ЖҰРНАҚТАР».

Download Report

Transcript ЖҰРНАҚТАР».

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БІЛІМ ОРДАСЫ
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы
СЛАЙД-ЛЕКЦИЯ
Тақырыбы: «ЖҰРНАҚТАР». «ЕСІМШЕ». «КӨСЕМШЕ»
Пәні: Қазақ тілі
Барлық мамандықтың студенттеріне арналған
Авторлары:
Оқытушы Қ.Қ. Нұржанова
Қарағанды 2012
СЛАЙД-ЛЕКЦИЯНЫҢ
ЖОСПАРЫ:
1. Жұрнақтар;
2. Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар;
3. Сын есім, сан есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар;
4. Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар;
5. Сын есім тудыратын жұрнақтар;
6. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар;
7. Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар;
8. Сын есім, сан есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар;
9. Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар;
10. Есімше;
10.1 Келер шақ есімше.
11. Көсемше.
1 ЖҰРНАҚТАР
Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын
қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұрнақтың екі түрі бар:
1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші
жұрнақтар.
Өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына
тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп
аталады. Мысалы: ән-ші, заман-дас, етік-ші, еріншек.
Өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа
мағына үстейтін, бірақ негізгі лексикалық мағынаны
өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші деп аталады.
Мысалы: үй-шік, кітап-ша, қызыл-дау, сұр-ғұлт.
2 ЗАТ ЕСІМНЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
-шы, -ші
Мысалдар
ән-ші, тарих-шы, хат-шы
-лық, -лік, -дық,
-дік, -тық, -тік
-лас, -лес, -дас, -дес,
-тас, -тес
бала-лық, сенбі-лік, түс-тік,
ұстаз-дық, ұлт-тық
парта-лас, пікір-лес, дәм-дес,
заман-дас, туыс-тас
3 СЫН ЕСІМ, САН ЕСІМДЕРДЕН
ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
-лық, -лік, -дық,
-дік, -тық, -тік
-шылық, -шілік
Мысалдар
Сын есім
жақ-сылық, игі-лік, батылдық, кербез-дік, ақымақ-тық,
пәк-тік
мол-шылық, көп-шілік
Сан есім
-лық, -лік, -дық, -дік, алты-лық, бір-лік, он-дық,
-тық, -тік
жүз-дік, қырық-тық, бес-тік
4 ЕТІСТІКТЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-ма, -ме, -ба, -бе, суыр-ма, бөл-ме, сыз-ба, сүз-бе,
бас-па, кіріс-пе
-па, -пе
-қы, -кі, -ғы, -гі
шап-қы, күл-кі, шыл-ғы, сүз-гі
-ым, -ім, -м
келіс-іс, жаз-ым, біл-ім, тоқта-м
-ақ. –қ, -ек, -к,
-ық, -ік
-қыш, -кіш, -ғыш,
-гіш
қон-ақ, сұра-қ, жүр-ек, бұйыр-ық,
түсін-ік
жап-қыш, сүрт-кіш, сыпыр-ғыш,
өшір-гіш
Жұрнақтар
Мысалдар
шығ-ын, жи-ын, ег-ін, түйін, тол-н, бора-н
-ыш, -іш, -ш
қуан-ыш, өтін-іш, сағын-ыш,
сүйін-іш
-қиын, -кін, -ғын, -гін тас-қын, көш-кін, ер-кін
-ын, -ін, -н
- ынды, -інді
қорыт-ынды, үй-інді
-мақ, -мек, -бақ,
-бек, -пақ, -пек
-у
сал-мақ, өр-мек, жұм-бақ,
бат-пақ, піс-пек
-уыш, -уіш
тырна-уыш, түйре-уіш
еге-у, жаса-у, кесе-у
5 СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-лы, -лі, -ды, -ді, пайда-лы, үлгі-лі, ақыл-ды, тас-ты,
-ты, -ті
шөп-ті
-лық, -лік, -дық, қала-лық, көйлек-тік, жолдас-тық,
-дік, -тық, -тік
өлке-лік, қоғам-дық, шешен-дік
-лас, -лес, -дас,
-дес, -тас, -тес
сыр-лас, көрші-лес, ауыл-дас, дәмдес, туыс-тас, қызмет-тес
-сыз, -сіз
-қы, -кі, -ғы, -гі
ақыл-сыз, білім-сіз
қыс-қы, кеш-кі, жаз-ғы, күз-гі
6 СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-шыл, -шіл
арман-шыл, күлкі-шіл, ұйқы-шыл
-шаң, -шең
бой-шың, кейлек-шең
-дар, -тар
қырғыз-дар, борыш-тар
-мал
-кер, -гер
бауыр-мал
табыс-кер, шипа-гер
--дай,
тау-дай, түлкі-дей, ат-тай, сүт-тей
-дей,
--тай, -тей
7 ЕТІСТІКТЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-қақ, -кек, -ғақ,
жабыс-қақ, майыс-қақ, тоңғақ
-гек
-ақ, -ек, -ық, -ік, -к, -қ қес-ек, сын-ық, іс-ік
