Бюджетті атқару кезеңдері

Download Report

Transcript Бюджетті атқару кезеңдері

Бюджетті атқару кезеңдері
Бюджеттік үрдістің келесі этапы бюджетті атқару үрдісі болып табылады, ол күнтізбелік жылға сәйкес - ағымдағы қаржы жылдың 1
қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджетке түсiмдердiң түсуiн, бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың)
iске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау
бюджеттiң атқарылуы болып табылады. Бюджетті атқару үрдісінде атқарушы билік, қаржылық және салық органдары, кредиттік мекемелер,
заңды және жеке тұлғалар-бюджетке салық төлейтін төлеушілер, бюджет қаражаттарын алушылар қатысады. Бюджет үш жылдық болып
табылады және оны атқару кезiнде жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын
ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берiлмейдi.Төменде көрсетілген құжаттар бюджеттің атқарылуына негіз болады.
Бюджетті атқару
Бюджет кодексі
Республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің немесе әкімдік қаулылары немесе
жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
1
қаңтар
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер
Мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсiмдердiң және төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары
Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары
Кодекске сәйкес бюджеттiң атқарылу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер
31
желтоқсан
ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға
ұлттық валютамен шот аударым операцияларын жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн
қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ашылады. Қолма-қол ақшаны бақылау шотқа бюджетке
түсетін түсімдер ақшалай нысанда толық көлемде жүзеге асырылады.
ШҚО бойынша
Қазынашылық
департаменті
Ақшалай
нысанда
бюджетке
түсетін түсімдер
Қолма-қол
ақшаны
бақылау
шоты
Ақша қалдықтары
Мемлекеттік мекемелер
Бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қазынашылық органдары
жүзеге асырады. Төменде қазынашылық органдардың негізгі қызметтері
көрсетілген.
Қазынашылық
органдары
бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру
жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің
шоттарына қызмет көрсету
мiндеттемелерi мен төлемдердің жиынтық қаржыландыру
жоспарын әзірлеу және оған өзгерістер енгізу
бiрыңғай қазынашылық шотқа түсімдерді есепке алу
мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу
Төлемдерді өткізу және мемлекеттік мекемелердің
міндеттемелері бойынша ұлттық және шетелдік валюталармен
аудару
Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары,
түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық
қаржыландыру жоспары республикалық бюджет туралы заңға және кезекті қаржы жылына арналған облыстық
бюджет туралы облыстық мәслихат шешіміне, кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті іске асыру туралы
жергілікті атқарушы органының қаулысы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына
сәйкес әзірленеді.
Мемлекеттік
мекеме
Мiндеттемелерi мен
төлемдерi бойынша
қаржыландырудың жеке
жоспарлары
Бюджеттік
бағдарламалар
әкімшісі
Мiндеттемелерi мен
төлемдерi бойынша
қаржыландырудың
жоспарлары
Қаржы
басқармасы
Мiндеттемелер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары,
түсiмдердiң және төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары
Өкілеттіктер
Мемлекеттiк мекемелер мiндеттемелер мен төлемдер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарына мемлекеттiк
мекеменiң өтiнiмдерiн қалыптастыру және оны бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiне жiберу жолымен тиiстi бюджеттiк
бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша қаржыландырудың жеке
жоспарының бекiтiлген жылдық сомасы шегiнде шығыстардың
экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң арасындағы
соманы кемiтудi (арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған
жағдайда, бюджет шығыстарының экономикалық
сыныптамасына сәйкес өзгерiстер енгiзе алады.
Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың
жылдық және ай сайынғы көлемдерiн қозғамайтын
бюджеттiк бағдарламалар шығыстардың
экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне
және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi
бағдарламаларына қатысты мiндеттемелер мен
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына,
қаржыландырудың жеке жоспарларына өздiгiнен
өзгерiстер енгiзедi.
Түсiмдердiң және төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспарына,
мiндеттемелер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспарына
өзгерiстер енгізуді қарастыру
Жергiлiктi атқарушы органдарға бiр бюджеттiк бағдарлама шегiнде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму
трансферттерiнiң есебiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттiк
инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттiк
инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.
Жоғарыда аталған жағдайды қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бiр
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, бiр аудан (облыстық маңызы бар қала) шегiнде бюджеттiк
инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда, кестеге сәйкес:
Бюджеттiк инвестициялық
жобалар бойыншабюджет
қаражатының үнемі пайда
болған жағдайда
Жергiлiктi атқарушы органдарға бiр
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттiк бағдарлама шегiнде жоғары
тұрған бюджеттен нысаналы даму
трансферттерiнiң есебiнен
қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк
инвестициялық жобалардың сомасын
бюджеттiк инвестициялық жобаның
сметалық құнын арттырумен байланысты
шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттiк
инвестициялық жобаларды
қаржыландыруға қайта бөлу
жергiлiктi атқарушы органдары
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергілікті атқарушы органдары
Бюджеттiк инвестициялық
жобалар бойыншабюджет
қаражатының үнемі пайда
болған жағдайда
Республикалық бюджет комиссиясының
қарауынсыз республикалық бюджеттiк
бағдарламалардың әкiмшiсiмен келiсiм
бойынша
жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi
бюджет комиссиясының қарауынсыз
облыстың жергiлiктi атқарушы органымен
келiсiм бойынша