Таспамен кестелеу

Download Report

Transcript Таспамен кестелеу

Жіңішке мата таспалар өте ерте заманнан бері
адамдардың өмірінде және шаруашылығында
қолданылып келген. Ежелгі Греция әйелдері
бейнесін көріктендіру үшін өз шашына мата
таспаларын тағатын.
Француз королдігінде мырзалар алтынмен
оқаланған немесе парша таспалармен
әшекейленген, жайнаған киімдермен сәнденді.
Ол киімдер иесінің және алатын орнына сәйкес
болып отыратын.
Орта ғасырларда Италияда таспалармен
орындықтардың арқалықтарын әшекейлеген
және де қыстың күні суықтан қорғау үшін
терезеге ілінетін ауыр перделерді байлап
қоятын болған.

Тек қана XIV ғасырда жібек таспалар
тұрмыста кеңінен пайдаланыла бастады.

Рококо дәуірі басталған соң, француз
сарайында жеңілтектік стилі орын алды.

Француз королі Людовик XV тігуді өте қатты
ұнататын, соған байланысты ол әйелдерге өз қолымен
жасаған әдемі заттарды сыйлайтын. Ол кезде көйлектер
бос және кең болды және қымбат таспалармен
әшекейленген. Дәл осы кезде Францияда жібек таспамен
кестелеу пайда болды.

Алдымен танымал
ханымдар
көйлектерінің кеуде
жағын майда раушан
гүлдермен, көптеген
інжу және хрусталь
шашылған гүлдермен
безендірді. Содан кейін
іш киімнің уақыты
келді
Патша сарайына арнап тігетін сән үйлерінде жәй ғана
иненің және таспаның көмегімен нағыз өнер
туындыларын жасап отырды. Қазір олар Лондоннан
Преторийге дейінгі бар әлемнің мұражайларында тұр.


Франциядан кестенің бұл түрі Англияға көшті. Ол
жақтан бұрынғы Британ империясының елдеріне
таратылды. Мекенін ауыстырушылармен бірге Ескі
Әлемнен Америкаға өтті, онда тез танымал болды.
Бұл өнердің дамуы XIX ғасырдың 70-ші жылдарына дәл
келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтың қолөнеріне
қызығушылығы төмендеді. Бірақ соңғы екі онжылдықта бұл
өнер қайта өрлей бастады. Қызығушылық пайда болып,
содан кейін бұл өнер өзінің барлық жан-жақтылығымен
жарқырай бастады.
Себебі жібек таспамен тігу өте қызықты және көп шығынды
қажет етпейді және де мұнда кестенің баршаға белгілі
әдістері қолданылады.
Мата
Атлас таспалары
Инелер
Кергіштер
Раушан гүлін кестелеу
Шығармашылық табыс тілейміз