Бағалау – бұл өнер! Биыл Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 20

Download Report

Transcript Бағалау – бұл өнер! Биыл Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 20

Бағалау – бұл өнер!
Биыл Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығын
тойлайды. 20 жыл бұрын яғни 1991 жылы
желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Коституциялық
Заңы қабылданғаннан кейін Қазақстан алғаш рет
заңды түрде тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие
болды және мемлекетте нарықтық экономиканың
дамуы бастау алды.
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
Қазақстан Республикасының
құқықтық саясат Концепциясында:
«Нарықтық экономиканың басты
құралы болып бағалау қызметі
саналады, оны құқықтық реттеу
әрдайым назарды және жетілдіруді
талап етеді » делінген.
Қазақстандағы бағалау қызметінің
қалыптасуын қарастырғанда өткен
жылдар ішінде біздің елімізде бағалау
қызметі «бағалау» мамандығын ресми
танығаннан және елімізде алғаш
бағалаушылардың қоғамдық ұйымы
құрылғаннан мүліктің құнын
бағалаудың жалпымемлекеттік
жүйесінің қалыптасуына дейінгі
үлкен жолды өткенін атап кету қажет.
Қазақстандағы бағалау
қызметінің
қалыптасуының бірнеше
кезеңдерін бөліп
көрсетуге болады
Қазақстандағы бағалау
қызметінің дамуының алғашқы
кезеңдерінің бірі ретінде 1994
жылы қабылданған ҚР Жоғарғы
Кеңесінің №151-XII «Мүлікті
бағалау туралы ережені» санауға
болады
Екінші кезеңі ретінде 1997 жылы 7
тамызда ҚР еңбек және
әлеуметтік қорғау Министрлігінің
№130 бұйрығының қабылдауын
санауға болады. Бұл бұйрық
бойынша мүлікті бағалау
бойынша сарапшы ретінде
«бағалау» мамандығының
квалификациялық сипаттамасын
бекітілді.
1998 жылы ҚР
«Лицензиялау туралы»
Заңына жылжымайтын
мүлікті бағалау деп
аталатын қызмет түрі
енгізілді.
Ақырында 2000 жылы 30
қарашада «Қазақстан
Республикасындағы
бағалау қызметі туралы»
ҚР Заңы қабылданады.
ҚР бұл Заңына сәйкес
бағалау қызметінің 4
бағыты ерекшеленді:
- жылжымайтын мүлікті
бағалау;
- жылжитын мүлікті
бағалау;
- мүліктік кешен ретінде
кәсіпорынды бағалау;
- интеллектуалды
меншікті бағалау.
Аса маңызды кезең болып
«Қазақстан
Республикасындағы
бағалау қызметі туралы»
ҚР Заңына 2009 жылы
қыркүйек айында енгізілген
өзгертулер мен
толықтырулар саналады.
Бағалаушылар палатасына жүктелген
қызметтері келесілерге:
- бағалаушының кәсіби және іскерлік
этикасының ережелерін бекітуге және
өңдеуге;
- бағалаушыларды оқытуды жүзеге асыруға
және қайта дайындауға;
- палатаға мүше болатын бағалаушылардың
мүдделеріне өкілдік етуге;
- өз мүшелерінің әдістемелік және
ақпараттық қамтамасыз етілуін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
2007-2010 жылдар аралығындағы бағалау
қызметіндегі өзгерістер:
- «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді (09.11.09);
- Республикалық бағалаушылар палатасының
құрылуының аяқталу кезеңі;
- Бағалау қызметіндегі сұрақтар бойынша
өткізілетін дөңгелек үстелдер, семинарлар мен
конференциялар;
- Бағалау туралы есеп берулердің сараптамасы
құрылды (облыстық палаталардың сараптама
Кеңесі және Республикалық бағалаушылар
палатасы).
Неліктен жылжымайтын мүлік нарығына
ерекше көңіл бөліну сақталады:
- екінші деңгейлі банктердің ЖМ нарығымен
қарым қатынасы анықтаушы болып
табылады, себебі банкке қойылатын
кепілдердің 60%-дан астамы жылжымайтын
мүлік болып табылады;
- мәселенің әлеуметтілігі (халық тұрғын
үймен қамтамасыз етілуі тиіс, ипотекалық
қарыздарды төлемеумен және
үлескерлермен байланысты мәселелер);
- инвестициялау үшін басқа шынайы
бағыттардың жоқ болуы.
Бағалау қызметінің биылғы жылғы
жағдайына баға берейік:
- қазіргі таңда халықтың сатып алу
қабілеті төмендеуде (халықтың 15%
ғана жылжымайтын мүлікті
ипотекаға алуға немесе сатып алуға
мүмкіндігі бар);
- дағдарыс жағдайында халық бірінші
қажеттілігін қанағаттандыратын
тауарларын және коммуналды
қызмет төлемдерін төлейді;
- ипотека алу шарттары қатайтылуда
(алғашқы жарна, қарыз алушының
төлем қабілеттілігімен зерттеу, несие
ставкасының жоғары болуы);
- екінші деңгейлі банктер кепілде
тұрған жылжымайтын мүлікті сатуды
жүзеге асырады, себебі
қорландырудың басқа қайнар көздері
жоқ;
- құрылыстың инвестициялық
қызықтырғыштығы төмендейді, себебі
салуға болады бірақ кімге сатамыз?