М. Онайбаева Шығармашылық жүмыс

Download Report

Transcript М. Онайбаева Шығармашылық жүмыс

Ана-тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп ақын ағамыз
жырлағандай еліміз егемендік алып, көк байрағымыз
көкте желбірегелі 20 жылдың жүзі болды.
Қазақстан
мемлекетінің
мемлекеттік
тілі
Елбасымыз
атап
айтқандай,
барша
қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы
екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.
Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны
тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын,
дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысы,
рухани мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған
даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып
жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.
Елбасымыз «Қазақ тілі үш тілдің біреу болып
қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы,
маңыздысы бола береді деп атап көрсеткен. Ұлттық
болмысты ұғатын рух,қоғамдық
бағытты
аңғаратын,ерекшелігін түсінетін,
елжандылық асқақ сезімі басым жандар ғана
көсегімізді көтереді. Ал, өркендеген мемлекеттің
кілті ертеңгі жастардың, бүгінгі балалардың
қолында десек, онда ең алдымен қазақ тілін
меңгертуді жас ұрпақтан бастауымыз керек.
Ұлттың ұлылығын білдіретін ең басты көрсеткішітілі.
«Балаларды тәрбиелеу- еңбек, әрі борыш»
дегендей, жас баланы тәрбиелеп, біз болшаққа
баспалдық жасарсыз хақ. Осы міндетті әрине
тәрбиеші, тіл арқылы жүзеге асырады.
Ақын О.Сүйлейменов «Адам тағдырын тәрбие
шешеді, тәрбие құралы- сөз» дейді.
Тілді- халықтың сәбилік кезінен бүгінге дейінгі
өмірінің айнасы, мәдениеті мен ақыл-ойының
алтын қоймасы деп қараған.
Егер бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі
емес, ата-ана мен тәрбиеші кінәлі. Бала
сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау
жанды болса, бала айыпты емес, тағы атаана мен тәрбиеші жазалы. Сондықтан да,
балалардың ой-өрісін дамыту, ал ой-өрісі
арқылы сөздік қорларын дамытып, соның
ішінде ана тілінде сөйлеу шеберліктерін
қалыптастыру біздің міндетіміз. Балаға ана
тілін
үйрету,
оның
қызығушылығын
арттыратын көптеген әдіс-тәсілдер бар.
Солардың бірі- балаларды оқу іс-әрекетінде
халық ауыз әдебиетімен сусындатып, кеңінен
қолдану. Қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен
әдбиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп.
Халық ауыз әдебиетінің салалары
көп: Олар ертегілер, жырлар,
мақал-мәтелдер,
жұмбақ
жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер.
Осы салаларды балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай және
оларды
жалықтырып
алмайтындай етіп сана сезіміне
әсер ету арқылы қызықтыра
отыра, бойларына сіңіру әрі
олардың тілдерін дамыту үлкен
жауапкершілікті талап етеді.
Өйткені сәби жастан бастап
балаларға ертегі тыңдатып,
халық
ауыз
әдебиетімен
сусындату
келешек
ұрпақ
ойының
ұшқырлығына,
тіл
байлығына, сана сезімнің өсіп
дамуына көп әсерін тигізеді.
Макаренко: «Бала өмірінде ойынның
маңызы зор. Ересек адам үшін еңбектің,
тұрмыстың қызметтің қандай маңызы
болса, нақ сондай маңызы бар.
Сондықтан келешек
қайраткелерді
тәрбиелеу
алдымен,
ойыннан
басталады» деген. Ойын кезінде сөйлеу
процесі үлкен рөль атқарады. Себебі,
бала үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті
жалғыз жүргеннің өзінде сөйлеп жүреді.
Ойындардың ішінде дидактикалық
ойындардың бала тілін дамытуда
айрықша маңызы бар.
Тілді
меңгеруде
балабақшалардағы
үйірмелердің де маңызы айрықша біздің
балабақшада осы орайда өзін-өзі тану
пәнінен үйірме ашылған. Балалардың
үйірмелерден олар тәлім-тәрбиелері
