Неге бүйттің зәлім

Download Report

Transcript Неге бүйттің зәлім

Орал қаласы
№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі
Сәкен Сейфуллиннің
«Аққудың айрылуы» поэмасы.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:
Гумарова Дина Катесовна
Сабақтың мақсаты:
• Ақынның өміріне шолу жасау, мәнерлеп
көркем оқуға үйрету және идеялықтақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру.
• Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір
қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу
мәдениетін дамыту.
• Эстетикалық сезім тудыру, туған жер
табиғатының сұлулығынан нәр алу,
адалдыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.
Сен ақын – «Қызыл сұңқар» қанат
қаққан
Сен ақын - «Асау тұлпар» өрге
шапқан.
Сен ақын – «Экспресс» екпініндей
Дүбірі дүниені солқылдатқан.
(Қ. Аманжолов)
«Аққудың айрылуы» поэма.
Композициялық құрылымы.
• Айна көлдің әсем суреті.
• Күміс көл арулары өмірінің әрбір қызығын
соңғы сәтіндей сезінеді.
• «Неге бүйттің зәлім-ай...»
• Ғашықтар серті
2. Êóé - Àêêóëàð Êóéi.mp3
«Аққу – құстың төресі жалғыз жатып оттамас»
Айна көл табиғатының әсем суреті
.
Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы:
Саяда бір көл бар еді,
Сырлы кесе аясы.
Маржан құмы, күміс суы
Көл еді кең айнадай.
Мұнарытқан торғын буы,
Көк кестелі айнала.
Күміс көл арулары өмірінің әрбір
қызығын соңғы сәтіндей сезінеді.
Айна көлді мекен еткен,
Бір екі аққу бар еді.
Мақсұтына бірге жеткен,
Екі ғашық жар еді.
Айна көлдің суы күміс,
Жұбай аққу көркі еді.
Көрсе көзің алар тыныс,
Екі сәулем ерке еді.
Көлдің басы ертелі-кеш,
Мың құбылған ән еді.
Екі ғашық ертегідей,
Көлдің көркі — сәні еді
«Неге бүйттің зәлім-ай...»
Бір шоқ қамыс жиекте өскен
Бір мезгілде қалт етті:
Қалт етті де үні өшкір,
Үндемеске ант етті!
Шоқ қамысты жыбыр еткен
Аққу кербез елер ме?
Құрттан қорықса қыбыр еткен,
Көл шетіне келер ме?
Кешікпеді, шоқ қамыстан
Жасыл ұшқын жарқ етті:
Ақ түтінмен оқ қамыстан
Бұрқ атылды, шаңқ еттi
Кім бүйтті екен көлді жарып?
Суық жүрек шіркін-ай!
Айна көлді оқпен қарып,
Соққандай ғып көктен жай!
Аһ!.. деді де көл селк етті,
Аһ!.. деді аққу: “жаным-ай!”
Қыларын оқ қылып кетті;
Неге бүйттің, зәлім-ай?!
Ғашықтар серті
Сорлы ғашық бел байлады
Жұбайынан қалмасқа;
Серт қылғандай, айқайлады
Көлге қайтып бармасқа,
Көкке қарай қанат қағып,
Аққу кетті бұлдырап;
Бір мезгілде төмен ағып,
Төңкерілді судырап.
Төмен ағып қадалды да
Найзадай боп шаншылып,
Сұр мергеннің қақ алдына
Жығылды аққу жаншылып!
Күйікті жар құлап өлді,
Ақ төсінен қан ақты;
Жұбайына “ырза бол!” деп
Бір-ақ серпті қанатты.
Өлімді де шіркін ғашық
Сүйгенімен бір көрді;
Жан күйігін мәңгі басып,
Жұбайымен бірге өлді
Аққу қандай құс?
АҚҚУ
Мерген қандай адам?
Мерген
Мұқағали Мақатаевтің
«Аққулар ұйықтағанда»
поэмасынан сахналық
көрініс.
Әдеби викториналық сұрақтар
1. С. Сейфуллин қай жылы, қай жерде өмірге келген?
2. 1-ші жинағы қай жылы, қандай атпен шықты?
3. Төмендегі өлең жолдары қай шығармасынан алынған?
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
4. Көңілдің көркі сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны байқаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Бұл қандай құс?
5. С. Сейфуллиннің азан шақырып қойған аты кім?
6. Сәкеннің әке-шешесінің аттарын атаңдар.
7. Еңбек Қызыл Ту Орденімен қай жылы марапатталды?
8. «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы қай жерде шықты?
9. С. Сейфуллиннің ана туралы жазған өлеңдерін атай аласыңдар ма?
10.С. Сейфуллиннің қандай поэмаларын білесіңдер?
Үйге тапсырма:
«Аққу – сұлулықтың символы» деген
тақырыпта ой толғау жазу және халық
жырларындағы сұлулықты аққумен
бейнеленген үзінділер жазып келу.