Transcript 13.09.2012

Химия пәнінен
интерактивті
on-line сабағы
8-9 сыныптар
Өскемен қаласы, Назарбаев Зияткерлік
мектебі, химия пәнінің мұғалімі
Шаматова Гаухар Жанибекқызы
Сабақтың тақырыбы:
Галогендер. Галогендердің
физикалық- химиялық қасиеттері.
Өткізілу күні: 13.09.12 ж
Өткізілу уақыты: 11.00
Өткізілу орны: Өскемен қаласындағы химия-биология
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалім: Шаматова Г.Ж.
Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары
Пән: Химия
Галогендер. Галогендердің
физикалық және химиялық
қасиеттері.
Галогены. Физические и
химические свойства галогенов.
Halogens. Physical and chemical
properties of halogens.
Білім берудің қай түрі
болмасын – тәрбие
Л.Н. Толстой
Сабақтың мақсаты:
Жетінші топтың негізгі топшасының
элементтері галогендердің физикалық –
химиялық қасиеттерімен таныстыру.
• Галогендердің
қасиеттері
жайлы
теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдану
дағдыларын дамыту, терминдерді үш тілде
меңгере алуға көмектесу.
• галогендердің маңызын түсіндіре отырып,
гигиеналық тәрбие беру.
Cабақтың міндеті:
Галогендердің қасиеттерінің
олардың атом құрылысына
тәуелділігін түсіндіру
Галогендердің валенттілік
мүмкіндіктерінің атомның
энергетикалық деңгейлерінде
электрондарының орналасу
ерекшеліктеріне
байланыстылығын ұғындыру
Оқытудың күтілетін нәтижелері:
Галогендердің қасиеттерінің олардың
атом құрылысына тәуелділігін
түсінетін болады;
Галогендердің қасиеттері туралы
білімдері кеңейе және тереңдей түседі;
Галогендердің қоршаған ортаға және
адам организміне әсерін және қорғану
тәсілдерін білетін болады;
Жоспары:
 Галогендерге жалпы сипаттама
 Галогендердің табиғатта
таралуы
Атом құрылысы
Физикалық қасиеттері
Фтор, хлор, бром, иод, астат
Химиялық қасиеттері
Галогендерге жалпы сипаттама
• Галогендер
Периодтық жүйеде әрбір
периодтың соңына қарай VII A топшада
бейметалдық қасиеті айқын білінетін
элементтер орналасқан.
олар: фтор F, хлор Cl, бром Br, йод I, астат At.
Астат - радиобелсенді элемент, табиғатта
кездеспейді. Галогендердің жалпы атауы “тұз
түзуші” деген мағынаны білдіреді. Себебі
осы элементтер металдармен шабытты
әрекеттесіп тұздар түзеді. Молекулалары екі
атомды болып келеді.
Табиғатта таралуы
• Галогендер табиғатта белсенді элемент
болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі.
Мысалы: CI негізінен сілтілік және сілтілік-жер
(II) металдарының хлоридтері күйінде; карналлит
KC1*MgCl2*6Н2О, сильвинит NaCl*KCl, бишофит
MgCl2*6Н2О, галит тас тұзы NaCl, т.б.
кездеседі.Табиғатта фтор да тұздар күйінде
болады. СаF2 - флюорит, балқытқыш шпат, 3NaF
• AlF3 - криолит, ЗСа3(РO4)2-СаF2 - фторапатит.
Адамдар мен жануарлардың сүйектерінің және
тіс кіреукесінің құрамында да фтор бар.
Бром, Иод
• Бром мен иод табиғатта бос күйінде
кездеспейді және олардың жеке табиғи
минералдары да болмайды, тек хлор
минералдарында “галит, карналлит,
сильвинит”
көбінесе
сілтілік
металдардың тұздары күйінде қоспа
ретінде бірге жүреді.
Иод теңіз
балдырларында
және
мұнай
бұрғылағанда атқылап шығатын су
құрамында болады.