-қыш, -кіш,
-ғыш, -гіш
-шақ, -шек
тап-қыш, кес-кіш, сез-гіш,
болжа-ғыш
мақтан-шақ, ерін-шек
8 ЗАТ ЕСІМНЕН ЕТІСТІК ТУДЫРАТЫН
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-ла, -ле, да, -де,
-та, -те, -а, -е
- лас, -лес, -дас,
-дес, -тас, -тес
ой-ла, шеге-ле, тұз-да,
сурет-те, ас-а, өрт-е
бас-та,
-қар, -кер, -ғар,
-гер
бас-қар, ат-қар, ес-кер, су-ғар, теңгер
-лан, -лен
пайда-лан, ашу-лан, үй-лен, иелен
сауда-лас, қате-лес, ақыл-дас, тілдес, дос-тас, көмек-тес
9 СЫН ЕСІМ, САН ЕСІМДЕРДЕН ЕТІСТІК
ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
Сын есім
-ла, -ле, -да, -де, жұқа-ла,
әдемі-ле,
жаман-да,
-та, -те
жеңіл-де, арық-та, тік-те
-ар, -ер, -р
жас-ар, ағ-ар, көг-ер, таза-р
-ай, -ей, -й
мол-ай, күш-ей, көб-ей, қара-й
-ла, -ле, -да, -де
-лес, -дес
Сан есім
алтау-ла, екеу-ле, он-да, жүз-де
бір-лес, жүз-дес
10 БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫНАН
ЕТІСТІК ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
Үстеу
-ла, -ле, -да, -де, жоғарыла, ілгері-ле, жылдам-да,
-та, -те
төмен-де, шақ-та, қыс-та
-лы, -ле
Одағай
ойбай-ла, құрау-ла, көке-ле, уһ-ле
Еліктеу сөздер
-ла, -ле, -да, -де, зу-ла, сылдыр-ла, тырсыл-да,
-та, -те, -ыра,
желпіл-де, салпақ-та, жарық-ыра,
дүрк-іре
-іре
11 ЕСІМШЕ
Есімше де, етістікке де тән грамматикалық
белгілерді қамтитын етістіктің түрін есімше деп
атайды. Есімше есімдерше жіктеледі, көптеледі,
септеледі және тәуелденеді. Есімшенің үш түрі бар:
өткен шақ және келер шақ, ауыспалы осы шақ.
Түрлері
Өткен шақ
есімше
Ауыспалы
осы шақ
Жұрнақтар
-ған, -ген, қан, -кен
-атын, -етін,
йтын, -йтін
Мысалдар
жаз-ған, сөйле-ген, айтқан, аш-қан, кет-кен
жаз-атын, бар-атын,
кел-етін, сана-йтын,
ойна-йтын, сөйле-йтін,
биле-йтін
10.1 КЕЛЕР ШАҚ ЕСІМШЕ
Түрлері
Болжалды
келер шақ
Жұрнақтар
Мысалдар
-р, -ар, -ер сөйле-р, ойла-р, оқы-р,
айт-ар, жаз-ар, көр-ер
Мақсатты
келер шақ
-мақ, -мек,
-бақ, -бек,
-пақ, -пек
қара-мақ, сөйле-мек, келмек, жаз-бақ, көн-бек,
сыз-бақ, айт-пақ, аш-пақ,
кет-пек
11 КӨСЕМШЕ
Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен
тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етістіктің
түрін көсемше деп атайды. Көсемше қайтіп? не
істегелі жатыр? не істеді? деген сұрақтарға жауап
береді.
Түрлері
Жұрнақтар
Мысалдар
Ауыспалы
-а, -е, й
жаз-а, бар-а, ойла-й,
шақ көсемше
кел-е, бер-е, тыңда-й
Өткен шақ
-ып, -іп, -п
жаз-ып, бар-ып, кел-іп,
көсемше
сөйле-п, биле-п
Келер шақ
-қалы, -келі, - ат-қалы, жүр-гелі
көсемше
ғалы, -келі
сана-ғалы, кел-гелі
ТАПСЫРМАЛАР
1. Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз. Оқу, оқушы, көктем, күз, Қарағанды,
жаңбыр, тау, кітапхана, өнер-білім, жел, көріпкел,
жұмыскер.
2. Сын есімдерді тауып, мағынасына, тұлғасына,
құрамына қарай талдаңыз.
Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері
болаттай иірілетін, күнге күйген тобылы торы
екен (Ғ.М.). Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
олақ жігіт лңай жұмысты күш қылар (Мақал).
Хасен – ұзынша бойлы, шүңірек үлкен сұр көзді, қыр
мұрында, ат жақты, қапсағай, ашаң сіңір денелі,
көселеу сұр жігіт (С.С.).
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Сын есім тудырушы жұрнақтарды анықтаңыз:
а) –ыншы, -інші;
б) –лы, -лі, -сыз, -сіз;
в) –ма, -ме, -ба, -бе;
г) –ша, -ше, -лап, -леп;
д) –ыс, -іс, -с.
2. Етістіктің болымсыз түрінің жұрнағын анықтаңыз:
а) –қа, -ке, -ға, -ге;
б) –ма, -ме, -ба, -бе;
в) –та, -те, -да, -де;
г) –сы, -сі, -ы, -і;
д) –ыс, -іс, -с.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі
(оқыту
орыс
тілінде
жүргізілетін
топтың
студенттеріне арналған оқу құралы) Семей 2007.
2. Бектұров Ш., Серғалиева М. Қазақ тілі,
Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне
арналған оқу құралы. –А., 1979.
Назарларыңызға рақмет!