Әке – отбасының тірегі

Download Report

Transcript Әке – отбасының тірегі

ІІІ.«Әкешім» атты ашық хат жолдау
Слайд бойынша Эссе оқу (3-5 оқушы)
Балаң Елдостан
Әкем-жанымның шуағы
“ Әке” деген сөзді естігенде бойыңа ерекше жігер күш бітеді.
Қиналсаң жанашырың,шаршасаң саялы бәйтерегің,қараңғыда
адассаң шамшырағың, сүрінсең тіреу болар-Әке.
Менің әкемнің аты-Бисекен.Отбасының тірегі.Оның мені
еркелеткені жылы сөздері бойыма шуақ болып
құйылады.Әкенің халыққа мейірімді,қайырымды болғанын
мақтан тұтамын. Мен әкемді өте жақсы көремін.
Әкелеріміз асқар тау екенін біліп құрметтеп жүрейік.
Әкеміз аман болсын!
Балаң Қайсардан
“Менің аяулы-әкешім”
Әкем менің қамқоршым,панам,данам. Әкемасқар тауым. Мен әкем салған жолмен әкеме
қарап бой түзеп өсіп келемін.Әкемнің
адалдық,кішіпейілділік,төзімділік,мейірімділік
қасиеттерін үйренудемін. Әкемнің ізбасары,әрі
шәкіртті Қайсармын. Әкемді әрқашан жоғары
құрметпен ардақ тұтамын.
Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйінер сенсің тірегім.
Барсамда қайда,жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім.
Қызың Камиладан
Жан әке
Әке-үйдің
тірегі,қамқоршысы,асыраушысы.
Менің әкем-Асан Сәкенұлы.Әкем өте
ақылды,мейірімді. Үйде әкемнің
айтқаны заң.
Әкем үнемі ақыл айтып
отырады.Сабақты жақсы оқы,үлкенді
сыйла,өтірік айтпа, үлкенге
құрмет,кішіге ізет көрсет деп айтады.
Менің әкем өнерлі адам.
Ол домбыра,баян тарта алады және
де басқа өнері бар.
Мен әкемді мақтан етемін.
Қызың Аружаннан
Әке – үйдің тірегі
Менің әкемнің есімі-Мұратбек. Менің әкем
жоғары оқу орнын бітірген. Ол жоғары білімді.
Әкем мейірімді,адамгершілігі мол. Басқа
адамдарға,достарына,жақындарына үнемі
көмектесіп жүреді.Әкемнің спорттан хабары
бар. Ол шахматпен,стол теннисімен,
волейболмен айналысады. Папам ұзын
бойлы, жайлы,үнемі күліп жүреді. Мен
әкемнің осы қасиеттерін бағалаймын.Әкем
астыда дәмді дайындайды. Бос уақытында
сіңілімді үйірмелерге апарады,спорт хабарын
қарайды,жаңалықтар тыңдайды.Әке-үйдің
тірегі.Мен әкемдіжақсы көремін, мақтан
етемін.
Менің әкемнің аты-Серік. Ол мал
дәрігері болып жұмыс жасайды. Мен
әкемді мақтан тұтамын.
Ол бізге ақылын беріп отырады.
Әкем ауыл адамдарына көмектеседі.
Ұлың Тоқтардан
Эссе
Мен әкемді жақсы көремін. Ол маған
бәрін үйретеді.Үйдің тірегі әке. Бұл өмірде
әкесін жақсы көрмейтін адам
жоқ.Сондықтан әке ең ардақты адам.Оны
бәрі біледі.Әкем маған білімді бол,
тәртіпті бол, деп ақылын айтады
Бұл өмірде әкесіз ешкім өмір сүре
алмайды.Мен сондықтан әкемді
ардақтаймын.
Балаң Арсеннен
Эссе
Менің әкем
Менің әкем аты Нығыметов Рүстем. Мен әкеммен
мақтанамын. Менің әкем Елорда да,электрик болып
жұмыс істейді. Менің әкем өте балажан. Әкем мамам
маған ұрысып жатқанда араша түседі.Мен әкемді
жақсы көремін. Мен әкеммен мақтанамын.
балаң Асылан
Әкешім
ӘКЕ
Мен әкемді жақсы көрем. Әкем біз анам
екеуміз,сабаққа кеткенде от жағып,отты
сөндірмей үйді жылы ұстап отырады. Ол
қазір оралда. Қалада жүрсе де мені ойлап
дәптер,қалам беріп жібереді. Әкем мені
“Әшөн”, Кәусарды “Қашөн” дейді. Әкем
бәріміздің қамымызды ойлайды. Тек мен
емес,отбасымыз бәріміз әкені жақсы көреміз.
Қызың Гулназ
Әке туралы (эссе)
Әке біздің бәйтерегіміз.Біз одан таралған
жапырақпыз.Әкемді мақтан тұтам.Ол бізді
тәртіптілікке,ұқыптылыққа,шаруашылыққа,таза
лыққа баулиды. Бала үшін бұл өмірде әкенің
орны ерекше.
Мен әкемді мақтан етемін.
Балаң Қуанжан
Әке туралы
Әке қамқорлығы дегеніміз –әкені
сыйлау,оған үлкен құрметпен,
ілтипатпен қарау,әр баланың парызы.
Әке,әке,әке, қымбат әрине,
Ол –қамқоршы, жанұяға ,әр үйге.
Отан үшін,жанұя үшін,мен үшін,
Аямайды не өмірін,не күшін.
Балаң Саят
4.Әкелерге арналған тренинг.
«Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?»
1.Балаңыздың туған күні, айы жылы?
2.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
3.Балаңыздың парталас көршісі?
4.Кеше сабақтан қандай баға алды?
5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6.Балаңыздың сүйікті түсі?
7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?
9.Балаңыздың ең жақын досы?
10.Балаңыздың сүйікті пәні?