өте көп. Оның ішінде көркем сөз оқу
өткір өлеңдер айту балаларымыздың ісшараларға қатысып, сөздік қорларын
байытып,
тіл
дағдыларын
қалыптастыруда
айрықша
рөл
атқарады.
Балабақшада балалардың тілінің даму деңгейін анықтау
1. Қарым-қатынас мәдениетін тексеру
2. Сөздік қорын байқау
3.Грамматикалық формада дұрыс сөйлеуін
дамыту
4.Байланыстырып сөйлеу қабілетін бақылау
Тіл дамытудың әдіс тәсілдері
1.Көркем шығармалар,мақал-мәтелдер,өлеңтақпақтар,қызықты әңгімелерді көптеп қолдану
2 Жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдану
3.Билингвальды компоненттерді қолдану
4.Тіл дамыту жаттығуларын жүргізу
5. Ата-аналармен қарым-қатынас барысында тіл
мәдениетін сақтау
6.Тіл дамытуда ойын технологиясын қолдану
Ойын:
Тек қана ермек емес, балалардың
білімінжетілдіретінәдіс.
Дидактикалық ойындар балалардың
танымдық қабылетін жетілдіруде,
логикалық ойлау жүйесін дамытуда
үлкен роль атқарады. Дидактикалық
ойындар сабақта алған білімді бекіту
мақсатында
ойналады,
сонымен
қатар саяхатта, серуенде, күнделікті
өмірде
ойнатуға
болады.
Дидактикалық ойынның тақырыбы,
мазмұны сан алуан. Өзін-өзі тану
сабағында дидактикалық ойындардың
сөзбен ойналатын
дидактикалық
ойындар, оларға «Бұл не?» «Дүкен»,
«Ойлан тап» ойындарын жатқызуға
болады. Материалдармен ойнайтын
дидактикалық ойындарға «Ғажайып
сандықша», «Сиқырлы қоржын» ал
карточкалармен
«Жануарлар», «Құстар» т.б
Осыған орай шәкірттерімзді сөз өнерінің
асыл қазынасын жете меңгеруге және ретті
жерлерінде қолданып пайдалана білуге
дағдыландыру-бүгінгі таңдағы басты міндет
болғандықтан
біздің балабақшада тіл
дамыту,
көркем
әдебиет
сабақтары
өткізіледі. Сонымен қатар, тіл тұғырын
биікке көтеру мақсатында әр-түрлі шаралар
өткізілуде. Сол тұрғыда мен «Тіл болашағы
балбақшадан» атты ашық сайыс сабағымды
өткіздім. Осы орайда «Ана тілі» атты
тәрбие сағатында мақтанышпен айта
аламын.Әрине, ана тілімізді ғұрыптау - біздің
басты міндетіміз.Барлық педагог, барлық
отбасы өз ана тілінде сөйлеп, бала жүрегіне
туған еліне, туған тіліне деген ыстық сезімін
қалыптастырып, санасына сіңіре білсе, нұр
үстіне нұр болар еді. Өкінішке орай, қазіргі
таңда өз тілін ала құла етіп, түрлі
жаргондарды қосып, шүлдірлесіп, солай
тілдескендерін бедел санап, сөйлейтін
адамдар бар арамызда.
Жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолында
оысндай жат қылықтардан сақтанып,
қазақща
сөздік
қорымызды
байытып,
тіліміздің мәртебесін көтеру біздердің, яғни
ұстаздардың қолында.
Тіл ұлттың белгісі, халықтың мұрасы. Тілхалықтың жаны, сәні, тұтастай болмысы.
Адамдық
мұратқа
жеткізетін
ана
тілімізбен ата дәстүріміз. Ұлы Абай атамыз
өткірдің жүзі, кесетнің бізі, өрнегін сендей
сала алмас деп қазақ тілінің құдыретін жыр
жолдарымен
жеріне
жеткізіп
берсе,
А.Байтұрсынов «Тіл жоғалған жұрттың өзі
де жоғалды» деп бір ауызбен тіл тағдырын
келер ұрпақ зердесіне жеткізеді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім
тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буынның
жадына
біртіндеп
сіңіріп
отыратын
арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер болған.
Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік
имандылық тәрбиесіне байланысты әдетғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен
айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр,
дастандарда эстетикалық тәрбиенің сан
алуан мәселері тәлімдік материал ретінде
пайдаланған.
Елбасының халыққа жолдауында білім беруді
жаңғырту, тілдерді дамытуда бетбұрыс
ерекше болуы қажет екен айтылды.
Балабақшада отырған балаларымыз мектеп
табалдырығынан аттағанда қазақ тілінде
сөйлеуі тиіс делінген.