі,
дүниетану
 1-сынып:
Нұрша Алжанбайқызы
Оразахынова – Абай
атындағы ҚҰПУ-ті қазақ тілі
теориясы және әдістемесі
кафедрасының профессоры,
педагогика ғылымдарының
докторы, ҚР Ғылым
академиясының Вицепрезиденті, “Сатылай кешенді
талдау” технологиясының
авторы
...“Тілдердің үш тұғырлығы”мәдени
жобасын іске асыру қажет. Бүкіл
қоғамымызды топтастырып отырған
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін
оқыту сапасын арттыру қажеттігіне
ерекше назар аудару басты мұрат...
Н.Ә.Назарбаев