Теңіз балдыры ламинария – иодты
жинайды. Осы балдырларды күнге
кептіріп алып өртейді. Түзілген күлге су
құйып қайнатады да буландыру арқылы
қойылтады,
сонда
хлоридтер,
сульфаттар, карбонаттар кристалданып
тұнбаға түседі. Ерітіндіні хлормен
өңдегенде иод бөлігіп шығады.
2KCI + CI2 = 2KCI + I2
Ашылу тарихы
Фторды алғаш рет 1886 жылы А.Муассан
алған. Грек тілінен алынған «фторос»бүлдіргіш деген сөзді білдіреді.
1810 ж. А.Ампер, балқытқыш қышқыл, тұз
қышқылына ұқсас екенін байқап, хлорға
ұқсас элемент бар екенін сеніммен
айтқан, ол оны басында флюорий деп
атаған. 1816 ж. А.Ампер болжамдағы
элементті фтор деп атады. Батыс
елдерінің көбі фторды флюор деп атайды
• ХЛОР
Хлорды тұз қышқылының ерітіндісіне
марганец диоксидімен әсер етіп 1774
жылы Карл Шееле алған. Г.Деви оның
химиялық элемент екенін тапты. Хлор
атауы оның сарғыш – жасыл түсіне
қарай 1812 жылы ұсынылды.
•
• Бромды 1826 жылы француз
ғалымы А.Ж. Балар теңіз балдырының
күлінен алған. «Бром» атауы гректің
«бромос» деген сөзінен шыққан, «сасық»
деген мағынаны білдіреді және ол
бромның тұншықтырғыш, өткір иісімен
байланысты.
Табиғи бромда 50,57% Ar Br– 79 атом
изотопы және 49,43% Ar Br - 81 изотопы
бар. Бромның көп мөлшері теңіз суында
сілтілік және сілтілік жер металдардың
бромидтері түрінде кездеседі.
Йодты 1811 жылы француз
фабриканты химик-технолог Бернер Куртуа
ашты. Гей-Люссак иод деп атаған, ал Дэви –
йодин деп, грекше ("йоэйдэс" – "күлгін, қара
көк”). Бүкіл әлемде иод деп атаса Англияда
йодин деп атайды . Минералдары лаутарит
(СаІО3) және дицеит 7Са(ІО3)2·8СаСrO4,
тұздары
иодидтер
аз
мөлшерде
гидросферада- теңіз суында, ұнғымалардағы
мұнай
суларында
кездеседі.
Теңіз
орамжапырағы деп аталатын ламинария
балдырының құрамында 0,1-0,6 % болады.
Ағзада йод жетіспесе “бақшаңкөз”
(Базед) ауруына шалдығады.
• Астат атауы, «тұрақсыз» дегенді
білдіреді, оның барлық изотоптары
радиобелсенді. Астатты 1940ж. жасанды
жолмен Т.Корзон, У.Маккензи және
Э.Серге
• 209Bi + α → 211At + 2n0
• Ядролық реакция арқылы астатты
алды.
Атом құрылысы
• Барлық галогендердің сыртқы
энергетикалық деңгейінде жетінші топтың
негізгі топшасында орналасқандықтан жеті
электроннан болады.
9F 1s2 2s22p5
17Cl 1s2 2s22p6 3s23p5
35Br 1s2 2s22p6 3s23p6 3d10 4s24p5
53I 1s2 2s22p6 3s23p63d10 4s24p64d10 5s25p5
85Аt 1s2 2s22p6 3s23p63d10 4s24p64d104f14 5s25p5
d10 6s26p5
Галогендердің сыртқы
қабатының электрондық
конфигурациясы бірдей болғандықтан
ns2 np5 олардың қасиеттері де ұқсас
болып келеді және сыртқы қабаттары
октетке дейін толуға бір ғана электрон
жетпейді. Галогендердің соңғы
электрондары р-деңгейшесіне түседі,
сондықтан олар р элементтеріне жатады.
Галогендер электронды қосып алуға
бейім болады да, өзінен кейін тұрған
бекзат газдардың электрондық
кұрылысын қабылдайды.
