Қырқынан шығару

Download Report

Transcript Қырқынан шығару

Менің аты-жөнім (Ф.И.О)
...................................................................... Мен Жамбыл
облысы, Тараз қаласында тұрамын. Менің мекен-жайым (адрес)
.............................................. . Мен № 40 гимназияда, 10 сыныпта
оқимын.
Сабағым (өте жақсы, жақсы, орташа). Менің достарым өте көп.
Мінезім (ашық, тұйық, салмақты, жеңілтек, ....................... т.б. )
Мен сабақтан бос уақытта (кітап оқығанды, компьютер ойнағанды,
ән айтқанды, достарыммен кездесуді, теледидар көргенді, әр түрлі
үйірмеге барғанды, ........................... т.б. ) ұнатамын.
Денсаулығым жақсы. Спортпен (айналысамын, айналыспаймын).
Сөздік:
Мінезім ашық(тұйық, салмақты, жеңілтек) – у меня открытый
характер (замкнутый, сдержанный, легкомысленный)
Менің аты - жөнім –
....................................................................................... .
Туған жерім – Тараз (......................................). Менің
отбасымда (3, 4, 5, ........) адам бар. Олар – әкем, анам, атам,
әжем, мен. (інім, ағам, қарындасым, сіңлім, әпкем). Әкем –
(инженер, кәсіпкер, дәрігер, ....................... т.б.). Оның ата –
жөні ......................................................... . Анам (үйде,
жұмыс істемейді, мұғалім, тігінші, есепші, шаштараз
.................................. т.б.) Оның аты-жөні .....................
Атам, әжем – зейнеткер. Ағам, әпкем – білімгер. Інім, (сіңлім,
қарындасым) - оқушы. Оның (олардың) аты (аттары)
................................................................................... .
Біздің жеке үйіміз (пәтеріміз) бар. Біздің отбасымыз (шағын,
үлкен, орташа) және тату.
Менің достарым көп. Олардың ішінде ең жақын досым ........................... . Ол екеуіміз бірінші (екінші, .......................)
сыныптан бірге оқимыз. ................ үйі менің үйімнің жанында
тұрады. Екеуіміз сабақтан бос уақытта бірге қыдырамыз,
демаламыз, спортпен айналысамыз. Біз бір – бірімізден ешнәрсе
жасырмаймыз. Сырларымызды бөлісеміз. ..................... ның мінезі
ашық, көңілді (салмақты, жеңілтек, тұйық, .................... т.б.).
Сабақты жақсы оқиды. Қиын кездерде оған сенуге болады. Ол –
нағыз дос.
Сөздік:
Нағыз – настоящий
Жасырмаймыз – не скрываем.
Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар.
Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем
айлары – наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз
айлары – қыркүйек, қазан, қараша.
Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық,
күзде салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.
Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз, ашық болады. Жаңбыр онша көп
жаумайды. Жазда күн ұзақ түн қысқа болады. Маусымның 22 – сінде күн мен
түн теңеледі.
Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі.
Жауын жиі – жиі жауады. Қар аралас жауын – шашын да болады.
Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін
көгілдір мұз жабады. Күн аязды, жер тайғақ болады. Бұл кезде енді күн
қысқа, түн ұзақ болады.
Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына
бастайды. Табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Түн қысқарып, күн ұзарады.
Күннің көзі жарқырайды.Енді көктем өз орнын жазға береді. Маған ...........
жыл мезгілі ұнайды. Себебі, ...............
Сөздік:
Тайғақ – скользко; ұқсамайды - не похоже; қоңыр салқын –
прохладные;
Әр айда төрт апта, бір аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі,
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс
күндері – сенбі, жексенбі, қалған күндер – жұмыс күндері.
Оқушыларға, білімгерлерге демалыс күні - жексенбі күні.
Қазақ халқында сәрсенбі күні сәтті күн деп есептеледі. Ал жұма
күні қасиетті күн болып есептеледі. Бұл күні қазақта кір жумайды,
үй тазаламайды. Бейсенбі, жұма күндері қайтыс болған кісілерге
арнап құран оқытылады, шелпек пісіріледі.
Маған апта күндерінен ......... күні ұнайды. Себебі, .................
Сөздік:
Білімгер-студент;
сәтті –удачный;
кір жумайды- не
стирают; қайтыс болған кісілерге – умершим;
құран
оқытылады – читают коран, поминают; шелпек пісіріледі –
готовят семь лепешек;
Бізде қазақ тілі сабағы 1 сыныптан бастап оқытылады. Қазақ тілі
сабағы бізде аптасына 2 (3,4...) рет өтеді. Біз қазақ тілін жақсы
білуіміз керек, өйткені қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ол біздің
келешек жұмысымызға керек.
