Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Download Report

Transcript Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН
ЖҮРГІЗУДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛАТЫН
ҚАҒИДАТТАР
• Мақсаты:
семинарға қатысушыларға іс жүргізуде
басшылыққа
алатын
құжаттармен
таныстыра отырып, мемлекеттік тілде
дайындалатын құжаттарда кездесетін
әртүрлі атаулардың, сөз тіркестерінің,
терминдер
мен
сөздердің
жазылуы
жөнінде түсіндіру
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРЫЛЫМДА ІС ЖҮРГІЗУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДА БАСШЫЛЫҚҚА
АЛАТЫН ҚҰЖАТТАР:
• 1997 ж. 11.07. №151-1 « Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы » Заң.
•
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011ж. 29.06. № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы».
•
Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі комитетінің 2001ж. 22.10. № 376 бұйрығымен бекітілген «
Ұйымдастырушылық - өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар. ҚР СТ
1042-2001».
•
Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі комитетінің 2001ж. 14.05. № 140 бұйрығымен бекітілген « Іс жүргізу мұрағат
ісі. ҚР СТ 1037-2001».
•
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж. 16.03. № 573 «Қазақстан республикасы ұлттық
ақпараттық инфоқұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы»
жарлығы.
•
Қазақстан Республикасы 2003ж 07.01.№370-2 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық
қолтаңба туралы » заңы.
•
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004ж. 17.04. №430 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарындағы электрондық құжат айналымының ережесі » Қаулысы.
•
Қазақстан Республикасы Білім және Министрлігінің 2006ж. 28.12 №666 «Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрлігінің іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезеңмен көшіру жөніндегі 2007
жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығы.
•
Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу туралы журналы.
НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР АТАУЛАРЫНЫҢ
ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН БІРІНШІ СӨЗ БЕН ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР БАС
ӘРІППЕН ЖАЗЫЛАДЫ
• Мысалы:
Қазақстан Республикасының Жер және Су
кодекстері;
«Мемлекеттік функциялар мен бюджетаралық
қатынастарды орталықсыздандыру мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы.
ӨКІМ, ҚАУЛЫ, ЗАҢНАМА, ХАТТАМА, БҰЙРЫҚ, ШЕШІМ
СӨЗДЕРІ КІШІ ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛАДЫ
• Мысалы:
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкімі;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамалары;
Институт ректорының шешімі.
АДАМДАРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ ҚЫСҚАРТЫЛЫП, БАС ӘРІППЕН
БЕЛГІЛЕНГЕНДЕ, ӘРБІР ӘРІПТЕН КЕЙІН НҮКТЕ ҚОЙЫЛАДЫ,
«ҰЛЫ», «ҚЫЗЫ» СӨЗІ БІРГЕ ЖАЗЫЛАДЫ
• Мысалы:
М.О.Әуезов, А.Қ. Құсайынов, М.М. Сәкенов
Абай Құнанбайұлы, Шона Смаханұлы
Сара Тастанбекқызы, Марал Асқарқызы
Кісі аттарының алдынан не соңынан келетін сын
есімдер:
Ер Төстік, Ақсақ Темір, Қанжығалы Бөгенбай
Ақан сері, Баян сұлу, Біржан сал
ДАТАЛАРДЫ ЖАЗУ ҮЛГІСІ
• Ресми-іскерлік мәтінде жыл және жылдар
сөздері қысқартылмай, толық жазылады:
ҚР Президентінің Польшаға сапары 2013 жылғы 2326 мамырда өтті.
Үкіметтің 2010-2015 жылдарға арналған
стратегиялық бағдарламасы
• Айды, жылды көрсететін цифр мен ай атын
білдіретін сөз және жылы жеген сөздердің
арасына дефис қойылмайды:
8 наурыз, 2014 жыл, 19 сәуір, 1986 жыл
ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ
• Соңғы буынында (не бір буынды сөзде) и
дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ
тілі қосымшалары жіңішке жалғанады:
кассир-ге, магнит-тік, кальций-дің, Горький-ге;
 Кірме сөздердің ішінде ст, сть, зд, кст, вт, сс, лл,
мм, тт, пп дыбыстарына аяқталып, қосымша
жалғанғанда ең соңғы дауыссыздар түсіріліп
айтылады және солай жазылады:
Коммунист-ке * коммуниске, съезд-ге* съезге,
съезі, терапевт-ке * терапевке, экономист- ке*
экономиске, экономисі, грамм-ы * грамы
ФАМИЛИЯ ЖАСАЙТЫН –ЕВ(-ЕВА), -ОВ(-ОВА), -ИН(-ИНА)
ҚОСЫМШАЛАРЫ БУЫН ҮНДЕСТІГІНЕ БАҒЫНБАЙДЫ
• -ов,-ев жұрнақтары арқылы жасалған
фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай
жалғанады:
Аймановқа, Тәжібаевқа, Саринға, Сайлаубековке
Жүнісовке, Әйтиевке, Байкежеевке, Сәлімовке
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
• Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып
қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол
әріптердің ара-арасына ешқандай тыныс белгісі
қойылмайды:
• БҰҰ, АТӘ, АҚШ, ҒА, АМДБЖИ, ЖШС, МКК т.б.
• Қысқарған сөздер тасымалданбайды. Адамның
аты-жөні (аты, әкесінің аты) қысқартылып, бас
әріппен берілгенде, әр әріптен кейін нүкте
қойылады және қысқарған сөздер тегінен
ажыратылмай бір жолда жазылады:
• Ж.Ә.Әлиева, С.К.Төлегенов, Қ.Ж.Асанов және т.б.
ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
• АМДБЖИ Ғылыми кеңесінің шешімінің
қорытындысы емес, АМДБЖИ Ғылыми кеңесі
шешімінің қорытындысы;
• 1- Қосымша емес, 1-қосымша;
• Комиссия төрағасы емес, комиссия төрайымы
Г.Ж.Қапанова;