денсаулык - Абай атындағы орта мектеп

Download Report

Transcript денсаулык - Абай атындағы орта мектеп

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ АЙДАРБЕКОВА Б
Мақсаты:
“Бірінші байлық - денсаулық” “Қазақстан 2030” бағдарламасында
көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір
азаматының денсаулығы мықты, халахуалы жақсы болу үшін зиянды
әдеттерден –ішімдік,нашақорлық,шылым
шегушіліктің денсаулыққа,болашақ
ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып,
спортпен белсене шұғылдануына ықпал
ету. Салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
Денсаулық жөніндегі даналық ойлар:
• Гиппократ:
“Мөлшерден тыс тоқтық та,аштық та және
басқа да ауытқушылықтың бәрі де
денсаулыққа қолайсыз”.
• Ибн-Сина:
”Дене жаттығуларымен қалыпты және өз
уақытында шұғылданып отырған адам
ауруды құртуға бағытталған ешқандай
емдеуді қажет етпейді”.
Ей, болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның,
Сендерсің деп білемін
Балғынды жас болашақ
Мен сендерге сенемін!
Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей
"адам елдің басты байлығы", осы адамдардың
денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің ісәрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы
жастардың қолында. Сондықтанда әр жас ұрпақ өз
денсаулығын ойлауы керек!
Спортпен
айналысу.
Дұрыс
тамақтану.
Темекі,арақ,
нашақорлықтан аулақ болу.
Жеке бас
тазалығын сақтау
Қайрымды болу.
Күн тәртібін дұрыс сақтау.
Жұқпалы аурудан
сақтана білу
Табиғи шынығу.
.
Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған
әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас
шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді
болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын
сезіну. Профессор В.П.Казначеевтің айтуы бойынша «денсаулық
деп, біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы
биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті
мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін
түсінеміз».
Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар.
Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың
құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың
негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету
болып табылады.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның
тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы
қабылданған: « Денсаулық – бұл аурудың және дене кемістігінің
болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік
саулығы ».
Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әрекеттерден тұратынын көпшілігіміз
ескере бермейміз.Егер бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты
болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ.Егер зиянды әдеттер денсаулыққа
және жеке тұлға үшін қауіпті болса,оның өзгелерге деген қауіпсіз қарымқатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.
Көп жасау, дені сау, бақытты болу-адамның өз қолында.
"Денсаулық-зор байлық", "Басты байлық-денсаулық"дейміз. Олай болса жаман
әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдан! Спортты сүй! Өз тағдырың мен
денсаулығыңа немқұрайлықпен қарама!
Абылай ханның сөзімен айтқанда: " Білекке сенген заманда, жауға есе бермедік,
білімдіге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік."
Отан үшін отқа түсетін, ел мерейін өсірер саналы да, дені сау азамат болыңдар!
Дұрыс тамақтану белгілі бір диетаны сақтау емес. Артық шектеу – барлығын
күрделендіру дағдысы. Өз мұқтажыңызға саналы түрде қарау, ағзаға ұнайтын азық –
түліктерді және сол тамақтану тәртібін таңдау қажет, сонымен қатар зиян әкелетіндерден бас
тарту керек.
Көптеген азық – түліктер жөнінде – ағза өзі сигнал беріп отырады. Олардың пайдалы және
зиянды екенінен. Бұл жағдайларда көптеген қорғаныш реакциялары бар; «ұнайды –
ұнамайды», « дәмді – дәмді емес», «құсу және лоқсу».
Сіздің мұқтаждығыңыз, сіздің көңіл – күйіңіз сізге өте жақсы таныс. Сондықтан өзіңіз көңіл –
күйіне сәйкестендіріп, адам өзі - өзіне ең пайдалысын таңдай алады. Бірақ барлығына мына
ережені қолдану керек; әсіресе майды, етті, тұзды және тәттіні аздап жеу.
Негізгі қоректік заттарға ақуыздар, майлар және көмірсулар жатады. Олардан басқа тамақ
құрамында дәрумендер, минералды тұздар, тағамдық талшықтар және т.б заттар бар.
Ақуыздар негізінен өзіндік дененің құрылуына жұмсалады. Майлар мен көмірсулар өзіндік
дененің құрылуына да, энергины алуға да жұмсалады. Дәрумендер мен минералды тұздар
адам денесіндегі ерекше реттеуші заттардың түзілуіне өте қажет. Тамақтағы тағамдық
талшықтар ішектің дұрыс жұмыс істеуіне керек.
Дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері:
Тұз, қант және жануарлар майларын қолдануды шектеңіз. Тұз бен қантты таза күйінде
тағамдық заттар деп айтуға болмайды. Олар химиялық заттар. Табиғатта асқа салатын тұз
жануарларға өте сирек кездеседі, ал қант мүлдем болмайды. Тұздың көп мөлшері организмнің
жұмысын жұмысын бұзып, кейбір ауруларға әкелуі мүмкін. Тазартылған қантты көп
мөлшерде қолданғанда, ұйқы безіне салмақ түсіп, қант диабетіне ұшыратады. Адамдар
майлар мен ақуыздарға қарағанда, қант пен өзге тәтті тағамдардан тез семіреді. Жануар
майларының артық мөлшері қан тамырлары және бүйрек пен өт қабында тас байлану
сияқты ауруларға әкеледі.
Асықпай тамақтаныңыз. Ол дұрыс шайналмаған тамақтан пайда болған асқазан
ауруларынан ғана емес, сонымен қатар тамақты артық жеп қоюдан сақтайды.
Асықпай желінген тамақ ішілген тамақтың мөлшері айтарлықтай аз болса да, тою
сезімін қамтамасыз етеді.
Тамақ ішкіңіз келмесе, тамақтанбаңыз. Әрдайым шайнау дағдысы, көшеде,
жұмыста, теледидар алдында – денсаулыққа зиян. Мұндай дағды эстетикалық
жағынан дұрыс емес, сонымен қатар шөпқоректілерді жануарларды қоспағанда,
көптеген жануарларға жат әдет болып табылады.
Жеу үшін тамақтаныңыз. Тамақтану кезінде басқа нәрселермен ( әдетте ол,
газет, журнал, оқу) айналысқанда, сіз өзіңізде тамақтану кезінде белгілі бір
жұмыспен айналысу сияқты тұрақты дағдыны тудырасыз. Ол тамақпен өте қатты
байланысып, кетеді де, онсыз ас қорытылмай бұзылуы басталады.
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.
Қорытынды кеңес:
Ей,адамзат!
Өмір керек соған да,
Маған,саған да,
Есіңде сақта осыны
Ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Кісілерден бөлек жүргін алшақта.
Пешенеге жазылған ғұмырыңның,
Тамырына ұрпағым,балта шаппа!