1. Бір-бірімізді тыңдаймыз

Download Report

Transcript 1. Бір-бірімізді тыңдаймыз

Тренинг мақсаты:
Оқушылардың мінез –құлық туралы
түсініктерін кеңейту. Мінездегі
жетістіктер мен міндеттерді ажырата
білуге үйрету, жақсы мінез
қалыптастыруға ықпал ету,
адамгершілікке тәрбиелеу.
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2.Достарыммен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.
Сәлемдесу
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды
ахуалды құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма
жіпті бір саусағымен іліп алып өзі қалаған қатысушыға
жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай
жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек.
Соңында «достық торы» пайда болады.
Бүгінгі отырыстан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі
көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.
Адам өмірі іс-әрекеттер тізбегінен,
басқалардаң әрекеттерін қабылдаудан
және оларға деген түрлі көзқарастардан
тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс
түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан
келмейді. Алайда адамның өзін осы
қабілетке баулап, тәрбиелеуге мүмкіндігі
мол.
Мақсаты:
Айналадағылардың топтық сенімін бекіту,
ішкі қысымынан, қорқынышынан арылту,
ашық болуға бағыттау.
Сұрақ:
•Неліктен «Мінез – адам көрсеткіш» болады депойлайсыз?
•Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
•Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз
Талдау:
Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау
қиын болды ма?
Қатысушылары туралы жаңа
бір нәрсе білдіңіздер ме?
Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік
маңызды мақсаттарыңыз қандай?
«Мен сені жақсы көремін»
ойыны.
Шарты: Бұл ойында оқушылар айналарын алып , айнадағы өз
бейнелеріне көз алмай біраз уақыт қарайды.
•
•
•
•
•
•
•
•
•
•
Мынадай сұрақтарды қайталайды.
Мен кіммін? Маған қарап тұрған кім ?
Мен жақсы адаммын ба? Әлде жаман адаммын ба ?
Мен туралы достарым не ойлайды ?
Тәртібім қандай ?
Менің мінезім қандай ?
Достарым көп болу үшін не істеуім керек?
Қандай жақсы қасиеттерім бар?
Қандай жаман қасиеттерім бар?
Әр оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беріледі
«Біз қандаймыз?» жаттығуы
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез –құлықтарымен жете
танысуы.
Қатысушылар жүргізушіден үлкенерек ақ парақ алып, бәрі шеңбер
бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады
және парақта вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің
жоғарғы жағына «плюсы» , оң жағына «минус» белгісін қояды. «Плюс»
жазылған бөлікке , қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл
мезгілінің , кез-келген жемістің , аңның, кітаптардың аттарын, өзі
рахаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, әркім ұнамайтын
түстерін , жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргісуші де
өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға
қатысады.
Соңында,қатысушылар парақты кеуделеріне тығып алады. Барлығы
үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір –бірінің парақтарына
жазылғандарын оқиды.
Талдау :
Жаттығу ұнады ма? Не ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындықтар
келтірді? Алған әсеріміз қандай?
Шарты: Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ
таратылып беріледі.
І бағанға «Сатамын», ІІ бағанға «Сатып аламын» деген сөздер
жазылады.
Нұсқау:
Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары
келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары
келетіндіктерін қағазға түсіреді.
Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып, өзара
сатуға ұсынылған қасиеттерімен танысады.
.
•
•
•
•
- Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?
- Не себепті сатып алғымыз келді?
- Не себепті сатқың келді?
Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау
жұмыстары жүргізіледі. «Түрлі қасиет сататын
базары» Жақсы қасиеттерін гүлге жазады,жаман
қасиеттерін найза жағына жазады.
• Ойыннан шығатын қорытынды: «Кемшіліксіз адам
болмайды, Өзіңнің кемшілігін мойындау –ол да бір
ерлік».
Музыкада , яғни жаңбыр жауып , күннің күркірегені
ойналады.
Оқушылар жаңбырдан қорғанады. Біраз уақыттан соң,
жаңбыр тоқтап, оқушылар кемпірқосақты көреді.
Сол кезде олар өздеріне қажетсіз деп тапқан
қасиеттерді (қағазға жазып шиыршықтап орайды)
үстерінен төмен тастап үлгеруі керек. Және
аяқтарымен таптайды, сілкінеді.
Қорытынды бөлім
Рефлексия
Қорытынды бөлім
Рефлексия
Барлығымыз
бір-бірімізбен
бірігіп
жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы
сөз айтып май шамды беріп отырмыз.
Майшамды алған себебім, жарық деген
әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да
алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген
тілек білдеремін.