•
• Олар күшті тотықтырғыштар. Топ
бойынша жоғарыдан төмен қарай осы
қасиеттері
әлсірейді,
бейметалдық
қасиеттері де осы бағытта кемиді, себебі
атом радиустары өседі де ядроның
электрон тарту күші азаяды.
С1 + ē = С1¯
(F¯, Cl¯, Br¯, I ¯)
• Металдармен
әрекеттескенде
электронды қосып алу өте оңай жүреді
және
нәтижесінде
тұздар
Мех+Гх¯
түзіледі. Бұл жағдайда галогендер -1
тотығу дәрежесін көрсетеді. Фтордан
басқа галогендер +1,+3,+5,+7 тотығу
дәрежелерін де көрсете алады, себебі
олардың
сыртқы
энергетикалық
деңгейлерінде
бос nd0
деңгейшелері бар.
•
• Галогендерде фтордан басқа сыртқы
энергетикалық деңгейінде бос бес d орбитальдары бар, сондықтан
валенттіліктерін жоғарлата алады.
Мұндай күйге ең алдымен екі жұп рэлектрондарының сонан соң жұп sэлектрондарының жұпсыздануы
нәтижесінде жүреді.
• ns2 np5 → ns2 np4(n-1)d1 ↓↑ ↓↑ ↓ ↓ ↓ 3-валентті
• ns2 np3(n-1)d2
↓↑ ↓ ↓ ↓ ↓ ↓
5-валентті
• ns1 np3(n-1)d3 ↓ ↓ ↓ ↓ ↓ ↓ ↓
7-валентті
Электрондардың энергетикалық
деңгейшеге ауысуы
Бір энергетикалық деңгейдегі
электрондардың орын алмасуына аз
энергия жұмсалады, ал бір
энергетикалық деңгейдегі
электрондардың екінші энергетикалық
деңгейге орын алмастыруына көп
энергия жұмсалады. (фтор бір валентті).
Атомдардың қозған күйге ауысуына кеткен
энергия қосымша байланыс түзілгенде
бөлінген энергиямен орны толады.
Галогендердің кейбір қасиеттері
Галогендердің
қасиеттері
F2
Cl2
Br2
I2
Радиус, нм
0,072
0,099
0,114
0,133
(атомдардың)Иондану
потенциалдары,
кДж/моль
1682
1255
1142
1008
Электрон тартқыштық
кДж/моль
332,7
348,7
325
290
электртерістілік
(Полинг)
4,0
3,01
2,8
2,6
Байланыс энергиясы
кДж/моль
79,1
122
111
106
Тотығу дәрежесі
-1
-1,1, 3,5,7 -1,1,3,5,7 -1,1,3,5,7
•
Галогендердің физикалық қасиеті
250С
агрегаттық
күйі
F2
Cl2
Br2
I2
Газ
Газ
Сұйық
Қатты
ТҮСІ
Ашық сары
4,3
Сарыжасыл
0,035
Қызыл қоңыр
0,23
Қою күлгін
2,8
Температура
балқуоС
-219,6
-101,3
-7,3
113,7
қайнау
-188,1
-34,1
57,9
182,8
1000 оС,
молекуланың
термиялық
диссоциациялану
дәрежесі %
• Заттардың күйінің қасиеттерін молекулалық
кинетикалық
теорияның
қағидаларын
қолдана отырып түсіндіруге болады.
Молекуланы құрайтын атомдар үздіксіз
қозғалыста бола отырып, бір – бірімен
өзара әсерлеседі.
• Галогендердің
агрегаттық күйі газдан
сұйықтыққа одан қатты затқа айналу себебі
галоген атомдары мен молекулаларының
өлшемдеріне
және
молекулааралық
қашықтыққа
тәуелді.
Мысалы
газ
молекулаларының
арақашықтықтары
молекулалардың өз өлшемдерінен анағұрлым
үлкен. Мұндай қашықтықта орналасқан
молекулалар бір- біріне өте нашар тартылады,
сондықтан газ молекулалары барлық бағытта
қозғала отырып тез арада ыдыстың ішінде
толық жайылады.
• Сұйықтықтың молекулалары жақынырақ
орналасқан.
