PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың

Download Report

Transcript PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың

Жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми(гуманитарлық)пәндерді оқыту кафедрасы Тақырып: «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы Тренер: Қағазбаева Әспет Кенесбекқызы кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

Кіріспе

Қазақстан дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында да көрініс тапты.

Тақырыб өзектілігі

 қазіргі білім берудің келесі мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді: социум өміріне тиімді түрде қатыса алатын құзыреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету; нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру.

Курсты өту барысында қандай мақсатқа қол жеткізуге болады?

Сіздер оқушыларды белсенді оқыту стратегиялары мен оларды PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындай алуға үйрету бойынша кәсіби құзыреттіліктеріңізді дамытасыздар.

Ол үшін:

Келесідей жаңа теориялық материалддарды игересіздер: -PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны және құрылымын; -PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтерін; -Математикалық сауаттылықтың құрылымдық бөліктерін.

Ол үшін:

PISA халықаралық зерттеуінің тестілік тапсырмалары көмегімен 8-9 класс математика оқулықтары бойынша тапсырмалар мазмұндарын таңдай алу дағдыларын қалыптастырасыздар.

Математикалық сауаттылықты дамыту үшін белсенді стратегияларды қолдануды меңгересіздер.

PISA бағдарламасы бойынша математикалық сауаттылықты критерийалды бағалау шкаласын қолдануды игересіздер.

Негізгі оқыту формасын

белсенді оқыту мен мәселелерді коллаборативті түрде шешудің әдістерін, дәріс-әңгімелесуді, белсенді оқытудың әдістерін (мысалы, «Мен Сен-Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократ семинары», «Мозаика», «Миға шабуыл», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Қар үйіндісі» және т.б.) қолдану арқылы жүргізілетін тренингтер құрайды.

    

Курс мазмұны 5 модульден тұрады:

1. Нормативті –құқықтық модуль

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2030. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы біріңғай Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары жүзеге асыру жолдары.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін модернизациялаудың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы 2011-2020-жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі иделары Білім беру қызметін жетілдірудегі білім стандарттарының алатын орны мен атқаратын рөлі.

Орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының ерекшеліктері ҚР білім беру жүйесіне ЭЫДҰ көрсеткіштерін енгізу мәселелері

2.Психологиялық-педагогикалық модуль

оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету жолдары;

оқушылардың көңіл-күйлеріндегі эмоционалдық және физикалық қолайсыздықтарды психологиялық педогогикалық алдын-алу мәселелері;

жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үдерісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің жүйетүзуші әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері.

Мазмұндық модуль

Белсенді орта құру стратегиялары мен мұғалімнің атқаратын функциясы;

PISA бағдарламасының мақсатын, мазмұнын және құрылымы;

PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтері;

Математикалық сауаттылықтың құрылымдық бөліктері, оған қол жеткізу жолдары, математикалық сауаттылықты критериалды бағалау шкалалары, қорытынды шағын сабақ презентациялары.

     

Технологиялық модуль

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және сыни тұрғыдан ойлаудағы сұрақтардың рөлі. Презентация жасау үшін Power Point бағдарламасын пайдалану. Интернетті форумды жүргізу үшін, желілік қоғамдастықты құру үшін пайдалану.

Вариативті модуль

«Кейс стади» - функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде.

Блум Таксономиясы функционалдық сауаттылықты дамытуда білім берудің табыстылығын бағалау әдісі ретінде. Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдстыру

Оқу жетістіктеріңізді бағалау көрсеткіштері

Кіру диагностикасы 2 нұсқадағы 15 сұрақтан тұратын тест жүргізіледі).

(тақырып бойынша

Сабақ презентациясы (Курс міндеттерін орындау бойынша кәсіби құзреттіліктің қалыптасуын анықтау)

Қорытынды тестілеу нұсқадағы тест ) (Курс мазмұны бойынша 30 сұрақтан тұратын 2

Оқу жетістіктеріңізді бағалау көрсеткіштері

Өзіндік жұмыс (Математикалық құзіреттілікті айқындау бойынша тест тапсырмаларын құрастыру; сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялаларын қолданып математика сабағының фрагментін құру; фундаменталдық математикалық идеяларына сәйкес жаттығулар құрастыру және жіктеу; PISA зерттеулерінің критериалды шшкаласына сәйкес математикалық сауаттылықты бағалауға бағытталған тапсырмалар

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!