Transcript ***** 1

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БІЛІМ ОРДАСЫ
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы
СЛАЙД-ЛЕКЦИЯ
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтардың ерекшелігі»
Пәні: Қазақ тілі
Барлық мамандықтың студенттеріне арналған
Авторы:
Оқытушы Қ.Қ. Нұржанова
Қарағанды 2012
СЛАЙД-ЛЕКЦИЯНЫҢ
ЖОСПАРЫ:
1. Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы;
2. Ұлттық ойындардың пайдасы;
3. «Алтыбақан» ойыны;
4. Асық» ойыны;
5. Бесікке салу дәстүрі;
6. Тұсау кесе салты;
7. Қыран құстың аң аулауы;
8. Бапталған ешкі сүті – аллегрияға қарсы ем;
9. Қазақ тазысы жойылып барады;
10. Жетіген – қазақтың ұлттық аспабы.
1 ТЕКЕМЕТ – ОЮ-ӨРНЕК БАСЫЛҒАН КІЛЕМНІҢ ТҮРІ
Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне
түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы. Текеметтің
туу тарихы мен оны жасау технологиясы қазақтың ерте
дәуірдегі (біздің заманымыздан бұрын 6 – 5 ғасырлар) өміртұрмысынан тамыр тартады.
2 ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ
Ойын – баланың білім-білік
дағдысын
қалыптастыратын
тәрбие құралы.
Ойын – баланың ойлау
қабілетін арттыратын іс-әрекет.
Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық
ойындар. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан
балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары
өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан
денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да
епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын
отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің
қайнар көзі болып табылады.
3 « АЛТЫБАҚАН» ОЙЫНЫ
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды
сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш
сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа
кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан
кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды.
Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол –
ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.
4 «АСЫҚ » ОЙЫНЫ
«Асық»
ойыны
балалардың ежелгі спорттық
ойыны.
Тақыр
алаңға
көлденеңінен
түзу
сызық
сызады да, соны бойлай
тігілген кенейді кезектесіп
сақамен ату арқылы мергендік
сынасады.
ҚҰМАР. Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың жақсы
жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек.
Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап
алады да, кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт
бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда
тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса
береді.
5 БЕСІККЕ САЛУ ДӘСТҮРІ
Нәрестені бесікке бөлеуге
міндеттелген әже бесіктің
түрлі
қажетті
нәрселерін
түгендеп, ыңғайлаған соң,
ырым ғана емес, жаңа
орынның
тазалығы
үшін
аршаның бүрін жағып, соның
отымен бесікті аластайды.
Алас, алас, от алас,
Ақ бесікке сәуле шаш!
Жайлы болсын төсегі,
Пәле-жала аулақ қаш!
Жөргек жаяр бесікке
Бұрыңғының жолы бұл.
Сені сылап,сипаймын
Хауа ананың қолы бұл
Мамықтай боп бесігің,
Арта берсін несібің!...
6 ТҰСАУ КЕСЕР САЛТЫ
Тұсауың кесілді – құлама,
Тізеңді жаралап, жылама.
Қанеки өзіңді сына да!
Секірсең, құздардан сүрінбе,
Шың-құзға шыққанша бүгілме,
Болаттай қабырғаң қатайсын,
От ұшқын ойнасын түріңде.
Ұзақ боп иншалла, өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Тұсау кесу – қазақтың өмір
сапарының сәтті болуы үшін
ақ ниетпен жасаған ырымы,
Құдайға деген құлшынысы,
«Баталы ел – арымас, батасыз
құл
жарымас»
деп
аталарымыз айтқандай, ақ
батаның реті осыдан кейін
келетін сияқты. (Бата берудің
бір үлгісі)
7 ҚЫРАН ҚҰСТЫҢ АҢ АУЛАУЫ
Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында Орта Азиядағы
жойылып бара жатқан жабайы құстарды өсірудің жалғыз ғана
кешені орналасқан. Бұл жерде сұңқар, бүркіт, қыран құстарын
өсіріп аң аулауға үйретеді. Бұрынғы заманнан бастап сұңқар
қазақ халқының аң аулау құсы ретінде қолданылған. Жыртқыш
құстың қанаты қалықтаған кезде 2м-ге дейін жетеді. Өсіру
кешенінде сонымен қатар қазақтың атақты аңшы итін Тазыны
көруге болады.