Олардың
қатар
тұрған
молекулаларының
арақашықтығы
молекуланың өз өлшемінен де кіші. Мұндай
қашықтықта орналасқан молекулалар
бірін – бірі едәуір күшпен тартып тұрады.
Сондықтан сұйықтың молекулалары бір –
бірінен алысқа ұзап кетпейді және өз
көлемін сақтайды .
• Қатты денелердің көлемін де пішінін де
сақтайтын себебі: олардың молекулалары
үлкен күшпен тартыла да тебіле де алады
және сұйық молекулалары арасындағы
күштерден анағұрлым жоғары.
Галоген топшасы элементтерінің
кейбір қасиеттері
Элементтің
Реттік Атом
Валенттілік
таңбасы мен нөмірі радиусы электрондар
атауы
нм
ының
формуласы
Салысты Қосылыстары
рмалы
ндағы тотығу
электрте дәрежелері
рістілігі
Фтор (F)
9
0,064
2s22p5
4,0
-1
Хлор (Cl)
17
0,099
3s23p5
2,83
-1. +1, +3, +5,
+7
Бром (Br)
35
0,114
4s24p5
2,74
-1. +1, +3, +5,
+7
Иод (I)
53
0,133
5s25p5
2,21
-1. +1, +3, +5,
+7
Астат (At)
85
-
6s26p5
1,90
-
Физикалық қасиеті
Галогендердің F2 , Cl2, Br2, I2
қайнау
температурасы
мен
тығыздықтары да осы бағытта өседі.
Олардың агрегаттық күйлері газдан (F2,
С12) улы газдан ұшқыш сұйықтыққа
(Вr2), ары қарай күлгін түсті кристалды
зат қатты (І2) күйге өзгереді, түстері де
біртіндеп қоюлана түседі.
Галоген молекуласы жоғарғы
температурада ғана атомдарға Г2 <=> 2 Г
ажырайды. Галогендердің байланыс энергиясын
салыстырсақ ауытқулар байқалады.
Галогендер
F2
Cl2
Br2
I2
Ебайл,кДж/моль
159
239
193
151
Байланыс ұзындықтарының өсуіне қарай
фтордан хлорға өткенде байланыс энергиясы
артады, ары қарай кемігенін көруге болады.Бұл
құбылыс хлор молекуласында d - деңгейшесінің
болуымен түсіндіріледі.
• ГАЛОГЕН молекулаларының арасында
Ван-дер-Ваальс күші әсер етеді, соның
әсерінен атом ядро заряды өскен сайын
артады ал, галогендердің ұшқыштық
қасиеті кемиді,сондықтан бром мен иод
конденсацияланған күйде болады.
Барлық галогендер өткір иісті, өте улы.
Сілемейлі қабықшаны тітіркендіреді,
мөлшері көп болғанда тұншықтыратын
әсер тудырады.
Фтор (Fluorum), F — элементтердің
периодтық жүйесінің VII тобының негізгі
топшасында орналасқан 9- шы элемент
Табиғатта тұрақты бір изотопы және жасанды
жолмен алынған 5 радиоактивті изотоптары
бар. Оның улылығы сондай — Фторды алумен
айналысқан көптеген химик-ғалымдар (Г.Дэви,
Т.Нокс, Д.Никлес, П.Луйэ) қаза тауып, ал
А.Муассан мен Г.Нокс мүгедек болып қалған.
Фтормен жұмыс істеу өте үлкен ұқыптылықты
керек етеді, сәл салақтық болса фтор ең кемі
адамның тісін күйретіп,тырнақтарына зақым
келтіреді.
• ФТОР әсер еткенде сілемейлі қабықша
қабынады , ал теріні қатты күйдіреді.
Сұйық галогендермен күйген жағдайда
ұзақ уақыт жазылмайды.
Фтор қосылыстарында тек бір
валенттілік
қана
көрсетеді,
тотығу
дәрежесі үнемі -1,0-ге тең, себебі ол
электртерістіктілігі ең жоғары элемент;
Ғ0 + е --> Ғоның екінші энергетикалық деңгейінде екі
ғана деңгейшесі бар, электрондардың
дараланып көшетін орны болмағандықтан
топ нөміріне сәйкес валенттілік көрсете
алмайды.
