Электронды оқу басылымдары

Download Report

Transcript Электронды оқу басылымдары

Шошак Мереке
Электрондық оқулық
курсының жалпы
ұғымдары
Өскемен, 2007ж
Электрондық басылым
бұл графикалық, мәтіндік,
цифрлік, музыкалық, видео,
фото және т.б. ақпараттар,
сонымен қатар басылым
мәліметтерінің жиынтығы
Электронды басылым
магниттік (магниттік таспа,
магниттік диск, т.б.), оптикалық
(СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I,
CD+ және т.б.) электронды
тасушыларда болуы және
электронды компьютерлік
желілерде жариялануы мүмкін
Электронды оқу басылымдары
электронды оқулықтар, электронды
оқу құралдары (пособие) –білімді
бақылауға және автоматтандыруға,
сондай-ақ тиімдеуге негізделген,
оқу курсы мен оның жеке
бөлімдеріне сәйкестелінген, білім
беру траекториясы мен әр түрлі оқу
жұмыстарын анықтауға мүмкіндік
беретін электронды басылым
Электронды оқулық
оқу курсы мен оның тарауларының
жүйелік мазмұнынан тұратын,
мемлекеттік білім беру стандартына
сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым
оқулықтың, анықтамалық, тапсырмажаттығулардың және лабраториялық
практикумдардың және т.б.-ң қасиеттерін
қамтыған мемлекеттік органдармен
нақты бекітіліп мәртебеге ие болған
электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы
(пособие)
толық және жартылай
электронды оқулықты
алмастыра алатын,
мемлекеттік білім беру
стандартымен нақты
бекітілген басылым.
Электрондық білім
беру өнімдері:
Диагностикалық
бағдарламалар – оқушылардың
қате қимылдарының алдын алу,
білімін, іскерлігін, дағдысын
бағалау, интеллектуалдық даму
деңгейін тексеру үшін
қолданылатын бағдарламалар
Пәндік бағытталған орта
оқылып отырған объектілерді
немесе олардың белгілі бір пәндік
ортадағы қарым-қатынастарын
модельдеуге мүмкіндік береді.
Олардың көмегімен оқу іс-әрекеті,
кейбір пәндік аймақтарға
байланысты заңдылықтар
ұйымдастырылады.
Жаттықтырушылар
(тренажеры-оқытушы
бағдарламалар) –
оқу іс-әрекетіндегі іскерлік пен
дағдыларды жетілдіретін
арнайы бағдарламалар.
Сондай-ақ өздік жұмыстар,
өткенді қайталауға арналған
бағдарламалар.
Оқыту мақсатындағы
мәліметтер қоры
нақты құрылған және
ұйымдастырылған
электронды ақпараттар
жиыны.
Электронды курстық
кейстер
CD дискта орналасқан,
берілген курс және
мамандықтың оқу
жоспарында көрсетілген
барлық пәндердің оқу және
әдістемелік материалдар
жиынтығы.
Электронды дәрістер
бірнеше слайдтан тұратын,
видеоақпарат, әртүрлі
дыбыстар мен анимация
элементтерімен
толықтырылған
компьютерде Power Point
дестесімен жасалған дәріс.
Электронды оқу
басылымдарының құрылымы
екі бөлімнен тұрады:
инварианттық және
вариативтік бөлім.
Инварианттық бөлім:
Титульдік бет – электронды
басылымының тақырыбы, авторы, яғни жасап шығарушысының аты-жөні, шығару
уақыты, т.б. мәліметтер
көрсетіледі;
Аннотация – курстың мақсатын,
өзектілігін, нәтижелілігін және
потенциалды қолданушылары
туралы қысқаша мәліметтерді
қамтиды;
Тақырыбы – жасалып отырған
оқу курсының және семантикалық оқу бірліктерінің
тақырыптары (бөлім, параграф,
т.б.) кіреді;
Бағыттауыш
электронды оқу басылымдарының элементтері арасындағы
байланысты және электронды
оқу басылымы бойынша жылжу
мен бағдарлауға қажетті
құралдарды көрсетеді.
Бағыттауыш электронды оқу
басылымының әрбір бетінде
болуы керек;
Мазмұны
электронды оқу басылымының есептері мен
мақсаттарына байланысты оқу материалдарының барлық
көлемін қамтиды;
Қолданылған
әдебиеттер тізімі;
Тапсырмалары - өткен материлды
меңгеру мақсатымен әртүрлі
қиындық деңгейдегі тапсырмалар
мен түрлі типтегі тапсырмалар
берілуі керек. Дұрыс жауапты
белгілегенде жай табу әдісі болмас
үшін, сұрақтар мен жауаптар
жеткілікті ойланып жасалуы керек.
Вариативтік бөлім:
Тесттер – сәйкес қарастырылып отырған оқу курсы
немесе оның жеке бөлімдерінің білімдерін бақылау
және оқуды оптимизациялау
мен автоматтандыруға
арналған;
Анықтама
оқу курсының әрбір
модулі бойынша ақпаратты оқу материалының
тесттік, кестелік және т.б.
оқу-әдістемелік мағлұматтарын қамтуы керек;
Көмек
электронды оқу басылымының
жұмысын басқаратын ақпарат
пен минималды жүйелік талаптар болуы қажет, электронды
оқу басылымын іске қосқаннан
бастап оған констексттік
қатынағанда көмек көрсетуі
тиіс;
Дыбыс, видео, анимация
элементтері
курстың алдына
қойылған мақсаты
мен есептеріне байланысты вариативтік
компонент болып
табылады;
Глоссарий – оқылып отырған пәнге байланысты негізгі терминдер мен олардың анықтамаларын қамтиды;
- Және т.б. элементтер
Қазіргі кезде электронды
оқулықтарды жасауда және
Web-парақтарын визуальді
жобалауда жиі қолданылып
жүрген бағдарламалардың
бірі болып
Front Page бағдарламасы
саналады.