Сабақтың түрі

Download Report

Transcript Сабақтың түрі

Сабақтың тақырыбы:
Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:



Білімділік- етістік бойынша алған білімдерін
жинақтап,етістік түрлерін ажырата білуге дағдыландыру
Дамытушылық-тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу
машықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол
ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын, байқағыштық
қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік- ойын түрлері арқылы оқушылардың
тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін
қалыптастыру,талдауға алынған мысалдар арқылы
адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: КВН үлгісіндегі жарыс
сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-
жауап,сөйлеу,шығармашылық
жұмыстар,сөздерге сатылай-кешенді талдау
жасау.
Сабақтың көрнекілігі: сатылай-кешенді
талдаудың үлгілері,
перфокарталар,тақырыпты ашу үшін
пайдаланатын плакат беттер.
Сабақтың барысы.
А) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа психологиялық
дайындау, ойларын бір ортаға
топтастыру.Сыныпты екі топқа бөлу I топ “Есімше”,
II-топ “Көсемше”. Етістік бойынша топ
басшыларына сұрақтар қойылады. Жеңіске жеткен
топ өздерін бірінші таныстырады
I.Таныстыру. “Біз кімбіз?”
II.Салт-дәстүрім – тірегім.
1-топ Мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар
айтып,етістіктерін тауып,жан-жақты
талдайды.Қосымша сабақты,салт етістіктерді
сипаттайды.
2-топ. Қазақтың тыйым сөздері мен жұмбақтар
айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратып,
ережелерін айтады. Қосымша болымды және
болымсыз етістіктерді сипаттайды.
III. Талдап


үйренейік.
Етістікті сатылай кешенді талдау
1-топ “көрген”етістігіне фонологиялық,ал
“болысты”етістігіне лексикаграмматикалық талдаулар жасайды.

2-топ “жалтылдап”етістігін
фонологиялық, және “қипақтау” етістігіне
лексика-грамматикалық талдау
жасалады.
IV “Атадан қалған асыл сөз”
( өлең жолдарын сөйлемге айналдыр)


“Есімше” тобы Төле бидің өлең
жолдарын сөйлемге айналдырады.
“Көсемше” тобы Қазыбек бидің өлең
жолдарын сөйлемге айналдырады.
V. “Кім жылдам?” ойыны










1 Етістік нені білдіреді?
2 Үнемі көмекші етістіктерді ата.
3 Күрделі етістікті ата.
4 Болымды етістік дегеніміз не?
5 Сабақты етістікке қай септік керек
6 Салт етістікті сабақты айналдыратын етіс түрі
7 Етістің түрлерін ата
8 Етісте етістің жұрнақтары қалай жалғанады
9 Белгісіз біреудің іс-әрекеті қай етіске тән
10 Ортақ етістің жұрнағы зат есімнің жұрнағымен тұлғалас
( омонимдес) келе ме? Келсе қалай ажыратамыз?
V. “Кім жылдам?”ойыны










1 Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
2 Дара етістікті ата
3 Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата
4 Салт етістікке қай септік керек?
5 Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын етіс түрі
6 Етіс дегеніміз не?
7 Іс-әрекеттің иесі өзі болса, етістің қай түрі?
8 Тек қана жіктелетін етістіктің қай түрі?
9 Ырықсыз етістің –ын,-ін,-н жұрнақтарын өздік етістен
қалай ажыратамыз
10 Әрі зат есім, әрі етістік болатын етістік түрі.
VI.Тест тапсырмалары
















1Туынды етістікті табыңдар
а) сұра ә) бөл б) ойла
2 Болымсыз етістіктің жұрнақтарын қайсысы?
а) –у ә) –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе б) –ып,-іп,-п
3 “Сөйлеп тұр”, “жүріп келе жатыр ” құрамына қарай қандай
етістік?
а) дара ә) тұйық етістік
б) күрделі
4 Екі етіс түріне ортақ жұрнақтарды ата
а) –ыл,іл,-л ә) –қыз,-кіз,-ғыз,-гіз б) –ын,-ін,-н
5 Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет
а)-қалы,-келі,-ғалы,-гелі ә) –а,-е,-й б) –ып,-іп,-п
6 Ортақ етісті табыңдар
а) тарс ә) жуыс б) жумас
7 Омоним болатын етістік
а) бақ ә) кел б) бол
8 Өздік етісті табыңдар
а) көрінді ә) көргіз
б)көрісті
VI.Тест тапсырмалары


















1 Етістіктің неше түрі бар?
а) 1
ә) 3 б) 5
2 Ырықсыз етісті табыңдар
а) айтқыз ә) жуынды б) орылды
3 Туынды етістікті табыңдар
а) ойын
ә) ойна б) ойлы
4 –дыр,-дір,-тыр,-тір – қандай етістің жұрнақтары?
а) өзгелік етіс ә) өздік етіс б) ырықсыз етіс
5 Субьектісі белгісіз әрекет қалай аталады?
а) өздік ә) ортақ б) ырықсыз
6 Сабақты етістікті табыңдар
а) әкел ә) көмектес б) қалма
7 Тұйық етістік қай сөйлемде тұр
а)Сабаққа үнемі дайындалу керек
ә)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым
б)Көсеуді пештің қасына қойды
8 Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі
а) сабақты ә) салт
б) есімше
VII.Перфокартамен жұмыс




1-топ “Киіз үй”
2-топ “Түлік төлден өседі”
тақырыптарына мәтін құрастыру.
Мәтін ішінде етістіктер болу керек.
VIII.Оқулықпен жұмыс


1-топ 277-жаттығу. Тұйық етістіктің
қандай мағынада жұмсалып
тұрғанын көрсетіңіз.
2-топ 281-жаттығу. Мысалдардан
тек қана тұйық етістікті сөзді
табыңыздар.
IX.Сабақты қорытындылау
X. Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!