Transcript Көшіріп алу
11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘН МҰҒАЛІМІ: Б.БУЛЕКПАСОВА МАҚСАТЫ: Орыс тілінде оқитын оқушылардың қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық деңгейін көтеру, тест сұрақтарына дұрыс жауап беру мәселелерін шешу және жоғары нәтижеге жету. МІНДЕТТЕРІ: тілін өзге ұлт балаларына оқытудың сапасын арттыру жолдары мен құралдарын меңгеруге ықпал ету, оқыту тестпен жұмыс жасау; Түлектерді ҰБТ-ға дайындау; Тілдік материалдарды меңгеру; Елтану материалдарын меңгерту; Сөздік қорын жетілдіру. Қазақ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Оқушылар тест сұрақтарын түсінеді; Дұрыс жауапты таңдау әдістерін біледі; Оқушылардың тест сұрақтарын шешу дағдысы дамиды; Сөздік жұмысын істеу дағдысы жақсарады; Оқушылар өз бетінше тест құрай алады. ТҮЛЕКТЕРДІ ҰБТ –ҒА ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ: бағдарлама бойынша әр тарауды қамтып 25 сұрақтан тұратын тест құрастырылады; әр тарау біткен соң, тест өткізіледі, мәтіндер бойынша сұрақтар, қайталанған грамматикалық тақырыптар қоса алынып отырады; топтық жұмыс – топ интерактивтік тақтамен бір нұсқаны бірлесе талдайды; жұппен жұмыс - әр компьютерге 2 оқушыдан отырылғызылады (ереже дәптерімен жұмыс); жеке жұмыс - әр оқушы ереже дәптерін пайдаланып өз бетінше тапсырма орындайды (мұғалім тексереді, түсінбеген сұрақтарына кеңес береді); Елтану материалдары мен грамматикалық материалдарды сабақта үнемі қайталап отырамын. ТЕСТ ОРЫНДАҒАН КЕЗДЕ ОҚУШЫЛАР КӨБІНЕ – КӨП ҮНДЕСТІК ЗАҢЫНА БАҒЫНБАЙТЫН ЖҰРНАҚТАР, ЕСІМ СӨЗДЕРДЕН ЖАСАЛАТЫН ЖҰРНАҚТАР, ТУЫНДЫ СӨЗ ЖАСАЙТЫН ЖҰРНАКТАРДАН КАТЕ ЖІБЕРЕДІ, СОНДЫҚТАН ӨЗ ТӘЖІРИБЕМДЕ ТІРЕК СЫЗБАЛАРДЫ, КЕСТЕЛЕРДІ КӨП ПАЙДАЛАНАМЫН. Зат есім тудыратын жұрнақтар Зат есім Қой-шы, Бала-лық, Туыс-тық Сын есім Жақсы-лық, Мол-шылық, Биік-тік Сан есім Алты-лық, Он-дық, Төрт-тік Етістік Суыр-ма, Сөйле-м, Шайқа-с КЕЛЕСІДЕ ЕСТЕ САҚТАУ ҮШІН ЖЕКЕЛЕНГЕН СҰРАҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ТЕЗ ОРЫНДАУҒА БОЛАТЫНЫН ТАЛДАП ТҮСІНДІРУ: •Сұрақты асықпай назарлы, түсіне оқып шығу; •Сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіру. Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады: Біріншіден: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу; Екіншіден: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса, бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек. «Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады: Біріншіден: жай сөйлемдерді алып тастаймыз; Екіншіден: шылауы бар сөйлемдерді бірден алып тастаймыз, себебі сабақтастың ешқандай түрінде шылауы жоқ; Үшіншіден: шылауы бар сөйлем жоқ болса, барлық баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз; себебі, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады. ҚОРЫТЫНДЫ: •Егер оқушы грамматикалық тақырыптарды орта деңгейде білсе, 15 сұраққа дұрыс жауап бере алады; •Оқушыларды •Елтану сұрақты түсіне оқуға жаттықтыру керек; материалына көбірек көңіл бөлу керек; •Тест тапсырмаларын шеше отырып, оқушылар өз білімін әрі теориялық жағынан, әрі практикалық жағынан толықтырады; •Оқушыларды назарлылыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, уақытты бағалай білуге баулу керек; •Әр оқушы өз күшіне сенуі керек; •Оқушыларда •Кез ереже дәптерлері жеке болса, ыңғайлы болар еді; келген сабақта ҚР елтану материалдары бойынша сөйлесіп отыру (3-5 минут), бұл – оқушылардың жадын жаттықтырар еді деп ойлаймын.