Transcript Көшіріп алу
Сабақтың тақырыбы: “Біржан сал өмірі мен шығармашылығы” Сабақтың мақсаты: • Біржан сал өмірінен мәлімет бере отырып,әншілік, сазгерлік қасиетіне тоқталу; • Өзіндік пікір, тұжырымды ой айтуға баулу,мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру • Әнші-ақынды құрметтеуге, өнерді қадірлеуге тәрбиелеу. • Сабақтың түрі: Жаңа сабақ • Сабақтың әдісі: СТО-стратегиясы, сұрақ-жауап әдісі,жабық тест, әңгімелеу әдісі • Пәнаралық байланысы: музыка,тарих. Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылардың арасында жабық тест жұмысын жүргіземін.) • Мұхит Мералыұлының шын есімі кім? (Мұхамбеткерей) • Мұхиттың Мералыұлының туған жері? ( Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде, дәулетті отбасында дүниеге келген) • Бала кезінен неге бейім болып өсті? (музыкаға, суретке бейім болып өсті) • Мұхиттың әкесі оның кім болуын қалады? (ауылнай) • Мұхиттың арна өлеңдерін ата ( «Алуаш», «Қилым», «Ақ Айша») • Мұхит шығармаларының шыңы? ( Жылқышы әні) • Медет деген кісінің отыз ұлы да қайтып, жалғыз қызы да көз жұмады. Осы оқиғаға байланысты Мұхиттың шығарған әнінің аты? (Зәуреш) • Ақынның барлық шығармалары осы күне жетті ме? (барлығы осы күнге жетті деп айта алмаймыз) • Мұхит кім? ( әнші, сал) • Мұхит әншінің дүниеден өткен жылы? (1918 жылдың наурыз айында) • Сергіту сәті • Оқушыларға “Жанбота”әнін бейне таспадан тыңдатып, авторы кім екенін сұрау. • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы ІІІ. Жаңа сабақ • Сабақтың эпиграфы: Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияны жоқ жүрген жанмын. Адамға анау-мынау бас имеймін, Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын?! 1 Ақан сері Қорамсаұлы 3 2 Біржан сал Қожағұлұлы 5 3 Сегіз Баһрамұлы Шақшақов 2 4 Жаяу Мұса Байжанұлы 7 5 Балуан Шолақ Баймырзаұлы 4 6 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы 1 7 Әсет Найманбаев 6 Осы тақырыпты меңгеру үшін, мен сіздерге мына кестені ұсынамын, осы кестенің бірінші және екінші бағандарын толтырыңдар. Мен оқушыларға уақыт беремін. ББҮ-стратегиясы Білемін Біржан сал туралы білетіндерін жазады Білгім келеді Біржан сал туралы не білгілері келетіндерін жазады Үйрендім Сабақ соңында осы бөлімді толтыртамын , оқушылардың не үйренгенін бақылаймын Түсіндіру әдісі: Бертіс Ақшуақ Айшуақ Қожағұл Жаншуақ Қожамқұл Нұралы Тұрлыбай Ералы Ержан Біржан Нұржан Теміртас Асыл Ақық Қалкен Әңгімелеу әдісі: • Оқушыларға «Ақтентек» әнінің шығу тарихын айтып беремін. • Оқушыларға «Жанбота» әнінің шығу тарихын айтып беремін. IV .Сабақты қорытындылау V .Үйге тапсырма беру: Біржан өлеңдерінің басқа да шығу тарихын іздестіру, Біржан сал туралы бүгін айтылмаған мәліметтер жинау. VІ.Бағалау