көшіріп алу

Download Report

Transcript көшіріп алу

 Ә.Науаи атындағы №11 жалпы орта мектеп 

Тұйық етістіктің түрленуі

  Қазақ тілі пәні мұғалімі: Жорабекова Насима Қамбарқызы

 Сабақтың мақсаты

а) білімділік : оқушыларға тұйық етістіктің түрленуі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру. ә ) дамытушылық : ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, тұйық етістікті берік есте сақтауға дағдыландыру, берілген мысалдар арқылы тұйық етістікті құрамына енгізіп сөйлемдер құрастыру, ойлау қабілеттерін арттыру .

б )тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, сабақта қолданылатын мәтіндер, мысалдар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі Сабақтың түрі Баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, постер қорғау,сұрақ-жауап, интербелсенді оқыту әдісі Топтық жұмыс Сабақтың көрнекілігі Слайдтар, карталар, шығармашылық бұрыш

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі Топтастыру; Топ ережелері II Үй тапсырмасын сұрау Ой-толғау жазбаларын оқыту,талдау Өткен тақырыптарды пысықтау III Жаңа тақырып Тұйық етістіктің түрленуі IV Ой-қозғау V Оқулықпен жұмыс Сергіту сәті VI Сабақты қорыту VII Үйге тапсырма

Үй жұмысын тексеру  «Дос», «Достық»туралы ой-толғау  Мәтіннен есімше,көсемшелерді табу

Ой қозғау

 Мақал-мәтелдерден түсіп қалған етістіктерді табыңдар,талдау .жжасаужж  1.Досы көпті жау ...

 2.Ердің атын еңбек ...

 3.Айтпас жерде сөзіңді ...

 4.Тау таумен ... ,Адам адаммен ...

 5.Өтірік өрге ...

Етістіктер

Жеңеді Келетінде Келуі Жеңеді Қорғайсың Барулары Жолықпаспыз Тыңдағаныңыз Көріпсіздер

Көптік жалғау

Ой қозғау

Септік жалғау Тәуелдік жалғау Жіктік жалғау

 Тұйық етістіктің жасалуы Тұйық етістік бір ғана –у жасалады.

жұрнағы арқылы •Қара-у •Көр-у •Ойла-у •Шегеле-у Негізгі етістік Болымсыз етістік Туынды етістік етіс •Алма-у •Жүрме-у •Ашқыз-у •Оқыт-у

Көсеуді әперші (заттық) Отты көсеу керек (қимылдық) Сабаумен жүн сабайды Малды сабауға болмайды

Тұйық етістіктің түрленуі  Менің көруім  Көруге бардық  Мен көрумін х  Олар көрулер х  Сендердің көрулерің  Яғни,тұйық етістік:____________________  ___________________________________ _  _____________________________________

Ойлан,ізден, тап!

Оқулықпен жұмыс  210-жаттығу.Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып жазып,жалғау түрлерін анықтау.

 211-жаттығу.кестеге 4 мысал жазып, тәуелдеп,септеп, көптеңдер.  Құтқаруға,жығылды сөздеріне морфологиялық талдау жасау  Қалың қарға омбылап, малтығып келеді (етістіктерді сөйлем мүшесіне талдау).

Сабақты бекіту сұрақтары       Тұйық етістік дегеніміз не?

Тұйық етістіктер қандай мағынада қолданылады?

Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?

Тұйық етістік неше түрлі септеледі?

Тұйық етістік қай жалғауды жалғамайды?

Тұйық етістіктің жұрнағы етістіктің қандай түрлеріне жалғанады?

 Бүгінгі тақырыптың маңызы неде?

 Нені білдім,нені үйрендім?

 Сабақ барысында қандай ғибрат алдым ?

Үйге тапсырма:

 212-жаттығу.Абайдың нақыл сөздеріндегі есім сөздерден тұйық етістік тудырып,түрлендіре отырып сөйлем құраңдар.

 Ережелерді қайталап жаттау.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!