Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер

Download Report

Transcript Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты.
Тыңдау, көру арқылы
оқушылардың
сөйлесім әрекетін
қалыптастыруға
ықпал ету.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік: Лексикалық
сөздік қорын
байыту.
Дамытушылық: Айтылған
сөздерді,
сөйлемдерді түсінуге және қолдана
білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дос бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, топпен,
жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті
суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың пәнаралық байланысы:
орыс тілі, математика.
Меңгерілетін сөздер: сандар 1 – 10,
жануарлар атаулары.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»,
«Салыстыр».
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг
Өткен сабақты қайталау.
Жаңа сабақ.
Сабақты бекіту.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
-Кемеде неше
жолаушылар болды?
-Неше жолаушылар
қосылды?
-Енді неше
жолаушылар
болды?
Кемедегі
жолаушыларды
атаңдар?
Санап үйренейік!
Қайсысы көп?
Фонетикалық жаттығу.
- АУ, -АУ, -АУ КІШКЕНТАЙ
- ЫН, -ЫН, -ЫН ЖҮЙРІК
- АҚ, -АҚ, -АҚ АҚ
- ЗЫ, -ЗЫ, -ЗЫ МОМЫН
- ТА, -ТА, -ТА ӘДЕМІ
4-ші артықты тап
Мәтінді тыңда, оқы.
Түйе
Түйеге жүк арту қолайлы. Әуелі шөгеріп болған соң,
жүкті асықпай артасың. Содан соң тұрғызып, бір –
біріне тіркеп, он шақтысын бір адамға жетелетеді.
Түйенің жас туған ботасы сондай сүйкімді болады.
Екі көзі қап – қара. Оған көз тимесін деп, мойнына
қызыл жіп байлап қояды.
Түйенің сүті – ертеден халқымыздың басты бір
тағамы. Түйенің шұбаты әрі сусын, әрі тамақ .
Оның емдік қасиеті бар. Өкпе, асқазан, ішек
ауруларын шұбатпен емдейді.
Түйенің жүні де өте бағалы. Әр түйе бес-он
килограмм жүн береді. Түйенің еті, өркешіне
жиналған майы да пайдалы.
( Н. Қазыбеков)
Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап бер.
Түйе қандай жануар?
Түйенің төлі қалай аталады?
Түйенің адамға қандай пайдасы
бар?
Жылқы
Жылқы біздің заманымыздан алты – жеті мың
жыл бұрын қолға үйретілген. Ол – жер жүзіне
тараған түлік. Жылқының жүйрігі, жорғасы,
жүк тартатыны бар.
Жылқы – суыққа төзімді мал. Жылқының
қымызы жетпіс түрлі ауруға ем.
Тарихта аттары қалған жылқылар да бар. Олар
ер азаматқа серік болған аттар. Олар:
Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың
Байшұбары, Ақанның Құлагері.
( Н.Қазыбеков)
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап бер.
Жылқы қашан қолға
үйретілген?
Жылқының ерекшелігі неде?
Қымыз туралы не білдің?
Тарихта аты қалған
жылқыларды білесің бе?
Сиыр.
Сиырдың адам тіршілігі үшін үлкен
пайдасы бар. Сиырдың сүтінен
жасалған тамақтың түрі көп. Олар:
құрт, май, ірімшік, қаймақ, айран,
қатық, сүзбе. Ертеде сиырды көлік
үшін де пайдаланған. Жер шарында
мұндай елдер әлі бар.
Орта есеппен әрбір сиыр жылына үш
мың, төрт мың литрден сүт береді.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап бер
Сиырдың адамға қандай
пайдасы бар?
Орта есеппен сиыр жылына
неше литр сүт береді?
Қой.
Қой төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны.
Үстіміздегі киген тонымыз, аяғымыздағы
пимамыз, басымыздағы тымағымыз бәрі де
қойдың терісінен жасалған.
Қойдың еті мен сүті – өте дәмді ас.
Республикамызда қаракөл қой, меринос қой,
қазақы қой өсіріледі.
Қойдың жейтін шөбі – изен мен жусан. Қойдың
жасына қарай қозы, марқа, бағлан, ісек,
саулық деп атайды.
( «Жыл он екі ай» жинағынан)
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап бер.
Қойдың адамға қандай
пайдасы бар?
Қойдың түрлерін ата.
Үй жануарлары.
Адам баласы пайдаланатын үй жануарлары өте көп.
Үй жануарлары: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Адам жылқы, сиыр, түйе, ешкі, қойды ертеден –ақ
пайдаланып келеді. Сиырдың сүтін, етін, майын,
терісін кейінірек пайдалана бастаған. Сүттен айран,
май, ірімшік, құрт жасайды.
Биенің сүтінен қымыз ашытады. Түйенің сүтінен
шұбат жасайды.
Үй жануарларын адам көлік ретінде де
пайдаланады. Атты мінеді, арбаға жегеді, өгіздің
күшін пайдаланады. Итте адамға көп пайда келтіреді.
Ит малды қорып, үйді күзетеді. Үй жануарларын қоражайда ұстайды.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап бер.
Қандай үй жануарларын
білесің?
Сүттен қандай тағамдар
жасайды?
Ит туралы не білдің?
«Иә» немесе «Жоқ»
жүгіреді жүреді
Ит
Үйрек
Лақ
Балық
жүзеді
Ұшады Секіреді
Не жейді?
БАЛЫҚ
СӘБІЗ
ЕТ
ШӨП
Сурет бойынша әңгімеле.
Жұмбақтар.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса – дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Қисық ағашқа қар жұқпас.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Суреттер мен сандарды байланыстыр
5
4
1
2
3