Тарихқа құрмет, ерлікке тағзым

Download Report

Transcript Тарихқа құрмет, ерлікке тағзым

Бекітемін: ____________
МКҚК «Айгүл» балабақшасының
әдіскері: А.Баянова
«Тарихқа құрмет, ерлікке тағзым»
Орындаған:
Жақсылықова
2014 жыл
Айгүл
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. Ән.
Тақырыбы: «Тарихқа құрмет, ерлікке тағзым»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Рәміздер туралы түсінік
беру . Рәміздерді құрметтеуге баулу. Бүлдіршіндерге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы
түсінік беру; Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге
тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек
етуге
баулу. Бүлдіршіндердің Қазақстан
туралы білімдерін кеңейту
Тәрбиелігі: Ел тарихын білу. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке,
жауапкершілікке
тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Өнерге, елге, жерге
деген патриоттық сезімдерін ояту. Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор,
компьютер, үнтаспа,
кітаптар көрмесі.
Дамытушылығы: Балалардың ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, жыр-шумақтарды
мәнерлеп айту,
Көрнекілігі: Тқазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы. Желтоқсан қаһармандарының
суреттері (Қайрат, Лаззат, Ербол). Видеопроектор экранымен, тақырып желісі бойынша
слайдтар, шарлар, нақыл сөздер.
Билингвальды компанент: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Ту. Елтаңба. Гимн. Қайрат, Ләзат, Ербол - халық қаһармандары, Отан ана.
Сәлем сөздің анасы:
Жасыл шүйгін, кең жайлау,
Асау өзен, асқар тау.
Кербез орман, көркем бел.
Лебі жұпар, ерке жел.
Жанға сая панамыз ,
Қазақстан көркем жер!
Қазір жылдың қай
мезгілі?
Қыс неше ай қонақта
болады?
Қыс айларын еске
түсірейік?
Қыс еркешелігін
ата?
«Тарихқа құрмет,
ерлікке тағзым»
Еліміз, жеріміз, Отанымыз қалай аталады?
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толды?
Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толды.
Тәуелсіздік дегеніміз не?
Тәуелсіздік-ол ешкімге де тәуелді болмай, өз алдына дербес болу.
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толса, Тәуелсіздіктің түп тамыры
Желтоқсан оқиғасына 27 жыл толып отыр. Қос бірдей мереке немесе атабабамыздың аңсап кеткен ұлы тойы деуге болады.
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
Ту. Елтаңба. Гимн
Қазақстан Республикасын басқарып отырған елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Гимні
Қазақстан Республикасының Туы
Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой
Қайырмасы: Менің елім, менің елім
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін елім
Туған жерім менің Қазақстаным
Ұрпаққа жол ашқан
Кең байтақ жерім бар
Бірлігі жарасқан
Тәуелсіз елім бар
Қарсы алған уақытты
Мәңгілік досындай
Біздің ел бақытты
Біздің ел осындай
Қазақстан Республикасының Туы
Тудың авторы: Суретші Шәкен Ниязбеков
Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы
Авторы: Сәулетшілер Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
Қазақстан Республикасының рәміздерін туралы
өлең-шумақтарды еске түсіріп жіберейік
Нұрғазы: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім елтаңбам.
Алдияр: Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды,
Қасиетті борышым.
Толғанай: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Орын: Нұрғазы, Толғанай, Алдияр, Кәусар.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаев
«Елбасы еліммен бірге»
«Елбасы еліммен бірге» бүлдіршіндердің арнауы
Ержігіт:
Біз жараттық мына ғажап ғасырды,
Тарихы оның Елбасымен ашылды.
Отанымның өр намысты киесі,
Құрметтеймін жиырма бірінші ғасырды.
Бақыт қонды халқымның бүгін басына,
Нұрсұлтандай атам қонды тағыма.
Жас ұрпақтар желбіретіп, нық ұста,
Елбасының үлгі болар жолын да.
Айнара:
Алтын күн нұрын төксін аспаннан,
Аман өттік тағдырдың салмағынан.
«Ертеңгі енді елімнің-сандер жастар»
-деп, Елбасы емірене ақтарылған.
Елім, жерім кемімей толсын деймін,
Барша жұртқа жақсылық қонсын деймін.
Келешекте Қазақстан Республикасы,
Бар әлемге танымал болсын деймін.
Мәди:
Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
Мұзафар:
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын!
Тарих қойнауына көз жүгіртейік.
Ұлы Отан соғысынан видеоролик. /3 мин/
16 желтоқсан оқиғасынан видеоролик. /4 мин/
Құрбандарға 1 мин тағзым.
Тәуелсіздікке кімдердің арқасында қол жеткіздік?
Асанова Ләззат Алтынайқызы
1970-1986
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
13.05.1966-21.05.1988
"Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!"
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
13.05.1966-21.05.1988
Алматы қаласында орналасқан
1986 жылғы желтоқсан
көтерілісін еске алу монументі
Желтоқсан оқиғаларына арналған
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
монументі
Бүгін міне, Тәуелсіздіктің арқасында өнеркәсібіміз өркендеулі, шалқып өсіп
жатқан шаруамыз бар. Мәдениетіміз көркейіп, ғылым мен біліміміз өрлеуде.
Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқында.
Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім әрқашанда!
Бүгінгі күні қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен.
Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!
Азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел
түрлендірді, нұрландырды ғасырды!
Ән: «Атамаекен» Орындайтын: топ бүлдіршіндері
Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,
Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.
Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір
Отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан!
Тәуелсіздік асқарынан барласаң,
Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер!
Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей мандай терін
төккен жер!
Жүректен-жүрекке жылы лебіздер:
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Бақшамыз бақты болсын!
Жеріміз гүлдене берсін!
Елімізде бейбітшілік болсын!
Қазақстан гүлдене берсін!
Отбасымыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Жеріміз бай болсын!
Әрқашан күн сөнбесін!
Ән: «Қазақстаным менің»
Қош, сау болыңыздар!