Біз қазақ тілі сабағында жаңа сөздер үйренеміз, мәтінмен жұмыс
істейміз: аударамыз, сұрақтарға жауап береміз, диалог
құрастырамыз. Мұғалім бізге қазақша сөйлейді, тақырып бойынша
сұрақтар қояды.Біз мұғалімді жақсы түсінеміз. Сұрақтарға жауап
береміз.
Одан басқа біз қазақ тілі сабағында қазақ тілінің
грамматикасын да оқып-үйренеміз. Мұғалім бізге әртүрлі
тапсырмалар: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік
талдаулар, сөздерді септеу, жіктеу, тәуелдеу, т.б. береді.
Қазақ тілі сабағында біз қазақ халқының ұлы адамдарының
өмірі, туған жеріміздің тарихы туралы, қазақ халқының салтдәстүрлері жайында қызықты мәліметтер аламыз. Сабақта
мазмұндама жазып үйренеміз, диктанттар жазамыз. Қазақ тілі
сабағы маған ұнайды.
Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ,
саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады.Мұны адамның қаңқасы дейді.
Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай,
иек, қас, ерін, тіс, тіл, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен
ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен
тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді,
қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі – көзбен көруге болатын дене
мүшелері.
Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Оларды
дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін ағзалар: асқазан, бауыр,
бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ. Адамдар бұларды ауырғанда сезеді.
Деніміз сау болу үшін жас кезімізден денсаулықты сақтау керек.
Дене шынықтырумен, спортпен айналысып, денені шынықтыру керек.
Адам өзінің денесін таза ұстау керек. Денсаулықтың кепілі – тазалық.
Сөздік:
Дене мүшелері – части тела;
Мойын –шея; тізе – колени; шынтақ –локти; саусақ – палец; кеуде
– грудь; қарын –живот; иық –плечи; Адамның қаңқасы – скелет
человека; бет –лицо; маңдай –лоб; иек –подбородок; қас –брови; ерен
–губы; тіс –зубы; тамақ шайнайды –жует; көзбен көруге болатын дене
мүшелері – видимые части тела; ағза – орган; асқазан –желудок;
бүйрек – почки; Бауыр –печень; өкпе – легкие; тамақ – горло; сезеді –
чувствует;
Сәлеметсіз бе! Қай жеріңіз ауырады?
Барлық жерім ауырады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім,
бауырым, өтім, өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзім, құлағым...
Тоқтаңыз, асықпаңыз. Біз Сізді тексерейік, содан кейін емделесіз де, жазылып
кетесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?
Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.
Қәне, тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейік. Тамағыңыз қызарып тұр екен.
Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге
қатты суық тиген екен.
Тұмау емес пе?
Тұмау да бар, баспа ауруы да бар. Қазір Сізге рецепт жазып беремін. Дәріні
дәріханадан алып, күніне үш рет ішіңіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосқан сүт
ішіңіз. Енді емханаға жұма күні келіңіз.
Басқа жерімді тексермейсіз бе?
Тексереміз. Әуелі мына ауруыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз,
ауырмаңыз. Өзіңіз білесіз, денсаулық – зор байлық.
Рахмет. Сау болыңыз!
Сау болыңыз!
Сөздік:
өтім – желчь; Белім –поясница; емделесіз –будете лечится; жөтелемін кашляю;
Тұмау – простуда, насморк, грипп; түшкіремін –чихаю; жазылып кетесіз –
вылечитесь; тамағыңызды көрсетіңіз –покажите горло; шешініңіз –
раздевайтесь; тыңдайын -послушаю; қызуыңызды өлшейін - измерю
температуру; суық тиген – простудились; баспа ауруы – ангина; бал қосқан
сүт – молоко с медом; әуелі –сначала;
Бұрынғы кезде қазақтар, дәстүр бойынша, үлкен той болмаса, қонақты
әдейілеп шақырмаған. Өйткені, жол жүріп келе жатқан жолаушы жолшыбай
ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ бола беретін. Ал қазіргі заманда
әртүрлі себептермен (қоныс той, сыбаға, қыз ұзату, үйлену, т.б.) қонаққа
шақыру, тойға шақыру көп кездеседі. Сондықтан қонақтарды көбінесе үй
иесі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қазіргі
кезде қонақты бір-екі апта бұрын шақырады, өйткені әркімнің алдағы
уақытта жоспарлап қойған әртүрлі жұмыстары болады. Егер қонақ
шақырылған жерге бара алмаса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін,
мүмкін, барып қалармын, бара алмасам, ренжіме» деген сөздер
шақырушыға жайсыз тиеді. Қазақтар: «Шақырған жерден қалма,
шақырмаған жерге барма»,-дейді. Бұрыннан таныс не жақын туыстары
болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз болады.
