Науқастың төсектегі әр түрлі функционалды жағдайлар

Download Report

Transcript Науқастың төсектегі әр түрлі функционалды жағдайлар

I. Темперамент ұғымы
II. Темперамент туралы
теориялар
III.Темперамент түрлері
Темперамент – 25 ғасылдан бері ғылыми ойды
қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың
төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр
адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тінінің биологиялық және
физиологиялық құрылымымен дамуына байланысты болса,
екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға
негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық
сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген
психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі,
қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы –
бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекетқылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді.
Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің
нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара
қасиеттерінің жиынтығы.
Темпераменттер
жөніндегі ғылымның
ірге тасын қалаған
ежелгі грек дәрігері –
Гиппократ(б.э.д. V
ғасыр). Оның
тұжырымы бойынша,
адамдар төрт “дене
шырындарының” –
қан, шырыш, өт,
запыран - өзара
қатынасымен
ажыратылады.
Осы психологиялық тағылымды арқау ете
отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален
(б,э,д, II) алғашқы рет темперамент түрлеріне
ғылымдық сипат берді. Гален темперамент
түрін денеде жоғарыда аталған
шырындардың бірінің басымдылығымен
байланыстырды. Ол біздің заманымызға
дейін жеткен темперамент атауларын
белгіледі:
• Сангвиник(sangius-қан)
• Флегматик(phlegma-шырыш)
• Холерик(chole-өт)
• Меланхолик(melanchole-запыран)
Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүз
жылдықтар желісінде көптеген ғалымдар
ізденісіне күшті ықпалын тигізді
Адамның дене құрылымына
байланысты дараланып, тума
темперамент қасиеттеріне
негізделген – конституциялық
типология. Бұл теорияның негізін
қалаған – Э.Кречмер.Бұл теорияның
мәні: әр адам өз дене құрылымына
орай өзіндік психикалық ерекшелікке
ие. Осыдан, дене мүшелерінің
өлшемдеріне байланысты төрт
конституционалды психикалық тип
белгіленген:
Конституциялық
типология
Лептосоматикбойшаң,нәзік,
тар иықты,
қол-аяғы ұзын,
сидыйған
Пикник –
мығым, семізшең,
кіші бойлы
қарны қампиған,
қысқа мойын
Атлетик –
бұлшықеттері күшті
дамыған, денесі
мығым, берік
Диспластик –
дене бітімі
қыйсынсыз, қауға
бас, тума аяқ-қолы
кемістер
Э.Кречмер ұсынған темперамент классификациясы
аурулар
циркулярлы
психоз
шизофрения
психопатия
циклоидты
тұлға
денсаулық
циклотимия
шизоидты тұлға
шизотимия
истеротимия Эпилептотимия
истероидты
тұлға
истерия
эпилептойдты
тұлға
эпилепсия
И.П. Павлов темперамент типінің
жүйке қасиеттері ретінде қозу
мен тежелу күшін, тепетеңдігін және
қозғалмалылығын атап
көрсетті. Осы үш қасиетті
негізге ала отырып, И.П.
Павлов жүйке жүйесінің төрт
негізгі типін ажыратты:
•
күшті, қозу мен тежелуі
теңдей, қозғалмалы –
сангвиник;
•
күшті, қозу мен тежелуі
теңдей, салғырт –
флегматик;
•
күшті, қозуы басым –
холерик;
•
әлсіз тип – меланхолик.
И.П.Павлов бойынша төрт темпераменттің қасиеттері
Темпераменттер
күшті
әлсіз
теңдесті емес
теңдесті
салғырт
меланхолик
холерик
флегматик
қозғалмалы
сангвиник
Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде,
жүйке жүйесінің типі тума беріледі,
тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан
өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке
жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің
жалпы психикалық көрінісі болған
темпераменттің физиологиялық негізін
қалайды, яғни адам темпераменті –
жоғарғы жүйке жүйесінің сырттай
әрекет қарқынында танылатын
психикалық бейнесі.








Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі
жүйеде темперамент типтернің бәріне толық
психологиялық сипаттама беруге негіз
боларлықтай деректер топтаған. Алайда,
дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт
түрінің психологиялық сипатын түзу үшін
төмендегі аталған негізгі темперамент
қасиеттері қолдануда:
Сезімталдық
Жауап-әрекетке келу
Белсенділік
Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы
Икемділік
Жауап-әрекет қарқыны
Экстраверсия, интраверсия
Сезімдік қызбалық
Аталған қасиеттерді ескерумен
қазіргі заман психологиясында
темпераменттің барша ғылыми
қауым қабылдаған төрт типінің
сипаттамасы төмендегіше:
Сангвиник
Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл
әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу
мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне
араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс
қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен
қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі
қалып, мұңаяды. Әдетте бұл типті адам өткені мен
болашағын болжастыруда өзінің субьектив
пайымдауларының жетегінде қалып қоймай,
көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға
бейім, экстраверт
Холерик
Сангвиник сияқты жай
әсерлерге берілмейді,
әрекетшең және белсенді. Бірақ
холериктің әрекетшеңдігі
белсенділіктен басымдау,
сондықтан ол ұстамсыз,
шыдамсыз, қызба, экстраверт
Флегматик
Әрекеті енжар, сезімталдығы мен
көңіл шарпулары кем көріністі. Оны
күлдіру де, мұңайтуда оңай емес,
төңіректің бәрі күлкіден жығылып
жатқанда, ол міз бақпас. Жаңа
адмдармен араласып кете бермейді,
сырттай әсерге төзімді, интраверт
Меланхолик
Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі
кем адам. Болмашы нәрседен көзіне
жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай
әсерді күйзеліспен қабылдайды.
Көпшілік меланхоликтердің өздерінің
тұйықтығы мен адамдардан
оқшаулануынан ішіне түйгені көп –
толық интраверт.
Х.Бидструп ұсынған сурет. Төрт темперамент
Сонымен, темперамент – бұл
адамның психикалық әрекетінің
динамикасын айқындайтын дара
қасиеттерінің жиынтығы.