(көшіріп алу).

Download Report

Transcript (көшіріп алу).

Тегі, аты:
Әкесінің аты
Туған жылы:
Білімі:
Білім мекемесінің
атауы:
Қызметі:
Ұялы телефон:
Мектеп телефоны:
Исахова Гульфарида
Тилеукабыловна
27.05.1979 жыл
жоғары,
Қайнар Университеті 2007
Ы. Алтынсарин атындағы
негізгі орта мектеп
педагог-психолог
87775575845
8(725-48)-2-12-67
Тақырыбы:
«Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің кілті»
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы
білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген
ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру
және психологиялық қолдау көрсету.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, қанатты сөздер, т.б
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстары, сауалнама, дидактикалық
ойындар
Қатысушылар: 9-8 сынып оқушылары
Дөңгелек үстелдің ережесі:
1.Сыйластық
2.Тыңдай білу
3.Сөзді бөлмеу
4.Белсенділік таныту
5.Шығармашылық
6.Төзімділік
7.Түсіністік қарым-қатынас
Даналық сөздер:
1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
2. Байлық - қанағат пен еңбекте
3. Аз жұмысты қиынсыңсаң – көп жұмысқа тап боласың.
Азға қанағат қылмасаң - көптен құр қаласың.
4. Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
5. Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды
6. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талантта,ешбір
кемеңгерде шықпайды.
«Танысу» жаттығуы»
Шарты:
Әр оқушы өз есімдерінің алғашқы
әріптерінен басталатын сын есімдермен
өздерін таныстырып өтуі қажет.
Мысалы: ақылды – Ақбота, т.б.
Мамандық таңдау
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..
А. Бақтыгереева
Пікірталас
1) Мамандық таңдауда нені
есепке алу керек?
2) Адамның қандай қасиеттері
кәсіби түрде қажет?
3) Адам кәсіби жұмыста қалай
табысқа жете алады?
4) «Маман иесі» дегенді қалай
түсінуге болады?
4. Кеңестер:
1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін-өзі құрметтей білуі
керек.
2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз:
«Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»
мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.
3. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке
қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен
араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды?
Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге
ұнайды?
4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта.
(Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда
мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
5. Кез келген арманды іске асыра біл.
6.Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық,
тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы
білуің керек.
Мамандық таңдауда оның 5 қадамын
жоспарлау керек:
Арман (тілек)
2.Көз жеткізу (қажеттілік)
3.Жоспарлау
4.Әрекет
5.Игеру
1.
5. «Ең, ең, ең...» ойыны:
Ең ақшалы (банк қызметкері, экономист)
Ең жауапты (сот, бухгалтер)
Ең тәтті (аспаз, кондитер)
Ең салмақты (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті (бизнесмен)
Ең күлкілі (клоун)
Ең жасыл (эколог, географ, бақташы)
6. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің.... (ситуациялық жағдаят):
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің
шешіміңіз?
Мұғалім. Сабаққа ата-ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір
оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады,
қоқытты. Не істер едіңіз?
Заңгер. Екі бала арасында келіспеушілік болды, екеуі де өздерінің іс-әрекеттерін
дұрыс деп есептейді. Бұл дау-жанжалды заңгер ретінде қалай шешер едіңіз?
Програмист. Сізге облыстан тексеруші келіп еxсel программасымен жұмыс жасап
жүргізді. Бірақ бұл кісі сенің қасыңда қарап тұр, сен жұмыс істей
алмай жатырсың. Не істер едің?
Қаржыгер. Зейнеткердің зейнетақысы бір нөмер қателесіп, келесі адамға түсіп
кетті. Сондағы сіздің әрекетіңіз?
Кәсіпкер. Сіз кәсіпкерсіз. Жаңа жылға орай сіз көп от шашулар әкелдіңіз. Бірақ
тұтынушылардың ешқайсысы оны алмады. Сізге оның ақшасын толтыру
қажет. Сіздің сондағы әрекетіңіз?
7. Шағын викторина:
1. Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған?
2. Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат
қалай аталады?
3. 14 кәсіпорын ашқан орыс патшасы кім?
4. А.П.Чехов мамандығы бойынша кім болған?
5. Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге
болады?
6. Қай адам бір қолын көтеріп автомобиьді
тоқтата алады?
7. Кімнің алдында адам бас киімін шешеді?
8. Кестені толтыр:
Мамандық
Адамның қасиеті
Әлеуметтік жұмысшы
коммуникативтік
Психолог
өзге адамның эмоциясын сезіну
Медбике
жанашырлық
Менеджер
еңбекке қабілеттілік
Бизнесмен
пысықтық
Зерттеуші
тапқырлық
Мұғалім
еңбекқор
11. Мына пішіндердің бірін таңда:
Назарларыңызға рахмет!
Өз нұсқаңды бер:
8. Кестені толтыр:
Мамандық
Әлеуметтік жұмысшы
Психолог
Медбике
Менеджер
Бизнесмен
Зерттеуші
Мұғалім
Адамның қасиеті