Фтордың
Жер
қыртысындағы
салмақ мөлшелері 6,25°10–2%, әр түрлі тау
жыныстары мен тұзды құмдар құрамында
шашыраңқы
түрде
кездеседі.
Қалыпты
жағдайда Фтор солғын сары түсті, өткір
иісті, улы газ, балқу t –219,61°С, қайнау
t 188°С. Фтор молекуласы екі атомнан
тұрады (F2).
Хлор (лат.Clorum), Cl– элементтердің
•периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық
элемент, атомдық номері 17, атомдық массасы 35,45;
галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан
(Cl2) тұрады; өткір иісті сарғылт - жасыл түсті улы
газ; тығыздығы 0,3214 г/см3. Балқу t – 101°С;
Табиғатта екі тұрақты изотоптары (35CI және 37CI)
бар. Жасанды радиоактивті изотоптарының ішіндегі
маңыздылары 38CI (Т1/2 37,29 мин),34CI(Т1/2 32,4 мин);
36CI (Т1/2
және биохимиялық үдерістерді зерттеуде
қолданылады.
Жер қыртысындағы салмақ мөлшері
4,5102%. Хлор өте белсенді элемент, бос
күйінде жанартау лавасында ғана, ал байланысқан
түрінде тау жыныстарында, теңіз, мұхит, өзен
суларында,
өсімдік
және
жануарлар
организмдерінде кездеседі. Байланыстағы хлор
көптеген минералдардың құрам бөлігі. Қалыпты
жағдайда хлор сарғыш - жасыл, ерекше өткір иісті
газ, тығыздығы 3,214 г/л, ауадан 2,5 есе ауыр,
қайнау t –33,6С, балқу t –100,98С. Суда жақсы
ериді. Тотығу дәрежелері +1, +3, +5, +7.
Бром
(лат. Bromum,) Br —
элементтердің периодты жүйесінің VІІ тобының
негізгі топшасындағы 35 –ші элемент. Тұрақты екі
изотопы бар: Ar Br-79, Ar Br-81.
Бром қалыпты жағдайда өткір иісті, қызыл қоңыр
түсті, ауыр сұйық. Ауада тез буланып, сары қоңыр
түсті бу түзеді, тығызд. 3,19 г/см3, қайнау t 58,78
балқу t –7,2 C, Жер қыртысындағы мөлш. 1,6–4%.
Табиғатта теңіз суында, тұзды көлдерде, табиғи
хлоридтерде
кездеседі. Бром сирек кездесетін
ромаргирит (AgBr) және эмболит Ag(Cl, Br)
минералдарын түзеді. Химиялық активтігі жөнінен
хлор мен иод арасында орналасады.
•
• Йод периодтық жүйедегі VII топтың негізгі
топшасындағы 53- ші элемент. Табиғатта
тұрақты бір изотопы бар (127I), бос күйінде
кездеспейді, мұхит суы, мұнай кендеріндегі
ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Қара
сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті, суда
нашар ериді ал органикалық еріткіштерде
жақсы ериді, тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t
113,60С; қайнау t 184,350С.
Иод молекуласы кристаллдарда бірбірімен әлсіз байланысқан,
сондықтан температураны
көтергенде бірден иод күлгін түсті
буға айналады, бұл құбылыс
возгонка деп аталады
Химиялық қасиеттері
• Фтор қалыпты температураның өзінде
көптеген элементтермен, оның ішінде азот
және ауыр инертті газдармен (гелий, неон,
аргоннан басқа) әрекеттесіп, фторидтер
түзеді.
Галогендер металдармен жылу бөле
шабытты әрекеттеседі, нәтижесінде тұз
түзіледі.
2 Na + F2 = 2 NaF (суықта)
2 Fe + 3 Cl2 = 2 FeCl3 (қыздырғанда)
Электр терістілігі жоғары элементтердің
бірі оттек (3,5) фтормен қосылысында оң
тотығу дәрежесін көрсетеді. O2 F 2
2
(оттектің фториді)
Фтор сутегімен тіпті қараңғыда да
шабытты әрекеттеседі
F2+H2=2HF↑ фторлы сутек.
