Мауленова Галина Сапаргалиевна

Download Report

Transcript Мауленова Галина Сапаргалиевна

Лисаков қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
Мауленова Галина
Сапаргалиевна
“Өмірді тану – ғылым,
 Өзіңді тану - өнер.”

Ашық сабақ
3- сынып
Қаладағы және
ауылдағы көше ережелері.
 Тақырыбы:






















Сабақтың мақсаты :
-Оқушыларды туған қалаларының Ұлы Отанымыздың бір бөлігі екендігін білдірте
отырып, қала мен ауылдағы көлік түрлерімен таныстыру; көше тәртіптері мен
белгілерді танып,назар аударуға үйрету ;жолда жүру ережесі туралы кеңінен
мағұлымат беру.
-оқушылар бойына туған жеріне деген сүйіспеншілік, әдептілік қасиеттерін
қалыптастыру;
- оқушыларды өз бетімен ойланып, шешім іздеуге, оны дұрыс дәлелдеп шығуға ,
жақсы мен жаманды ажырата білуге жағдай туғызу.
Сабақтың көрнекіліктері :компьютер, проект, көліктер суреті, бағдаршам
макеті, тірек схемасы .
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты қайталау.
- Сендердің қалаларың қалай аталады ?
- Неге Лисаков деп аталғанын білдіңдер ме ?
- Қалада қандай ірі мекемелер бар ?
- Өз мекен жайларың туралы не білесіңдер ? – деген бастаушы сұрақтар арқылы
оқушылардан өз жерлері туралы деректер біліп, оны естерінде сақтауға бағыттау.
3. - Енді экранға қаралық. Бұл қай қала ? ( Лисаков ) №1 сурет
- Көшелерінің аттарын немесе ықшамаудандарды білесіңдер ме ?
- Көшелер қандай ? Көшеде нелер көп ?
- Мекемелер мен үйлердің жан-жақтары қандай ?
- Осы қаламыз өзімізге ұнау үшін, келген сырттың адамдарына мақтануымыз үшін
не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар ? (өз ой- пікірлерін айту, болашақ қаланы
елестету, болжау )
- Қалада қандай көліктер жүреді ? (көліктерді көре отырып, атау) №2 сурет
- Қалада биік үйлерге не орналасқан ?
- Ал, енді мына көліктер қалай аталады және қайда болады ? (ауылда жүретін
көліктерді көрсету )
- Олардың пайдасы қандай ?

















4. «Бағдаршам» - сұрақ- жауап ойыны.
1-сұрақ : - Бағдаршам деген не ?Адам үшін оның маңызы қандай ?
2-сұрақ : - Бағдаршамның неше түрі бар ?
3-сұрақ : - Бағдаршам жарықтарының қызметін айтып бере аласыңдар
ма ?
4-сұрақ : - Бағдаршам болмаса жолдағы қозғалыс немен реттелінеді ?
(Экраннан бағдаршам туралы көрсетіледі . Жұмбақ шешіледі )
№3 сурет
Сергіту сәті. «Бағдаршам» ойыны ойналынады.
5. Топ бойынша сұрақ беріліп, жауап алынады.
1- топ тапсырмасы : -Жаяулар өтетін жолдар , жол қиылыстары туралы
айтып беру.( экрандағы бейнеге қарап, дәлелдеп түсіндіреді.)
№4 сурет
2- топ тапсырмасы : -Автобусқа міну мен түсу , ішіндегі ереже туралы
айтып беру. ( экранға бейне шығады ) №5 сурет
3- топ тапсырмасы : - Автобусты қандай жерлерде күту керек және
түскен соң қалай жүру керек екендігін түсіндіру.№ 6 сурет
4- топ тапсырмасы : - Велосипедпен қалай жүру керек ? ережелерін
айту.
( экрканға бейне шығару ) №7 сурет
Осы тапсырмалардан қорытынды жасау. Негізгі оқушы білу керек
ережелерді көрсету, пысықтау. Белгілермен таныстыру. (экраннан )
№ 8 сурет



6. Енді біз сабағымызды қорытындылау үшін мына тапсырманы тез
орындап тасталық.
- Балалар, сендерге қала ұнай ма? Ұнаса несі жақсы ? Ұнамаса несі
жаман?
жаман
жақсы


7. Ауыл мен қаланың байланысы қандай. ? Бір –біріне не береді ?


қала
ауыл




8. «Ойлан, тап!» сөзжұмбағын шешкізу. ( экранда бейнеленген)
№ 9 сурет
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақта алған білімдерін бекітіп,
топтарды бағалау, жеке қатысқан оқушыларды бағалап, білімдерін
қорытындылау. Үйге тапсырма беру: үйде және еңбек сабақтарында
жолда жүру ережелерінің белгілерін бейнелеу.
Сабақтың көрнекіліктері.
Қала көліктері
Бағдаршам
Жаяулар жолы
Автобусқа міну және түсу
ережесі
Көліктен түскен соң жүру
ережесі
Велосипедпен жүру ережесі
Тыйым салатын белгілер
Сөзжұмбақ
БАЛАЛАР!
Көше тәртібін сақтаңдар !