XIX ғасырдың II ширегіндегі Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік

Download Report

Transcript XIX ғасырдың II ширегіндегі Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік

XIX ғасырдың II
ширегіндегі
Қазақстандағы Ресейдің
әкімшілік жүйесінің
енгізілуі
Патша үкіметі 1867—1868 жылдары
Қазақстан
аумағында
әкімшілік
реформа
жүргізді.
Оның
негізгі
мақсаты сұлтандар тобын өкімет
бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы
империялық басқару тәртібін енгізу
еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені
шаруашылық
жағынан
отарлауға
ықпал етуге және оған Ресейдің
еуропалық бөлігінен қоныс аударатын
шаруаларды одан сайын қаптатуды
қамтамасыз етуге тиіс болды.
Қазақстанда
реформа
жүргізудің
себептері
және оны
әзірлеу
барысы
1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX
ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып
қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің
қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында
сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала
берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын
неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды.
Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған
әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың
қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес
келмей қалды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей
империясына Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы қосылған
болатын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік
жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу
қажет
болды.
Өлкені
басқару
ісін
Ресейдің
өзге
аймақтарындағы басқару құрылымына барынша жақындатып,
бірыңғайландыру
талап
етілді.
Үшіншіден,
Ресейдің
еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп
үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет болды.
Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген
қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді.
Бесіншіден,
Ресейдің
еуропалық
бөлігіндегі
жері
жоқ
шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде
көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты
Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтікэкономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады.
1867—1868
жылдардағы
әкімшілік
басқару мен
салық
жүйесіндегі
өзгерістер
Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт
аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан
— шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің
жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды
Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.
Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты
Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті
басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.
1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генералгубернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы
әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар
өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз
қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша
айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын
қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс
Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым
басым құқықтар берілді:
1.әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының
атаманы;
2.кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын
тағайындау, т.б.);
3.сот функциясы (уездік соттарды бекітті).
Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін
салығына земстволыы алымдар қосылды Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер
өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті
ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.
Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т
болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл
старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.
Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:
•түтін салығы — 4 сом,
•земство салығы — 1 с. 25 т.,
•қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.;
•мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды құрады.
Әлеуметтік жағдайына қарамастан, кедей мен байларға салық мөлшері бірдей
белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. Жер өңдеушіпер
харадж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.
•Харадж бойынша, өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын төледі;
•танап салығы ақшалай (1 танап = 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;
•зекет тауар құнының 1/40 мөлшерінде алынды.
Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты әр түрлі әлеуметтік топтардың
қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы тұрғындар салықтың өсуіне наразы
болды. Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста — 2 мың, бір ауылда — 200
түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен ауылдарында отарлық
биліктің мықты тірегі болатын жергілікті әкімшілік құруға тырысты. Болыс пен ауыл
старшындарын (селолық қоғамды, ақсақалдар қоғамын) сайлау сатып алу арқылы жүрді.
Сот жүйесіндегі өзгерістер
1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты:
•уездік соттар,
•әскери-сот комиссиялары,
•облыстық басқарма және үкімет сенаты.
Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер
қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді.
Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс
бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен
8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді.
Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300
сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды.
Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін
билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды.
Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге
уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың
сомға дейінгі істер түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге жататын
болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері шақырылды.
Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық
тұрпаттағы соттар құрылды:
1.бітістіруші судьялар;
2.облыстық соттар;
3.жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.
1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып
қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар
тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.
Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды.
Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар
бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды
(Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).
Жер мәселесі және 80—
90-жылдардағы
әкімшілік басқару
жүйедегі өзгерістер
"Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан
көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III
тарауында жер мәселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет
меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" делінсе,
1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз
қаланды: "Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы
мен ормандар да мемлекет меншігі" деп танылады.
"Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің
қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және
өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері
ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс
болды".
Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта
болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол
ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті.
Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді
жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.
1886 жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша
Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария
облысы Әмудария бөлімі мен 5:
1.Қазалы,
2.Перовск,
3.Шымкент,
4.Әулиеата,
5.Ташкент уездерінен тұрды.
Реформаның отаршылдық сипаты
1867-1868
жылдардағы
реформаның
жалпы
алғанда
отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды
Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның
кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі
бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып
ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі
атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз
және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына
жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс
шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің
Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін
пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат
көзіне айналдырды.
Реформалар Батыс Сібір аумағында ежелден бері тұратын
қазақтардың жағдайына да келеңсіз әсерін тигізбей қала алмады.
1880 жылғы 22 қазанда Тобыл және Томск губернияларының
қазақтарын Құлынды даласына көшіру қолға алынды. Ол жақта
қазақтар үшін 1 миллион десятина құнарсыз жер бөлінді. Құлынды
қазақтарына үй басы 6 сом мөлшерінде түтін салығы салынды. Бұл
отырықшы орыс шаруалары төлейтін салық мөлшеріне тең болып
шықты
Пайдаланылған әдебиет
1. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914
жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е.,
Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. —
352 бет