Сөздік:
Дәстүр бойынша – по традиции; әдейілеп - специально; жолшыбай –
попути; қоныс той – новоселье; сыбаға – угощение лично для кого-то;
қыз ұзату –прводы невесты; үйлену –свадьба; жоспарлап қойған –
запланированное; бірден айтқан жөн – нужно сразу сказать; жайсыз тиеді
– неприятно; таныс –знакомые; жақын туыстары – близкие родственники;
ыңғайсыз болады – неудобно;
Қазақстан – көп ұлтты, егеменді мемлекет. Халқының саны он бес миллионнан
асады. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрады.
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың
шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь – Шань шыңдарына дейін бір
мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі
соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір –
біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде
әлі қар жатады.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім т.б.
өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Іле, Шу,
Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы.
Республиканың солтүстігінде бидай пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда күн ыстық
емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен
байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын,
қалайы, күміс, алтын және басқалар), көмір, мұнай, фосфориттер.
Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі
Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де
білімді елге айналды.
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.
Сөздік:
Шақырым –километр; асады –больше; ұқсамайды – не похоже; мыс –медь;
қалайы – олово; қорғасын – свинец; күміс –серебро; ауыл шаруашылығы – сельское
хозяйство; күріш –рис; қант қызылшасы – сахарная свекла;
Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта
ұстаз болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы
Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтар жырларын шығарған. Қазақ халқы
– ертегілерге, мақал – мәтелдерге өте бай халық.
1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні “Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне
ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін
үйренуде. Олар қазақ тілін үйірмелерде, қоғамдарда, мектептер мен
университеттерде оқып біледі.
Қазақстанда қазақ тілімен қатар орыс тіліне де ерекше көңіл бөлінеді.
Өйткені елімізде тұратын басқа ұлттың адамдарымен бұл күндері орыс тілі
арқылы түсінісуге болады.
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар Қазақстанды өз елі
санайды. Бірақ өз ана тілдерін ұмытпауға тырысады.
Сөздік:
Мәртебе –статус; үйірмелерде – в кружках; түсінісуге болады –
можно изъясниться; ұмытпауға тырысады – стараются не забыть;
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздік алған
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысындағы Қаскелең
ауданына қарасты Шамалған аулында өмірге келген.
Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі жандар болған. Нұрсұлтан
Әбішұлының мамандығы – металлург.Жалынды жастық шағын Теміртау мен
Қарағандының домна пештерінде болат балқытуға, Днепродзержинскийдегі құрыш
білек әріптестерімен тәжірибе алмасуға және өз ортасының жас лидері ретінде небір
жалынды істердің ұйытқысы болуға арнады, спортпен шұғылданды.
Қырыққа жетпей ел басшылығына араласты. Қырық төрт жасында Үкімет төрағасы
болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып
сайланды. 1999 жылы Республика Президентін бүкіл халық болып 7 жылға қайта
сайлады. Нұрсұлтан Әбішұлы - елдің қамын ойлап, өз халқының қадір-қасиетін
жанымен ұғатын және сол халқының бақытты болашағы үшін күш-қайратын бүтіндей
арнаған азамат. Ол- бүкіл дүние жүзі халықтарының арасында беделі зор саяси қоғам
қайраткері.
Сөздік :
Еңбекқор – трудолюбивые; Жалынды жастық шағын – пламенную молодость;
болат балқытуға – плавить сталь; құрыш білек әріптестерімен – с коллегами
металлургами; тәжірибе алмасуға – обмениваться опытом; жалынды істердің
ұйытқысы - предводителем пламенных дел; елдің қамын ойлап – заботившись о
народе; қадір-қасиетін жанымен ұғатын – душой понимающий достойнства; күшқайратын все силы; бүтіндей арнаған – всецело посвятивший; беделі зор – с
огромным авторитетом;
Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады.
Қазақстанның да өз рәміздері бар.1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы,
әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты (ені- 1 метр, ұзындығы – 2 метр)
көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық
аспанның нышаны.Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл –
бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы –
дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық
өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.
Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құтберекенің белгісі.
Тудың авторы, суретшісі- Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ
бейнеленген. Ол – елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің
бастауы - отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн
сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр.
Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп
жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді.
Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің «бағымыз
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында
«Қазақстан» деген жазу бар.Реңдік бейнесі- алтын және көгілдір түсті.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов
пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін халқымызға танымал атақты композитор Шәмші Қалдаяқов
жазған.
