“Тәуелсіздік елімнің еркін жолы”

Download Report

Transcript “Тәуелсіздік елімнің еркін жолы”

Желтоқсан
оқиғасы
• 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда
жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу
Республиканың басқа қалаларына таралды.
Шеру бейбіт және саяси сипатта
болды.Жастар шеруі құқық бұзушылық,
ұлтшылдық сипаттан аулақ
болды.Наразылықтың басты қозғаушы күші
студенттер, жастар болды.Шеруді тақату
мақсатында республика басшылары Алматы
Горнизоны, басқа да әскери күштер
көмегімен жастар жиналған Брежнев
алаңын қоршады.
Республика алаңы
Алаңда жиналған халық пен милиция және
әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге
қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып
жазалаушыларға қарсылық көрсетті.Олар
жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін
алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш
машиналарды өртеп жіберді.
Қақтығысудың барысында Е.Сыпатаев және С.
Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған
байланысты үкімет органдары алаңға
шығушыларға қарсы күш қолдана
бастады.Алматыға басқа жерлерден әскери
бөлімдер әкелінді.
ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ
Қайрат
Рысқұлбеков
Ербол
Спатаев
Ләззат
Асанова
Сабира
Мұхамеджанова
•
1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында
малшы отбасында дүниеге келген.
1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би
ауылындағы мектеп-интернатта 8жылдық білім алған. 1981-83
жылдары Бірліктегі Киров атындағы
орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери
қатарға, алынған. Мектепте белсенді
комсомол мүшелерінің бірі болған.
1986 жылы жодамамен Алматы
сәулет- құрылыс институтына түседі.
1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт
шеруге қатысады.1987 жылы 28
сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес
Президиумының жарлығымен
Қайратқа кесілген өлім жазасы 20
жыл бас бостандығын айырумен
ауыстырылады.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен бері 22 жыл
өтсе де ананың жүрегінде күдік басым: 16 жасында
қыршын кеткен Ләззат «өзін-өзі өлтірді» дегенге
Алтынай Асанова әлі күнге дейін сенбейді.
Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы
Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында
дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта
мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский
атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға
түседі. Оның анасы Алтынай Асанованың
айтуынша, 16 жастағы Ләззат 1986 жылы
училищенің екінші курсында оқып жатқан еді. Ал
желтоқсанның 25-і күні тұңғышының өлімі туралы
суық хабар Айдарлы ауылына жеткен. Азалы күнді
ана қинала еске алады:
- Түскі кез болатын. Есіктің алды «қызыл жағалы»
адамдарға толып кетті. Қолдарында екі қағаз бар:
бірінде «қыздарыңыз нашар» делінген; екіншісінде
«қыздарыңыз қайтыс болды» деп жазылған.
Ләззаттың анасы Алтынай Асанова
Алматыдағы Республика алаңында қызының
рухына тағзым етуде. 17 желтоқсан 2007 жыл
1990 жылы 17 желтоқсанда Республика
алаңында Желтоқсан оқиғасын есте
сақтау мақсатында ескерткіш тақта
қойылды.
• Қазақстан халқы өзінің Президентін
қашан сайлады?
• Қазақстан Республикасы өз
Тәуелсіздігін қашан алды?
• Астана Қазақстанның нешінші
астанасы?
• Елорда ажарын асқақтатар
орындар.
• Елтаңбаның авторлары кімдер?
• Қазақстанның ұлттық ақшасы,
ол қашан айналымға енді?
• Еліміздің рәміздері қабылданған
күн.
• Қазақстан Туының авторы кім?
• Қазақстанның Ата – Заңы
қабылданған күн.
• Жайықтың жағасында орналасқан
қала.
• Әріптердің орнын ауыстыру
арқылы жасырылған сөзді тап.
(МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА,
ЕКТНМЫШ, НЕСӨМЕК, ҚАУТПА)
• Желтоқсан көтерілісі өткен қала.
• Қазақстанның алғашқы астанасы
қай қала?
• Алтын адам табылған жер.
• Қазақстанның ең үлкен өзені.
• Сирек кездесетін, құрып кету
қаупіндегі жануарлар мен
өсімдіктерді қайдан табуға
болады?
• Қазақстанда неше қорық бар?
• Дүние жүзіндегі ең үлкен көл.
• Қазақтар қандай дала өсімдігін
Отанның рәмізі деп есептейді?
• Қазақстанның ертеден келе
жатқан мейрамдарын ата.
• Қазақ халқының қандай ұлттық
тағамдарын білесің?
• Қазақтың ұлттық салт –
дәстүрлерін атап шық.
• Қазақтың ұлттық билерін ата.
• Қазақтың ұлттық киімдерін ата.