1-ші бөлім Студенттердің құқықтары мен міндеттері

Download Report

Transcript 1-ші бөлім Студенттердің құқықтары мен міндеттері

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
ЗАҢНАМАСЫ.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қазіргі уақытта Қазақстанды
әлемдік бірлестік нарықтық
экономикасы бар ел ретінде
таниды. Тәуелсіздікке қол
жеткізген қысқа тарихи кезеңде
Қазақстан жаңа алдыңғы
технологияларды пайдаланып,
әлемдік өркениетке ықпалдаса
отырып, экономикада алға қарай
үлкен қадам жасады. Еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму
келешегі анықталды.
Бұл мәнде қоғам өмірінің жаңа сапасының
негіздерін қалайтын және өте маңызды
фактор, экономикалық қуат және еліміздің
ұлттық қауіпсіздігі базасы болып табылатын
қазіргі білім беру жүйесінің, адам
капиталының ролі мен мәні қоғамдық даму
деңгейінің белгілері ретінде арта түседі.
Қазақстанда білім беру жүйесінің жұмыс
істеуі үшін қажетті заң шығару базасы
құрылды. 2007 жылдың 27 шілдесінде
қабылданған Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңы қазіргі заман идеялары
мен принциптеріне негізделеді, әлемдік білім
беру прогресінің даму бағытын ескереді.
ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан жолы –
2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ»
Қазақстан халқына
Жолдауында «Біз
қазақстандықтарды
ң ел болашағының
тұтқасын нық
ұстауы үшін
«Қазақстан-2050»
Стратегиясын
қабылдадық» - деп
атап өтті [2].
Қол жеткізген тәуелсіздігіміз 1991 жылы
Қазақстан Республикасы алдына маңызды бір
міндет қойды, ол – әлемдік қауымдастыққа кіру,
ал отандық білім беру жүйесіне қойылған міндет
– халықаралық білім кеңестігімен үйлесу. Осыған
орай білім беру саласындағы мемлекеттік саясат
алға қойылған мақсаттар аясында заңнамалық
базаны, басқару жүйесін және білім беруді
қаржыландыруды реформалау бағытында жүзеге
асырылды.
Қазақстандықтардың білім алуға тең құқығы
көбінесе ұлттық білім берудің құқықтық базасына
және моделіне байланысты. Бәсекеге қабілетті
білім беру жүйесін құру – біздің алдымызға
қойылған жаһандық міндет, өйткені біз күшті,
гүлденген Қазақстанды құру үстіндеміз.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27
шілдесіндегі «Білім туралы» Заңы дәл осы
мақсатқа бейімделген.
ҚР Заңы техникалық және қызмет атқарушы
еңбектің жаппай мамандықтары бойынша ғана
емес, сирек мамандықтар бойынша да кадрларды
дайындау үшін әлдеқайда қолайлы құқықтық
өріс қалыптастырады. Бұған дейін айтып
өткеніміздей, білім берудің жаңа деңгейі –
ортадан кейінгі білім енгізілді. Бұнда оқу
бағдарламалары гуманитарлық мамандықтар
бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің
кіші мамандарын дайындауға бағытталған.
Ережеге сәйкес, бұл бағдарламаларды игеру
мерзімі бір-екі жыл. Білім берудің жинақтаушы
кредиттік жүйесіне негізделген жоғарғы және
жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім (бакалавр –
магистр –PhD докторы) кадрларының үш сатылы
моделі заңнамалық түрде бекітіледі. Бұл Болон
декларациясының ережелеріне және
халықаралық стандарттарға сай.
ҚР «Білім туралы» Заңын қабылдау 41заңнамалық актіге өзгертулер мен қосымшалар
енгізуге әкеп соқтырды. Мысалы, педагогикалық
этиканың міндеттері мен нормаларын бұзғаны
үшін педагогикалық қызметкер жауапқа тартылуы
мүмкін. Бұл жауапкершілік шаралары көбінесе
педагогикалық этика нормаларын бұзған үшін;
білім беру саласындағы заңнамамен ескерілген
ата-аналардың өз міндеттерін тиісті
орындамағаны үшін; білім беру ұйымы
жетекшісінің өз міндеттерін лайықты атқармай,
оның салдарынан білім алушылар мен
қызметкерлердің денсаулығына шамалы зиян
келгені үшін; лицензиялық талаптарды және
мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандарттарын бұзғаны үшін 5-50 еселі айлық
есептік көрсеткіш түрінде қарастырылатын
айыппұлдарды ескеретін 20-1 жаңа тарауымен
толықтырылған Қазақстан Республикасынаң
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар» Кодексіне
енгізілген.
Әдебиеттер тізімі
1. Конституция Республики Казахстан (принята
на республиканском референдуме 30 августа 1995 г. (с
изменениями и дополнениями по состоянию на
02.02.2011 г.)
2. Послание Президента Республики Казахстан
Н. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь
– 2050: Единая цель, единые интересы, единое
будущее». // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
3. Закон Республики Казахстан «О науке».
Астана, Акорда, 18 февраля 2011 года. № 407-IV ЗРК.
4. Закон Республики Казахстан от 24.10.2011 N
487-IV. "О внесении изменений и дополнений в Закон
Республики Казахстан "Об образовании".
5. Закон Республики Казахстан «О
государственных закупках» от 21 июля 2007 года N
303-III. //«Казахстанская правда», 2007, 7 августа. N
121.
6. Программа развития образования РК 20112020 гг. от 7 декабря 2010 года. // "Казахстанская
правда" от 14.12.2010 г., № 338.