(көшіріп алу).

Download Report

Transcript (көшіріп алу).

№2 Төлеби балалар үйі
«Жас Қанат»
тобының тәрбиешісі
Қасымова Күлшат
Машрапханқызы
Ашық тәрбие сағаты
1. Балалардың қоршаған орта жайлы
танымдық әрекеттерін шыңдау.
2. Табиғаттағы сұлулықты көре білуге,
қоршаған ортаны, табиғатты аялай білуге
үйрету.
3. Экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
4. Сөз қорын кеңейту, жаңа сөздерді үйрету.
Табиғат - бүкіл тіршілік
атауының алтын ұясы және аялы
бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Әр қайсымыздың
табиғатқа деген алғысымыз
шексіз, сондықтан да шаттық
шеңберінде Жер - анаға деген
ізгі тілегімізді білдірейік.
 климаттың өзгеруі
 су ресурстарының
тапшылығы
 жарамсыз жерлердің көбеюі
 жер ресурстарының тозуы
 өндірістік қалдықтармен
ластану
 улы заттардың шығарылуы.
Күн
ана
Ауа
Бүкіл әлемдік
тіршіліктің
төрт құдіретті
негізі бар
Жер
ана
Су
Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретті
негізі бар.
Олар: күн ана, жер ана, ауа мен су.
Адамзат күнделікті тіршілігінде осы
төрт құдіретке сүйенеді.
Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса,
тіршілік тоқтайды..
Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай
ардақтайды.
Күн – барлық тіршіліктің құдіретті
тірегі.
Оның нұры – сәулесі, құдіретті күшті –
от.
Өмірге ең қымбат, ең қажетті
болғандықтан, халық судың шығып
жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді.
«Судың да сұрауы бар» деп суды
ысырап жасамау керектігін өз
ұрпақтарына ескертіп отырады.
Жан дүниенің өмір ырғағын
жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе
– ауа.
Табиғаттан нәр алған ғой
жанымыз,
Жер бетінің ажары ол –
сәніміз.
Туған өлке табиғатын
аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін
бәріміз.
1-оқушы: Табиғаттың тарылтпайық
тынысын!
2-оқушы: Өз мектебіміздің, ауламыздың
көшеміздің тазалығын сақтап
көгалдандырайық.
3-оқушы: Бұлақ көрсең, көзін аш!
4-оқушы: Бір тал кессең, он тал ек.
5-оқушы: Судың да сұрауы бар екенін
ұмытпа.
6-оқушы: Атаңнан мал қалғанша, тал
қалсын.
7-оқушы: Бабалар еккен шынарды
саялайық.
1. Жері байдың-елі бай.
2. Бұлақ көрсең көзін аш.
3. Бір тал кессең,он тал ек.
4. Өзен бар жерде өмір бар.
5. Баптағанға жер жомарт.
1. Ағаш түрі
2. Аң патшасы
3. Таудан
ағатын
4. Бізді
қоршаған
орта.
5. Кішкентай
құс.
6. Жеміс түрі.
7. Жер
бетіндегі
қатты зат.
«Табиғат» сөз жұмбағын шешу
Т
А
Б
И
Ғ
А
т
«Табиғатпен тілдесейік»
тақырыбында табиғат
суретіне қарап, тілдесу,
әңгімелеу.
Табиғат бейнесін көргенде
жүрегімізде қандай сезім
ұялайды?
1. Тасқа шығады, бірақ тамыры жоқ.
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
3. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
4. Топырақтан нәр алып,
Тамырлары таралып.
Өсіп шықты еккенім,
Көріктенді мекенім.
5. Ағаштардың көркемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады.
6. Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Адамдар қорғап сақтаған,
Бұл қандай құс айтшы маған?
7. Әдемі түнде, мен жүрсем, жүреді бірге.
8. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
9. Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат,
сезіміне сұлулық пен
сағыныш ұялатады. Адам бойына
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын
мол тәрбие. Табиғаттың сан қыры мол,
сұлулығымен көз тартатын ерекшелігі арқылы
әр адамның жүрегінен орын алатыны да анық.
Ассоциациялық сұраққа, сіздердің
жауаптарыңыз арқылы әдемі табиғаттың
макетін жасаймыз.
Экология – мекен еткен табиғи орта
туралы ұғым. Адам баласы ерте кезден
өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің
айналасына тал егіп, ауланың, көшесінің
тазалығына көңіл бөлген. Адамдар
әрқашанда табиғатқа бағынышты болып,
оның ресурстарын өз қажетіне жұмсаған.
Сондықтан қоршаған ортаны қорғау –
міндетіміз. Табиғат таза болса, біздің
денсаулығымыз зор болады.