1. Бір-бірімізді тыңдаймыз

Download Report

Transcript 1. Бір-бірімізді тыңдаймыз

«Кикілжіңнің әсері»
Мақсаты:
1. Кикілжің туралы жан – жақты түсінік
беру, кикілжіңді шешудің жолдарымен
таныстыру.
2. Тұлғаның өзін-өзі реттеуіне мүмкін
болатын қажетті жағдайды туғызуға
көмектесу;
3. Проблемалық жағдаяттардан шығу
жолдарын қарастыру.
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2.Достарыммен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.
Сәлемдесу
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Қош келіпсіздер.
Әрбір адам-өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді,
мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана
сабындай қысқа өмірде» адамдар бір-бірімізді сыйлап,
ренжітпей , көңілімізге қаяу салмай жүргенге не
жетсін!
Олай болса, бүгінгі психологиялық тренингіміз
«Кикілжіңнің әсері ». Көңіл-күй адамның ішкі жан
дүниесінің құбылысы, адамның айнасы десек те
болады.
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды
ахуалды құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма
жіпті бір саусағымен іліп алып өзі қалаған қатысушыға
жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай
жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек.
Соңында «достық торы» пайда болады.
Бүгінгі отырыстан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі
көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.
Нұсқау:
Біздің пікір –сайыс клубына келуіңізбен!
Жұмыс істеу үшін 3 топқа бөлінулеріңізді
ұсынамын. Топта құру кезенде келесі
бөлу техникасын қолданамыз:
МЕЙРІМ. ҚАЙЫРЫМДЫ. АДАЛДЫҚ.
Мақсаты:
Айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі
қысымынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға
бағыттау.
Сұрақ:
1.Адамдар не себепті ренжіседі? Кикілжіңге барады?
2.Ұжымыңыздағы қары-қатынасқа көңіліңіз тола ма ?
3.Кикілжің дегенді қалай түсінесің? Қарым-қатынастың адам
өміріндегі маңыздылғы туралы не ойлайсыз
Кикілжің дегенді қалай
түсінесің?
1.Ашулану;
2.Дау-дамай;
3.Талас-тартыс;
4.Келіспеушілік;
5.Күйзелу;
6.Түсінбеушілік;
7.Ренжу;
8.Ұрыс-керіс
Өзара қарым-қатынас пен қайшылық бір мезетте тууына болатын
құбылысты кикілжің немесе дау-дамай дейді. Кикілжің-бұл
келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда
пайда болады. Жанжал денсаулыққа кері әсер етеді. Адамдардың
көңілін таба білу, дұрыс қарым-қатынас жасау –ең үлкен өнер.
Айналадағы адамдарға мейірімді, қамқор және әділ болуың керек.
Рөлдік ойын ойналады
Кейде отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік орындарда
түсініспеушілік, кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет
кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді
болдырмау, одан 3 топ, әр топта 4-5 адамнан болуы керек.
Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде
топ мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.
Ситуация:
а) Достар арасындағы кикілжің, шешілу жолын көрсет.
ә) Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан
шығудың қандай тиімді жолы бар?
б) Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң
шешім жасап, жол табуға болады?
г) Мұғалім мен Әкімшілік басшылар арасындығы
келіспеушілік. Қандай оң шешім жасап жол табуға болады?
Отбасындағы кикілжің
Қызымет барысындағы кикілжің
Оқушылар арасындағы кикілжің
Мұғалімен Оқушы арасындағы кикілжің
Талқылау:
1. Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?
2. Кикілжіңнің шығу себебі неде?
3. Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс
көрсетті деп ойлайсындар? Өзің қалай
шешер едің?
Мейірімділік
аясы
Есіңде жүрген жөн болар...
1.Адам өмірге бақытты болу үшін келеді,өмірдің мәні соған жету.
2.Шешілмейтін мәселе жоқ,тек оны уақытында ақылдаса отырып шешуге
тырысу керек.
3.Кемшіліксіз адам болмайды,өзінің кемшілігін мойындау- ол да ерлік.
4.Біреудің қатесін көргеннен гөрі түзетуге көмектес –бұл сенің нағыз
адамгершілік қасиетің.
5.Әрқашан сабырлылық дағдыларын қалыптастыра біл . “Ашу
алдыңда,ақыл- соңында “-деген халық даналығын естен шығарма!
6.Адам бойында –мейірімділік,қайырымдылық,адалдық,адамгершілікке
толы болса,барлық жамандықты жеңетінін естен шығарма.
7.Бос уақытыңды тиімді пайдалан! Уақытты бағалау –оны дұрыс та тиімді
пайдалана білу деген сөз.
8.Сенің қолыңнан жақсы, игі істер жасау келеді,тек ниетіңнің болғаны.
9.Өмір саған әрқашан қуаныш пен бақыт, байлық бере бермейді,қуаныш
жүрген жерде қиын сәттер де қоса жүреді.Өміріңнің өзіңе сыйлаған
бақытын көзге қанағат тұта біл!
10.Айналаңа жақсы ой ойлап, жақсылық тіле!
Рефлексия