Сөздік:
Нышаны –знак; шұғылалы күн – солнечное зарево; шексіз даму – вечное развитие;
дарқандық –щедрость; қырағылық – зоркость; биікке самғау парить ввысь; жүрегі іспеттес – как
сердце; қанатты пырақ – крылатые мифические кони; көмкеріп тұр – обрамляет; рухани байлығын
– духовное богатство; бағымыз ашылып – быть счастливыми; арқалап тұрғандай – здесь: как
будто указывает; реңдік бейнесі – фон; танымал – известный;
Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрлері дамыған.
Көптеген ұлттық спорт ойындары бар. Оның ішінде көбірек
өткізілетіні – бәйге, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ.
Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада
Комитетінің мүшесі болды. Қазақстадық спортшылар әр түрлі
жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.
Біздің команда қысқы Наганада өткен олимпиадалық ойында 100
команда арасында 11 – орынды жеңіп алды. Атлантада біз 180
команданың ішінен 26 – орын алдық.
Сиднейдегі спортшыларымыздың жеңісі Қазақстанға даңқ әкелді.
Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз
емес. Мысалы, боксшы Серік Қонақбаевтің шеберлігін дүние жүзі
мойындады. Жақсылық Үшкемпіров – күрестен олимпиада
чемпионы. Даулет Тұрлыханов - әлемнің екі дүркін чемпионы,
балуан. Е. Ибраимов – Сидней олимпиадасының чемпионы.
Сөздік:
Көбірек өткізілетіні – чаще проводятся; бәйге, көкпар,
аударыспақ, қазақша күрес – виды национальных игр;
көрсеткіштер – показатели; даңқ әкелді – принесли славу;
мойындады – признали; екі дүркін – дважды;
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан
жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана
думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.
Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа
қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады.
Ит жейдесін (алғашқы кигізілген жейдесін) шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік
дастарқан жайылады.
Бесікке салу. Халқымызда бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын
ұясы болып есептеледі.
Бенсікті отпен аластап баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі.
Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті өнегелі адамына жүктеледі.
Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.
Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі
аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез – тез
жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі
беріледі.
Сөздік:
Шілдехана – праздник по случаю рождения ребенка; сәби, нәресте – ребенок;
сенім – поверье; думанды – веселый; шомылдырады – купают; сергек – бодрый;
тырнағын – ногти; ит жейдесін – первую распошонку ребенка; Қырқынан шығару –обряд
который выполняют когда ребенку исполняется 40 дней;
Бесікке салу, бөлеу – укладывание в колыбельку; мүлік – вещь; отпен аластау –
пргонять злых духов огнем; елеулі – значимый; кәде – подарок; өнегелі адамға
жүктеледі – поручается уважаемому человеку;
Тұсау кесу – разрезание пут; қаз тұра бастағанда – когда начинает делать первые
шаги; ала жіп есіп – готовят полосатую (черно-белую ) веревку;
Адамның бет пішіні, мінезі әр түрлі болады. Адамның беті
дөңгелек, жалпақ, сопақша, ат жақты, кең маңдайлы, т.б. болуы мүмкін.
Мұрыны қыр мұрынды, дөңес мұрынды, пұшық болады. Терісінің түсіне
қарай, ақсары, сары, бидай өңді, қараторы т.б. дейді. Шашы сары, қара,
жирен, қоңыр, бұйра, тік, толқынды, қалың, жұқа, т.б. болады. Көздері көк,
қой көзді, қара, үлкен, қысық, т.б. болады. Бойы аласа, тапал, орта бойлы,
биік болады. Денесі арық, толық, орташа, сымбатты т.б. болуы мүмкін. Мінезі
мейірімді, қатал, салмақты, жеңілтек, тұйық, ашық, тілтабысқыш, мақтаншақ,
қызба, ұстамды, пысық, т.б. болады.
Менің келбетім ............ бойым .............. денем ................
мінезім..............
Сөздік:
Келбеті, бет пішіні – внешний вид; жалпақ –широкое лицо;
сопақша, ат жақты продолговатое, вытянутое лицо; кең маңдайлы –
широкий лоб; қыр мұрынды прямой нос; дөңес мұрынды нос с горбинкой;
пұшық – курносый; терісіне қарай - по цвету кожи; ақсары – свелый; бидай
өңді – чуть смуглый; қараторы - смуглый; жирен - рыжие волосы; бұйра –
кудрявые; тік – прямые волосы; толқынды – волнистые; қалың – густые;
жұқа – редкие; қой көзді – карие; қысық – узкие; аласа, тапал – низкого
роста; арық – худой; толық – полный; сымбатты - красивое телосложение;
қатал – строгий; салмақты – спокойный; жеңілтек – легкомысленный; тұйық
– замкнутый; тілтабысқыш –общительный; мақтаншақ –хвастливый; қызба
– вспыльчивый; ұстамды – сдержанный; пысық –шустрый;