Мақсаты

Download Report

Transcript Мақсаты

Ұлттық волонтерлік желінің
таныстырылымы
Ұлттық волонтерлік желі:
Құрылған уақыты: 2010 жылғы 30 сәуір.
БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы және Қазақстанның
Азаматтық Альянсының жобасы.
Волонтерлік ұйымдарды, волонтерлермен жұмыс
жасайтын ҮЕҰ-дарды, сонымен қатар, волонтерліктің
дамуына қызығушылық білдіретін жеке тұлғаларды
біріктіреді.
Мақсаты: еріктілік бастамалардың әрі
азаматтық қоғамның толыққанды және
үдемелі дамуы. ҚР-сында волонтерлік
мәдениетті дамыту.
Желінің дамуы:
ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім әрі
машықтарға үйрету, қолдау көрсету және т.б. (қазіргі уақытта
желіге бүкіл Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді).
Білім беретін волонтерлік лагерлер/мектептер:
2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс
істейтін ҮЕҰ-дарға арнап, Бурабай жерінде халықаралық
волонтерлік лагерь өткізілді. Оған Қытайдан келген
эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ Бейбітшілік
Корпусының волонтерлері қатысты.
Биылғы жылдың жаз мезгіліне волонтерлер мектебі
жоспарлануда.
Халықаралық қызметтестіктің дамуы: Қазақстандағы БҰҰ
Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, ASA
германдық қызметі.
ҰВЖ-мен серіктестікте өткен шаралар:
Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау
даму министрлерінің 6-шы конференциясы (MCED-6).
ЕҚЫҰ Саммиті.
2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары.
Аталмыш шаралардың топтар көшбасшыларын және
волонтерлерін дайындау бойынша негізгі жаттықтырушылар –
ҰВЖ мүшелері.
«Бірлігіміз жарасқан! Көптің тілегі – күш!» атты концертфестиваль, Астана қ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 17 сессиясы.
Жоспарланған шаралар:
1. “Дамуға қосқан үлесіміз” әлеуметтік науқаны (науқан мамыр айында басталады).
Мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеуге ел тұрғындарын тарту.
Азаматтардың ел дамуына қосып жүрген үлестерін олардың тұлғалық нақты
жетістіктері арқылы көрсету.
2. 1-маусым күніне бағытталған республикалық қайырымдылық акциясы.
Мақсаты: Қайырымдылық сұрақтарына жұртшылықтың назарын аударту.
3. Қазақстанда жетімдікті болдырмау және төмендетуге бағытталған халықаралық
конференция.
Мақсаты: Жетімдікті төмендету бойынша ҮЕҰ-дарға және мемлекеттік
органдарға ұсыныстар мен нұсқауларды құрастыру. ҚР-сында жетімдікті
болдырмау және төмендету бойынша жоспарды орындау жөніндегі жұмыс
тобын құру.
4. «Қазақстандағы волонтерлік іс-әрекеттердің құқықтық аспектілері»
республикалық конференциясы.
Мақсаты: Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуы бойынша, сонымен
қатар ҮЕҰ-дардың V Азаматтық Форумына ұсыныстар мен нұсқаулар құрастыру.
Желіге мүше болу қандай мүмкіндіктерді береді?
Волонтерлік туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу.
Волонтерлікті дамытуға қызығушылық білдіргендерге
өзара көмек, өзара қолдау көрсету әрі өзара
байланыс орнату.
Білім алу мүмкіндігі; іссапарлар.
Гранттар алу және бірлескен желілік жобаларды іске
асыру мүмкіндігі және т.б.
Бізді Интернетте қалай табуға болады?
Сайт: www.volontery.kz
Фейсбукте: ww.facebook.com/kzvolontery
Вконтакте сайтында: http://vkontakte.ru/kzvolontery
Твиттер: https://twitter.com/kzvolontery
ҰВЖ-мен жұмыс жасау бойынша байланыс
ақпарат:
ВЕРА КИМ
“Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ
Волонтерлік бағдарламалар директоры
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ
Астана қ., Иманбаев к-сі, 8. Ішкі офис 38
Тел: 8 (7172) 94 62 63
Факс: 8 (7172) 94 80 73
E-mail: [email protected]