көшіріп алу

Download Report

Transcript көшіріп алу

Құрақ көздерін біріктіру
Сабақтың тақырыбы: Құрақ
көздерін біріктіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құрақ көздерін біріктірудің әді-тәсілдерің, оны істеп көріп,
қорытындылауға және жоспарлауға үйрету.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен
дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерің, дағдыларын
нығайту.
Тәрбиелік: халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер
адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке
баулу.
Өткен сабақты қайталау:
•Құрақтың турлерін ата?
•Құрақ пайдалануына қарай қаншаға бөлінеді және
оларды ата?
•Құрақ көрпедегі түстердің белгісі? (қара, сары,
қызыл ,жасыл)
•Құрақты орыс халқы қалай атаған?
•Құрақта қандай геометриялық фигуралар
қолданады?
•«Квилт» деген сөздің мағынасы?
•Құраққа байланысты қандай ырымдарды білесің ?
Ребусты шеш:
•сегізжапырақ
Ребусты шеш:
•Құрақ сәндік бұйым
Құрақ құрау үшін маталарды тандау негізгі
ережелері:
•Құрақа пайдалынатын маталар жұқа-қаландығына
қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Егер қалын
маталардын арасына жұқа мата пайдаланылатың
болса, онда ол мата астарланып тігіледі. Неге?
•Құрақ тігуге арналған маталар, негезінен бір түсті
болып келеді (суретсіз), маталардың түстері бір-бірімен
үйлесіп тұру керек.
Құрақ құраудың технологиясы:
Керекті құрал жабдықтар: мата қиындылары,
ине, жіп, бор, қайшы, пішуге арналған қалын
қағаз.
1.Қалың қағаздаң пішу үлгілерді дайындау
2. Үлгілерді матаға салып сызып ал.
Ескертетің жай: тігіске косымшасы
барлық қабырғаларынан 0,5 см дей
артық алынады, матаны үнемдеп
қолдан, бөлшектердің санын тексер.
3.Құрақ қиындыларын қырқып ал.
Үшбұрышты, төртбұрышты дұрыс
қию құрақтың дұрыс тігілуін
қамтамасыз етеді.
4.Мата қиындыларын біріктіру.
Біріктіріп тігу барысында ең алдымен
бөлшектердің ортаңғы нүктелері
сайкес келетіңдей етіп көктеп
алынады.
Машина тігістерінің түрлері
5.Құрақтарды өзара қол және
машина тігістермен біріктіруге
болады. Тігістер сапалы
орындалуы тиіс.
6.Құрақтың тігістерін тегістеу үшін
ылғалды-жылумен өндеуді қолданады.
Ылғалды-жылумен өндеген кезінде
мыналарды ескеру қажет: жылу реттегішті
өндейтін матаның түріне байланысты
қояды; үтіктер алдында үтіктің табанын
тексереді, онда күйген дақ болмау керек;
бұйымды оңынан солға қарай үтіктейді.
7.Құрақ қиындылары біріктіріліп болған
сон, құрағымызды әдемі етіп көрсету
үшін шеттерінен ені 1-1,5 см құрақ
ұзындығымен бірдейқұрақтың «суы»
тігіледі. «Су» негізінен 2 немесе 3 қатар
етіп тігіледі.
Практикалық жұмыс.
Кіріспе инструктаж:
1.Жұмыс орынды үйымдастыру.
2.Қауыпсыздық ережелері:
Екі басты жалмауыз
Керіп аузын ашады
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен өзі кашады.
Бар екен дүниеде жалғыз көзді.
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әледі он сегіз мың киындырып,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.
Қызып кетсе табаны,
Көзін қысып қалады.
3. Еңбек тәсілдерді көрсету:
●бөлшектер мыжылмаған, таза
болу керек
●мата қиындылады біріктіру
●тігістерді орындау технологиясы
Ағымдағы нұсқаулар:
1.Қол жұмыстады ұйымдастыру
2.Құрақ бөлшектерді ретімен
біріктіруін тексер
3.Тігістерді дұрыс, сапалы
орында
4.Қауіпсіздік ережелерді сақта
5.Дымқылдап-жылу өндеуді
дұрыс өткіз
Сабақты бекіту
Жұмысты бастар алдында матамен не істеу
керк?
Құрақты пішуге қолданылатың құралжабдықтар?
Құрақтың “суы” деп нені айтады?
Мүйіз құрақтың орындалу технологиясы негізінен
қандай құрақтың технологиясына ұқсас? /
айырмашылығы неде?/
Құрақта қолдынатың қол және машина
тігістері?
Неліктен құраққа маталар қалындығына қарай
бірыңғай іріктелінеді?
Үйге тапсырма:
Құрақтын суреттерін
пайдалана отырып, олардын
атауларына, жасалу
жолдарына талдау жаса.