Transcript PISA-2015

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу
аясында оқушылардың
функционалдық оқу сауаттылығын
дамыту»
Жаңа технологиялар және жаратылыстану - ғылыми
(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы
Тренер: Изтелеуова Зульфия Селхановна - аға оқытушы,
магистр
Кіріспе
Еліміздің 15 жастағы оқушыларының
білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға
Қазақстан
PISA-2015
халықаралық
зерттеуіне қатысады. PISA (Programme for
International Student Assessment) зерттеуінің
әрбір кезеңінде халықаралық контексте
саралау жұмысы жүргізіледі.
Бұл әрбір қатысушы елге білім беру
жүйесінің
стратегиялық
мақсатын
анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың
халықаралық
зерттеулерге
қатысуының
мақсаттық индикаторлары анықталған.
Олар: PISA бойынша 40-45 орынға қол
жеткізу.

Еліміздің
PISA - 2015 зерттеуіне
қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды
түрде іске асыру мен қоғам өміріне орынды
қатысуы үшін өздігінен іздену, талдау
жасау, құрылымдау ақпараттарды дұрыс
пайдалануға мүмкіндік береді.
Тақырып өзектілігі
15 жастағы оқушыны алдағы өмірге
дайындау, оқытылуы қазақ тілінде
жүргізілетін мектептің қазақ тілі және
әдебиеті
пәні
бойынша
ғылыми
тұжырымдаманы түсіну, білу, жеке шешім
қабылдай
білу,
қоғамның
мәдени
экономикалық дамуына әсер ете білетін
белсенді азаматты әр түрлі форматтағы
тест тапсырмаларын орындату тәсілдері
арқылы қалыптастыру.
Курстың мақсаты: белсенді оқыту
стратегиялары негізінде оқушылардың
оқу сауаттылығын дамыту бойынша
қазақ
тілі
мен
әдебиеті
пәні
мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін
дамыту.
Міндеттері:
1) Теориялық материалды зерделеу:
- PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны, құрылысы;
- PISA – 2015 халықаралық зерттеу тапсырмаларының
түрлері;
-қазақ тілі мен әдебиеті сауаттылығының компоненттері;
2) Келесі дағдыларды қалыптастыру:
- оқу сауаттылығын арттыруда белсенді оқыту стратегияларын
қолдану дағдысын,
- қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқулықтарының мазмұнымен
PISA бағдарламасына сәйкес жұмыс істеу дағдысын, PISA
бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
критериалды шәкіліне сәйкес тапсырмалар құрастыру және
шешу дағдысын.
Курс мазмұны 5 модульден тұрады:
1. Нормативті-құқықтық модуль
• Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық ісқимыл жоспарын іске асыру.
• Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасы.
• Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты. ҚР білім беру жүйесіне Экономикалық
ынтымақтастық
және
даму
ұйымының
индикаторларын ендіру.
2. Психологиялық-педагогикалық модуль
• Оқушылардың
жетістіктерін
бағалаудағы
халықаралық
зерттеулер:
психологиялықпедагогикалық аспект.
• Тестілеу кезіндегі оқушылардың эмоционалдық және
физикалық қолайсыздықтарының психологиялықпедагогикалық алдын-алу.
3. Мазмұндық модуль
• PISA зерттеуінің мақсаты, мазмұны мен құрылымымен
таныстыру.
• Жағдаят, мәтін және аспект оқу сауаттылығының
компоненттері ретінде
• Оқу
сауаттылығының жалпы ережесі. Оқу
стратегиясы: өзгертіп айту (перефразировать),
баяндау, мәтіндік граффитилер, мұқият оқу.
• Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында PISA тест
тапсырмаларын шешу.
4.Технологиялық модуль
 Интернет-ресурстармен жұмыс (чат, форумды жүргізу
және т.б.)
• Желілік қоғамдастықты құру.
5.Вариативті модуль
• Блум таксономиясы – оқушылардың функционалдық
сауаттылығын
дамыту
барысында
оқытудың
тиімділігін бағалау әдісі.
• Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар түрі
(аналитикалық, ақпараттық, түсіндіру, айқындау) және
оларды сабақта қолдану тәсілдері.
Оқу жетістіктеріңізді бағалау көрсеткіштері
Кіру диагностикасы (тақырып бойынша 2 нұсқадағы 15
сұрақтан тұратын тест жүргізіледі)
Сабақ презентациясы (Курс міндеттерін орындау бойынша
кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуын анықтау )
Қорытынды тестілеу (Курс мазмұны бойынша 30 сұрақтан
тұратын 2 нұсқадағы тест)
Өзіндік жұмыс (Үш оқу дағдысын және соған сәйкес
әрекеттерді ескеріп, тапсырмалар құру, оқу сауаттылығын
дамыту бойынша сабақ жоспарын құру, оқу сауаттылығы
компоненттеріне сәйкес оқулық мәтіндерін талдау)
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012ж.
3. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NISPEARSON.
5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NISPEARSON.