Transcript ***** 1

Көктем
Мен көктеммін. Мен келген
сәтте қар еріп, бұлақ сылдырлап
ағады. Қарды жарып шығатын
бәйшешекті айтсаңшы. Бұның бәрі
менің еңбегім. Мен келгенде адамдар
егін егіп еңбек етеді. Жапырақтар
болса жап -жасыл болып жайнап
тұрады. Мерекелер де бола бастайды.
Қазақтың жаңа жылы. Бұл қазақ
халқының ұлттық мерекесі.Ал 8-ші
наурыз.Сүйікті аналарымыздың
мейрамы.Балалар бұл мейрамды
жақсы көреді Өйткені олар
аналарына кішкене болсын рақмет
айту үшін себеп іздейді .Мен бұл
мейрамның сырларын жақсы
білемін. Мен енді көктеммін ғой. Бар
балаға айтарым анаға да әкеге де
қуаныш сыйлай біліңдер .
Анашым, алаңдама
Барлық ана баласы үшін
алаңдайды. Уайымдап, сарғайып
күтеді. Білемін анам мен үшін көп
алаңдайды. Анам оқуымды
да,таеквандоның жаттығуына
кетсем де көз ілмейді ,алаңдайды.
Анашым ,мен үлкен болып өсемін.
Өзің ойлағандай жақсы оқып,
өзім қалаған маман иесі боламын,
жұмыс істеп қолымнан келгенше
асыраймын. Дүниедегі ең мейірімді
жан анам. Мен сіздің аман
болғаныңызды қалаймын.
Балаларыңыз жүздеріңізден
қуанышты ғана көргісі келеді
Біздің жеңімпаздар.
Жақында мектебімізде бастауыш сынып
оқушылардың арасында «Оқушы портфолиосы»
байқауы болып өтті. Байқауға19 оқушы қатысты. Біздің
сыныптан Сабихан Жанар, Қорғанбаев Бахытжан
байқауға өз портфолияларын дайындады. Екеуі де көп
ізденді. Бірінші сыныптан бастап жазған шығарма,
эссе, өлеңдңрін салды. Алға қойған мақсаты, ұстанымы
көп балаға ой салды.
Бахытжан мен Жанар бірінші орынды жеңіп
алды. Жеңімпаздарымызға қанаттарың талмасын,
әрқашан жеңіс тұғырынан көріне беріңдер демекпіз.
3 «Б» сынып оқушысы
Фарабиқызы Мерей