• Кейбір
металдардың
бетінде
(қалыпты температурада) жұқа
берік фторид қабықшасы түзілетін
болғандықтан су болмаса
үрдіс
бірден тоқтап қалады.
Fe (Cu, Ni, AI, Zn) + F2 ≠ МеF2↓
• Хлорда темір ұнтақтары қыздырмай
–ақ жана бастайды.
• Галогендердің суда ерігіштігі әртүрлі фтордың
суда ерігіштігі температураға тәуелді:
• Н2О(қ) + F2(г) = НF(с) + НОF(г) (t< 00C )
• 2 Н2О(с) + 2 F2(г) = 4 НF + ОF2↑ (t 0 – 900C)
• 2 Н2О(г) + 2 F2 = 4 НF↑ + О2↑ (t > 900C су
буымен қопарылыс бере әрекеттеседі)
• Фтор спиртпен, ацетонмен, бензолмен де
шабытты әрекеттеседі.
• Галогендер сутекпен әрекеттесіп
галогенсутектер түзеді Н2 + Г2 = 2НГ
хлор қ.ж сутекпен өте баяу әрекеттеседі
тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен
немесе қыздырғанда бұл реакция өте
қарқынды жүреді (радикалды- тізбектік
механизм бойынша) сондықтан
реакцияны тездету үшін инициатор
(бастаушы) қажет.
Галогендердің бейметалдармен
әрекеттесуі:
С + 2 СI2 = ССI4;
Si + 2 Br2 = SiBr4;
2 P + 3 Cl2 = 2 PCl3
S + 3 F2 = SF6 ;
PCl3 + Cl2 = PCl5
Хе + 3 F2 = ХеF6
(қыздырғанда)
2 P + 3 Br2 = 2 PBr3 СН4 + СI2=СН3СI+НСI
2 P + 3 I2 = 2 PI3 (қыздырғанда)
Галогендер азот және оттекпен тікелей
әрекеттеспейді
Видеоролик
Мыс сымының хлорда жануы
http://festival.1september.ru/articles/593355/
• Хлор сумен әрекеттескенде химиялық
реакция жүріп нәтижесінде екі түрлі
қышқыл түзіледі:
• СI2 + Н2О <=> НСI + НСIО
• Сондықтан хлорды суды ығыстырып
жинауға болмайды.
Хлор сілтілермен әрекеттескенде
осы екі қышқылдың тұздары түзіледі.
СI2 + 2 КОН = КСI + КСIО + Н2О
Сілтінің ыстық ерітіндісін алсақ
3 СI2 + 6 КОН = 5 КСI + КСIO3 + 3 Н2О
Ал фтордың сілтімен әрекеттесу реакция
өнімдерінің табиғаты сілтінің
концентрациясына тәуелді болады
2 КОН + 2F2 = 2 КF + ОF2↑ + Н2О (2-5% сулы
ерітінді)
4 КОН + 2F2 = 4 КF + О2↑ + 2 Н2О (концентрлі
ерітінді)
Қыздырғанда сутегімен
әрекеттесіп
Br2 + H2 → 2HBr ↑
І2 + H2 → 2HІ ↑галогенсутектер түзеді. Олар
өткір иісті газдар, суда жақсы еріп өздеріне
сәйкес қышқылдар береді: бромды сутек
қышқылы, йодты сутек қышқылы
Иод сутекпен толығымен әрекеттеспейді,
себебі реакция нәтижесінде түзілген
иодтысутек тұрақсыз зат болғандықтан
оңай бастапқы заттарға айырылып кетеді.
Н2 + I2 <=> 2 НI тепе- теңдік солға қарай
ығысқан.
Видеоролик
Бром мен алюминийдің әрекеттесуі
http://festival.1september.ru/articles/593355/
Бром сумен әрекеттескенде бромдысутек
және бромдылау қышқылы деген екі
қышқыл түзеді.
