Жаркина Бактыбала Кабдолловна

Download Report

Transcript Жаркина Бактыбала Кабдолловна

Павлодар қаласы
МҚКК №4 сәбилер бақшасы
• Жаркина Бақтыбала
Қабдоллақызы
• Білімі: жоғары
• Өтілі: 10 жыл
• Санаты: 2
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Құстар
Мақсаты:
1.Жабайы және үй құстары туралы
білімдерін кеңейту. Олардың
тіршілігін, ортақ қасиеттерін,
айырмашылығын ажыратуға үйрету.
2. Балалардың ой-өрісін, сөздік
қорларын дамыту. Сұраққа толық
жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға
қалыптастыру.
3. Балаларды дала, үй құстарына
қамқор болуға баулу.
Білім саласы: қатынас.
Бөлімі: қазақ тілі.
Сабақтың әдісі:
түсіндіру,
сұрақ-жауап,
ойын.
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер,
ойыншықтар,
кластер,
үнтаспа,
карточкалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
* Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық,
өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
l. “Шаттық шеңбер”
• Сылдыр-сылдыр шапалақ,
• Міне, менің қолым.
• Міне, менің жүрегім,
• Сені жақсы көремін.
Негізгі кезеңі.
1. Кіріспе әңгіме:
-Балалар бүгін аптаның қай күні?
-Жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман
патшалығына” саяхатқа барайық.
Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған,
ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы
естіледі.
(Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)
-Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар?
- Иә, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгінгі
тақырыбымыз құстарға арналады. Онда бүгін біз
сіздермен жұмбақтар, жаңа сөздер, қызықты ойындар
ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз.
-“Орман патшалығында” қандай құстарды танисыңдар?
- Осының ішінде қандай құстар қыстап қалады?
- Құстар ағаштарды неден қорғайды?
- Балалар сендерге ормандағы
саяхат ұнады ма?
- Ал енді “Орман патшалығынан””
сыныпқа оралайық.
2. Ойын:
”Құстардың дене мүшелері”
Бәріміз тақтаға қарайық.
Тақтада құстардың суреті
бейнеленген. Ал, сендердің
үстелдерінің үстінде құстың
дене мүшелеріне байланысты
карточкалар жатыр.
Осы карточкаларды дұрыс
орналастырыңдар.
3. Жұмбақтарды шешу:
* Шықылықтап тұрмайды,
Құйрығы ұзын, өзі ала.
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
* Таң азанмен оянды,
Елдің бәрін оятты. (Әтеш)
* Түрі көмірге ұқсайды,
Қарқылдап ұшады. (Қарға)
* Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)
4. Сергіту сәті.
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
5. Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма. Суреттегі құстарды
көрсетіп, олардың қалай
дыбыстайтындығын айтқызу.
6. Сурет бойынша жұмыс.
-”Орман патшалығындағы” көрген құстарды есімізге түсіріп,
атап шығайық.
- Олар қандай құстар?(жабайы құстар)
- Ал, мына берілген суретте тағыда қандай құстарды көріп
тұрсыңдар?
- Осы құстарды басқаша қалай атауға болады? (үй құстары)
7. “Құстарды ажырату” ойыны.
(Балалардың үстелдерінің үстінде жатқан шашыранды құстардың
суретін жинастырып, жапсыру)
8. Рефлексия.
- Не білдік? Не білемін? Не білгім келеді?