Transcript ***** 1

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев
“Түркістан”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы алған
теориялық білімдерін жаңғыртып, тереңдете түсу,өлеңнің
көркемдік идеясымен таныстыру, тақырыбын ашу
Дамытушылық.
«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі
тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып,
жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік.
М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге
тәрбиелеу.
• Сабақтың түрі : дәстүрлі
• Сабақтың типі: аралас сабақ
• Сабақтың әдісі: СТО
стратегиялары
• Сабақтың көрнекілігі: портрет,
слайд,парақшалар.
• Пәнаралық байланыс: тарих,
география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
• Оқушыларды түгендеу .
• Сабаққа әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
М. Дулатұлының
“Шешенің балаларын сүюі”
Оқушылардан өлеңді жатқа сұрау.
Өткен сабақты пысықтау.
“Жылдам жауап” ойыны.
1. М Дулатұлының туған жылы?
2. Ақынның туған жері?
3. Сауат ашқан мектебі?
4. Алғаш атқарған қызметі?
5. Алғаш жарық көрген өлеңі?
6. Алғаш жарық көрген өлеңдер жинағы
7. Қашан және қайда жарық көрді?
8. Әдебиет тарихындағы тұңғыш роман?
Жаңа сабақ
І.Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Оқулықтағы ақынның өмірі жайлы мәтінді
өздеріне оқытып, түртіп алу стратегиясын
қолданамын
V
білетін
ақпарат
+
?
Жаңа ақпарат
Сұрақ
Келіспеймін
Оқушы ойын толықтырып, хронологиялық кестені толтырамыз
Жылдар
Маңызды оқиғалар
1893 ж
Солтүстік Қазақстан облысы , Сасықкөл мекенінде
дүниеге келген
1905 ж
Қызылжардағы медреседе оқиды
1910 ж
Медресені жақсы үлгеріммен аяқтайды.
1910-1912 жж
Уфадағы Ғалия медресесінде білім алады.
1913 ж
Қазан қаласында “Шолпан ”атты өлеңдер жинағы жарық
көреді.
1913 -1917ж
Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
1923-1926 ж
Мәскеудегі әдеби-көркем институтын бітіреді.
1925 ж
“Алқа” әдеби үйірмесін құрады.
1927 ж
Елге оралады.оқытушылық қызметпен айналысады.
1929 ж
“Алқа” астыртын ұйымын құрды деген жаламен 10 жылға
сотталады.
1936 ж
М.Горькийдің араласуымен бостандық алады.
1937 ж
қайта тұтқындалады.
1938 ж
19 наурыз күні кеңес үкіметіне қарсы деген айыппен ату
жазасына кесіледі.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында
Мағжан – ұлы
ақын
Мағжан –
лирик,
сыршыл ақын
Мағжан – эпик
ақын
Мағжанның
поэмалары
Жүсіпхан
Қорқыт
Батыр Баян
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды
сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,
алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан
соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті
зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен
күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның
шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар
жазушысының ішінен келешекке бойұрып,
артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз –
Мағжанның сөзі»
Мұхтар Әуезов
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол
жүректің қобызын шерте біледі, оның
жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті
сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан
не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын
құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан
таба алмайсыз.
Жүсіпбек Аймауытов
2. “Түркістан” өлеңін мәнерлеп оқыту
3. Мазмұнына талдау жасау.
•
•
•
•
•
Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
Тұран жері – түркілер елі.
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер
түрік.
Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
Туған жер – тұғырың.
“Түркістан” өлеңіндегі белгілі
тұлғаларды таныстыру.
Зұлқарнайын
Афрасияп
Тәуке хан
Шыңғыс
хан
Фараби
Белгілі тарихи
тұлғалар
Абылай
хан
Есім хан
Ақсақ Темір
Қасым хан
Ибн-Сина
Түсіндірме сөздік
Екі дүние есігі –
осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері,
қасиетті
жер деген мағынада
Несібі –
байлығы
Тұран –
түркілердің астанасы
Ұсап –
ұқсап
Енші алысу – ата-аналарының материалдық байлығынан
балаларының алатын үлесі
Алаш –
қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен,
әзірбайжан, татар, т.б.
Көксеу –
сағыну.
Өлеңнің тіліне талдау жасау
(Дәптермен жұмыс)
• Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты
қайрат, жүйрік қиял.
• Метафора: от болып туған, отқа
ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш,
Алаштың арыстаны.
• Теңеу отты желдей, қалың өрттей,
теңіздей терең, найжағайдай өте
шыққан.
Өлеңнің құрылысына талдау
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып- өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
• 24 шумақты , 4 тармақты, 11 буынды
қара өлең ұйқасы.
ІІІ Ой толғаныс
• Екі түрлі түсініктеме күнделік тарату
Қатты әсер
еткен жер
Үзінді жайлы
пікірім
«Артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз – Мағжанның
сөзі»
(М.Әуезов)
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі
де ерекше бөлек еді. Ақындық
өміріне, біліміне келсек, алаштың
екі күшті адамының бірі, тіпті ең
дарындысы, күштісі Мағжан
болатын. Бірі – біздің осы күнгі
М.Әуезов»
(С.Мұқанов)
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Түркістан» өлеңін
8 шумағын жаттау.
Тарихи деректер жинақтау.