Br2 + H2O → HBr + HBrO.
Бром сілті ерітіндісімен әрекеттескенде
осы жоғарыда түзілген қышқылдардың
тұздары пайда болады.
Br2 + 2КОH → КBr + КBrO
Калий бромиді және калий гипобромиді.
Видеоролик
Йод пен алюминийдің әрекеттесуі
Видеоролик
Йодтың крахмалға әсері
Галогендердің химиялық
белсенділігі фтордан иодқа қарай
әлсірейді, сондықтан электртерістілігі
жоғары галоген электротерістілігі төмен
галогенді оның тұзынан ығыстырып
шығарады.
• 2 NаBr + СI2 = 2 NаСI + Br2
• 2 NаI + СI2 = 2 NаСI + I2
• 2 К I + Br2 = 2 КBr + I2
• 2 КBr + I2 ≠
№ қазақша
орысша
ағылшын
1
Галоген
Галоген
Halogens
2
Физикалық
қасиеті
Физические
свойства
Physical properties
3
Химиялық қасиеті
Химические
свойства
Chemical properties
4
Атом құрылысы
Строение атома
Atom structure
5
Хлоридтер
Хлориды
Сhlorides
6
Тұз түзуші
Солеобразующие
Salifiable
7
Бромидтер
Бромиды
Вromides
8
Иодиттер
Иодиды
Iodide
9
Изотоп
Изотопы
Isotope
10
Радиоактивті
Радиоактивность
Radioactivity
Үйге тапсырма:
1. Фтор және хлор атомдарының иондану
энергиясы сәйкесінше 17,4 және 13,0 эВ,
ал электронтартқыштығы -3,45 және
3,61 эВ. Осы элементтердің қайсысы
иондық қосылыстар түзуге бейімдеу?
Осы қосылыстардағы галоген иондары
зарядтарының белгісін көрсетіңдер.
(6 ұпай)
2. Мына реакцияларды жүзеге асыруға
болатын реакция теңдеулерін жазып
түзілген заттарды ата:
NaCl→Cl2→CaCl2→Ca3(PO4)2
NaCl→Cl2→KClO3→KClO4
Cl2→HCl→KCl→AgCl
(6 ұпай)
3. Көлемі 112 л оттегін алу үшін неше моль
калий хлораты керек?
(6 ұпай)
4. Табиғи хлордың екі изотопы бар: 35Сl
және 37Сl. Хлордың атомының молярлық
массасы 35,5 г/моль. Табиғи хлор
құрамын атомдық пайызда есептеңіз
(6ұпай)
• Өзіңді бағала! Тапсырмалар 24 ұпаймен
бағаланады.
21 -24 ұпай – “5”
18- 20 ұпай – “4”
15 -17 ұпай – “3”
14 ұпай төмен – “2”
«5» - 89%-100 %
«4» - 75%-88%
«3» - 61%- 74%
«2» - 60% және одан төмен.
• Сабақта қолданылған
ақпараттарды алу үшін
http://moodle/nis.edu.kz
сайтына кіре аласыз.
Қолданылған әдебиеттер
• 1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия, Алматы 2001
• 2. Интернет желісі.
• 3. “1001 задач по химии” Л.А. Слета, А.В. Черный, Ю.В. Холин
изд.“Илекс” “Ранок” Москва –Харьков 2005 г.
• 4.Бердоносов С.С., Менделеева Е.А., Коробкова М.Н. Химия:
методические рекомендации: 8–9 классы. Пособие для учителей.
М.: Просвещение, 2004, 191 с.
• 5. Бердоносов С.С., Бердоносов П.С. Справочник по общей химии.
М.: АСТ, Астрель, 2002, 285 с.
• 6 http://festival.1september.ru/articles/593355/
• http://festival.1september.ru/articles/593355/
• 7. Большой справочник “Химия” для школьников и
поступающих в вузы” изд. Москва “Дрофа” 2000г. http://www.
Открытый урок.рф/articles/subjects/4/
• Назарларыңызға рахмет !
• Спасибо за внимание!
Thanks for attention!
• Сау болыңыздар !
• Good bye!