ші бөлім Конституция

Download Report

Transcript ші бөлім Конституция

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ЗАҢЫ
Дайындаған: ӘГП кафедрасының
аға оқытушысы
Р.М. Сәдуақасова
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан
халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді.
Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды
оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды.
Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына
туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып
танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді (12 б. 2 т.).
1995 ж. ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипатын
білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша
топтастырылған 98 баптан тұрады:
7-бөлім. «Соттар және
әділсот» сот жүйесіне
арналған, Конституциялық
Кеңеске нормативтікқұқықтық актіні
конституциялық емес деп тану
үшін жүгіну мүмкіндігін
бекітеді. Бұл бөлімде
Конституция анықтау мен
алдын ала тергеуді сот пен
прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару» 85-бапқа сәйкес жергілікті мемлекеттік
басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар
жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкес Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару
мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін
қамтамасыз ету.
Нұрмұхамбет Қанапияұлы
Әбдібеков (21 желтоқсан 1961,
Қостанай облысы, Арқалық,
Қазақ ССР) – қазақстандық
мемлекеттік және саяси
қайраткер, Қарағанды
облысының әкімі, техника
ғылымдарының кандидаты.
2014 жылдың 20 маусымынан
Қарағанды облысының 9-шы
әкімі.
Әубәкіров Нұрлан
Ерікбайұлы - Қарағанды
қаласының әкімі. 1975
жылы 29 желтоқсанда
Қарағанды қаласында
туған. Қарағанды
мемлекеттік университеті,
Д.А. Қонаев атындағы
гуманитарлық
университетін бітірген.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы
қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген
конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін
жүзеге асырады.
Н.Ә. Назарбаев: «…кез келген елдегі конституциялық үдеріс
Конституцияны
қабылдаумен
тоқтамайды,
әлеуметтікэкономикалық және саяси үдерістерді заңгерлік көмкеру қоғамда
болып жатқан динамикаға сәйкес болып қана қоймай, сонымен
бірге одан озып кетуге тиіс» деп атап көрсетті [1, 88 б.].
Осыған
байланысты
1998
және
2007
жылдарда
Конституцияға Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін қайта
бөлген елеулі өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2011 жылы да
енгізілді, бұл өзгерістермен президентке президент сайлауларын
мерзімінен бұрын өткізу құқығы берілді. Қазақстандық қоғамды
демократияландыруды дамыту белгілерінің бірі ел Президентінің
бастамасымен туындаған селолық деңгейдегі әкімдерді сайлау
идеясы болып табылады және тәуелсіз Қазақстан тарихында
жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы алғашқы рет
2013 жылғы 5-9 тамызда табысты өткізілді [4].
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. - Алматы: Онер, 1996. 285 с.
2. Назарбаев Н.А. День_Конституции_Республики Казахстан.
http: //ru.wikipedia.
3. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г. с
изменениями и дополнениями от 21 мая 2007 г. - Алматы: Жеті
Жарғы, - 2007.