8 БАПТАЛҒАН ЕШКІ СҮТІ – АЛЛЕГРИЯҒА ҚАРСЫ ЕМ
Ешкі сүті – диеталық азық, тез қортылады. Ол ана сүтіне
ұқсас келеді. Бірақ кемшіліктері де бар. Мысалы, ешкі сүтінде
дәрумендер мен темір аз болады, есесіне минералдар мен
майға бай келеді. Қазіргі уақытта бапталған ешкінің сүтін
дәрігерлер аллегрияға қарсы емге қолдануға болады деген.
9 ҚАЗАҚ ТАЗЫСЫ ЖОЙЫЛЫП БАРАДЫ
Этнограф әрі жазушы Нұржан Мұратәлі: - Қазақтың
тазысы өзінің тектілігімен, өзінің тазалығымен, өзінің
ақылдылығымен ерекшеленген. Табиғатынан негізі тазы иті
өте ұяң жүнді, суыққа, ыстыққа шыдамайды. Бұл итті бұрын
султандар мен серілер өз үйлерінде бағып өсірген. Тазы иті
өзінің орнында, тыныш жата беретін болған,ұры болмаған,
бұл итке арнайы тамақ әзірлейтін. Бұл ит сонымен қатар,
жаман пиғылмен келген адамды үйден қуып шығатын,
осылай тазы иті иесін, оның от басын қорғап жүрген.
10 ЖЕТІГЕН – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ АСПАБЫ
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі
аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің
ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар
пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы
асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек
сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар
және өз тілдік атауларымен аталады.
ТАҚЫРЫПТАРДЫ БЕКІТУ БОЙЫНША
ТАПСЫРМАЛАР
1. Берілген суреттер бойынша тақырып беріп, әңгіме
құрастырыңыз.
2. Қазақ халқының ұлттық қол өнері жайлы қысқаша
әңгіме жазыңыз.
3. Қандай ұлттық ойындардың түрін білесіз? Бір түрін
баяндап беріңіз.
4. Қазақтың салт-дәстүрлерінің біріне әңгіме құраңыз.
5. Төрт түлік малдың пайдасы, маңыздылығы жайлы өз
ойыңызды жасыңыз.
6. «Ит жеті қазынаның бірі» деген тақырыпқа әңгіме
құрастырыңыз.
7. «Қазақтың ұлттық аспаптары» тақырыбына сұхбат
құрастырыңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Текеметтің туу тарихы мен оны жасау технологиясы
қай ғасырлардан белгілі?
2. Асық ойынының қандай атауларын білесіз? Құмар
ойыны қалай ойналады?
3. Тұсау кесер дәстүрінде ала жіпті не үшін қолданады?
4.Қыран құстардың қандай түрлерін білесіз?
5. Аң аулайтын иттердің қандай түрін білесіз?
6. Ұлттық аспаптардың қайсызын білесіз? Ұлттық
аспаптар қалай бөлінеді?
7. Бесікке салу дәстүрі туралы не білесіз?
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Асылбеков А. Суретші: Өткенов Д., Бесік жыры,
Алматы, “Жалын”, 1989 ж.
2. Сөз лйын 1.0. қазақ тілін ойын түрінде оқыту. ЖШС
“BIMASH”, 2006 ж.
3.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, ТОО
“Алматы кітап”, 2005 ж.
4. Қазақ тілі. Мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу
құралы. Тілашар І қарапайым деңгей. Қарағанды 2009 ж.
Назарларыңызға рақмет!