Transcript File

Сын тұрғысынан ойлау - «ойлау
туралы ойлану»
•Ол маңызды мәселелерді
талқылау және тәжірибені ой елегінен
өткізуді қамтиды
•Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы
білім беруді дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты
педагогикалық түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау,
тәжірибе, толғану және ой жүгірту
нәтижесінде
алынған ақпаратты ұғыну, бағалау,
талдау және жинақтауда
қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет
жасауға негіз, түрткі болады
Сын тұрғысынан ойлау бақылау,
тәжірибе, толғану және ой жүгірту
нәтижесінде
алынған ақпаратты ұғыну, бағалау,
талдау және жинақтауда
қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет
жасауға негіз, түрткі болады
Сын тұрғысынан ойлау бақылау,
тәжірибе, толғану және ой жүгірту
нәтижесінде
алынған ақпаратты ұғыну, бағалау,
талдау және жинақтауда
қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет
жасауға негіз, түрткі болады
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының
негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация,
талдау,қорытынды жасау, бағалау,
түсіндіру, метатану кіреді.
метатану – «таным туралы таным», яғни
өзінің ойлау қабілетін түсінудің айрықша
түрі.
интерпретация- қызығушылық туғызған
мәселелерге, ерекше дағдыларға немесе
оқыту түрлеріне қатысты жасалған
логикалық қорытынды.
Джон Дьюи
Білім беру саласында сын тұрғысынан
ойлауды зерттей бастаған алғашқылардың бірі
болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын
қалыптастырудың білім беру бағдарламасы
тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін
және барлық демократиялық құрылыс үшін
тиімді болуына бағыттау керек екендігін
мойындатқан ғалым.
Сыни ойлау
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан
ойлау үдерісі:
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан
талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен
жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде
болжамдар мен ұсыныстарды
қайта қарауды қамтиды.
Сын тұрғысынан ойлау нені көздейді?
• Айтқандарын негіздеуге және өмірлік
тәжірибеден “сабақ алуға”
• Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ
қою, тапсырма беру және басқалардың
идеясын сыни бағалау білу
• Басқалардың сыни бағалауына және
пікіріңіздің қате болуына ашық болу
• Идеяларды тексеріп, “шындықты” іздеуге
ұмтылу
Оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлауының негізгі ерекшеліктері:
• Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға
ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің
орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп,
кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға
емес, себепке негізделу (бірақ төменде
айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да
болуы ықтимал).
• Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық
қорытындыларды бағалау; болжамды
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын
қарастыру; баламалы интерпретацияларға
ашық болуға ұмтылу.
• Пайым: дәлелдердің деңгейі мен
маңызын мойындау; балама жорамалдар
мен мүмкіндіктердің орынды екендігін
немесе артықшылығын мойындау.
• Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты
болу (барлық дәлелдерді есепке алып,
барлық көзқарастарға көңіл бөлу).
• Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз
бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен
болжамдарымыздың субъективті екенін
сезіну.
Сыни ойлайтын балалар
• белсенді болады, олар сұрақ қойып,
дәлелдерді талдайды, мағынаны
анықтау үшін саналы түрде
стратегияларды қолданады;
• олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу
дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай
отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай
адамдар жаңашыл идеялар мен
келешекке ашық болады.
Мұғалімнің сын тұрғысынан
ойлауы
• мұғалімнің өзінің оқыту және оқу
тәжірибесіндегі проблемаларды
анықтап, мойындауға, оларды
шешудің тиімді жолдарын табуға,
тәжірибеде болып жатқан өзгерістер
жайлы орынды дәлелдемелерді
жинап, жіктеуге және сенімді
қорытындылар жасауға негізделеді
Бенджамин Блум
(1913-1999)
–америкалық психолог
• 1960 жылдары Б.Блум кейіннен
«Блум таксономиясы» деп аталып
кеткен тұжырымдаманың негізін
құраған екі монография басып
шығарды: «Адами мінездемелер
тұрақтылығы мен өзгеруі» және
«Білім мақсаттарын жіктеу»
Блум таксономиясы
Денсаулық үшін қай жемістің пайдасы көп?
Алма мен апельсинді пайдаланудың
денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
Бәліш пісіру үшін бұлардың қай түрі жарамды,
неге?
Бұлармен тамақ дайындаудың үш тәсілін
сипаттаңыз және олардың қайсысы
денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін
түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға
арналған сілтемелер беріңіз
Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне
өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды
қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз
Бұл жемістердің қайсысынан
жасаған тосап пайдалы деп
ойлайсың? Пікіріңізді дәлелдеңіз..
Эдвард де Боно
Ақылдың алты қалпағы
•
•
•
•
•
• Ақ қалпақ- ақпараттар, фактілер,нақтылық.
Қара қалпақ- ақиқатты көру, сақтану, логикалық
креативті ойлауы, “әзәзілдің қорғаушысы”
Сары қалпақ- оптимизм, позитивті ойлау,
сәулелі өмірге талпыныс, жетістіктер мен
пайдалы нәтиже.
Қызыл қалпақ- эмоция, ішкі түйсік,сезім.
Жасыл қалпақ- жаңа идея,алтернативті ойлау
Көк қалпақ- байсалдылық, ізетті басқару,
идеяларды таразылау,болашаққа бағдар
Тапсырма
• . Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте
қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар
тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен
ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу
тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау
қызығушылығы пайда болады. Олар лезде
берілген шағын материалды меңгеріп алып,
оны өте жақсы кері айтып бере алады.
Балалардың жасы қосылған сайын мұндай
факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.
Рефлекция