Слайдтар

Download Report

Transcript Слайдтар

Химия пәнінен
интерактивті online
сабағы
8-9 сыныптар
Астана қаласы ,
Назарбаев Зияткерлік мектебі,
химия пәнінің мұғалімі
Уралбаева Қарлығаш Абдулхаировна
Атом - молекулалық ілімнің
негізгі стехиометриялық
заңдары
Сабақтың мақсаты



білімділік: оқушыларды негізгі стехиометриялық
заңдылықтармен таныстыру, Зат массасының сақталу
заңы, Құрам тұрақтылық заңының шығу тарихына
тоқтала отырып, оның дұрыстығына көз жеткізу;
дамытушылық: оқытылатын ұғымдарды салыстыру,
жалпылау, қорытындылауды үйрету, алған білімдерін өз
бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.
тәрбиелілік: пәнге деген ынтасын арттыру, өз бетімен
жұмыс жасауды үйрету.
Стехиометрия
«Жаратылыстану ғылымына жататын бұл
ғылым саласында қаншама математика
жатыр».
И. Кант
(грек., stoicheion -элемент, metreo -өлшеймін)
Иеремия Вениамин
Рихтер
1762-1807
Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы; Кёнигсберг университетінде
математика мен философияны оқып, ұлы философ Иммануил Канттың
дәрістерін тыңдаған. Университетке дейін Рихтер химия және физикаға
қызығушылық танытып, химияны «Химиялық сөздік» бойынша өзі оқыпүйренген.
1791-1798 жылдары неміс химигі эквиваленттер заңын ашып,
“Стехиометрия” ұғымын енгізген.
Стехиометрия
Стехиометрия түсінігі көбінесе
химиялық реакцияға қатысты
болады. Егер химиялық реакцияда
бастапқы заттар қатаң белгілі қатынаста
әрекеттесетін болса, реакция нәтижесінде
сол өлшемге дәл сәйкес келетін өнім
түзіледі.
Ондай реакциялар стехиометриялық
реакциялар деп аталады.
Стехиометрия
Әртүрлі қосылыстардың
салыстырмалы молекулалық
массалары белгілі болса, ол
қосылыстардың қандай қатынаста
әрекеттесетінін білуге болады.
Заттар арасындағы мольдік қатынас реакцияға қатысатын заттар үшін
коэффициенттерді білдіріп,
стехиометриялық деп аталады.
Стехиометриялық
заңдар
Әрекеттесуші заттар мен өнімдердің арасындағы
массалық және көлемдік
қатынастарды өрнектейтін заңдар сипаттамасы






Құрам тұрақтылық заңы
Авогадро заңы
Зат массасының сақталу заңы
Көлемдік қатынастар заңы
Еселік қатынастар заңы
Эквиваленттер заңы
Стехиометриялық заңдардың
ашылуы атомдар мен
молекулалар үшін белгілі бір масса
тағайындауға мүмкіндік береді.


Зат массасының сақталу заңы
Құрам тұрақтылық заңы
Стехиометриялық заңдар
Заттар массасының сақталу заңы. (1748ж.)
Реакцияға қатысқан заттардың
массасы реакция нәтижесінде түзілген
заттардың массасына тең болады.
Михаил Василиевич
Ломоносов
орыс химигі
Атом-молекулалық ілім тұрғысынан
қарағанда реакцияға қатысқан заттардың
құрамында қандай атомдар қанша
мөлшерде болса, реакция нәтижесінде
шыққан заттардың құрамында сондай
атомдар сонша мөлшерде болады.
Бастапқы заттардың атом саны реакция
нәтижесінде түзілген заттардың атом
санына тең болады.
Заттар массасының сақталу заңы
nA + mB = AnBm
Бастапқы заттар
Реакция өнімі
4Р + 5О2 = 2P2O5
4*31 +10*16 = 4*31 + 10*16
284 = 284
Стехиометриялық заңдар
ЛАВУАЗЬЕ Антуан Лоран
(1743 -1794)
Француз химигі
Жабық (системада) жүйеде жүргізілген
химиялық реакцияларда түзілген
өнімнің массасы бастапқы заттың
массасына тең.
Бұл заңды 1748 жылы М.В. Ломоносов
теориялық жағынан ашып, 1756 жылы
эксперимент түрінде дәлелдеді.
Лавуазье ғылым әлеміне бұл заңның
дұрыстығын 40 жылдан соң жеткізді.
Стехиометриялық заңдар
Ғалымдар өз тәжірибелерінде (қорғасын, қалайы, сынып)
металдарын пайдаланып, ол металдардың барлығын
жабық системада қыздырды, бастапқы зат пен реакция
өнімдерін таразыға салып өлшеп отырды. Заттар
массасының сақталу заңын атом-молекулалық ілім
тұрғысынан да түсіндіруге болады. Химиялық реакцияға
кіріскен заттың бастапқы атомдар жойылмайды және
жаңадан пайда болмайды, тек қайта топтасады.
Реакция теңдеуін жазайық:
2Сu + O2 = 2CuO
2*64 + 32 = 80*2
160 =160
1-мысал:
Массасы 24 г көміртек оттекте жанғанда 88 г
көміртектің (IV) оксиді алынды. Реакцияға
қатысқан оттектің массасын есептеңдер.



Берілгені:
mc = 24 г
mCO2 = 88 г
Табу керек:
mO 2 = х г

Шешуі:
Көміртектің оттекте жану реакциясы:
С + О2 = CO2
24г + x = 88 г
Зат массасының сақталу заңы бойынша
(өнімнің массасы бастапқы заттың массасына
тең), біз былай жаза аламыз:
24 г + х = 88 г
Х = 64 г
Жауабы:
24 г көміртек жануы үшін 64 г оттек
жұмсалады.
Құрам тұрақтылық заңы
(1808 ж.)
Алыну тәсілдеріне қарамастан әрбір
химиялық молекулалық
қосылыстың сапалық және сандық
құрамы тұрақты болады.
AnBm = const
Жозеф - Луи ПРУСТ
1754-1826
француз химигі
Су молекуласын мынадай тәсілдермен алуға
болады:
2H2 + O2 = 2H2O
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Cu(OH)2 = CuO + H2O
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
Бірақ қандай жолмен алса да, су молекуласы
сапалық құрамы жағынан сутек пен оттектен,
сандық құрамы жағынан екі атом сутектен
және бір атом оттектен тұрады. Қандай
жолмен алынса да су молекуласының
құрамында 11,2% сутек, 88,8% оттек
болады.
Құрам тұрақтылық заңы
(1808 ж.)
Заңның жаңашыл тұжырымы:
Кездесетін жері мен алыну тәсіліне
қарамастан әрбір молекулалы
құрылысты таза заттың сандық және
сапалық құрамы тұрақты болады.
Құрам тұрақтылық заңы (1808 ж.)
Кейбір элементтер әр түрлі пропорцияларда қосылып, әр
түрлі қосылыстар түзеді. Мысалы: оттек азотпен әрекеттесіп
5 түрлі оксид түзеді, оның әрқайсысында азот пен оттектің
массалық қатынастары әр түрлі болады.
Молекулалық
фомуласы
Массалық
қатынастары
Азоттың (І) оксиді
N2O
mN / mO
7:4
Азоттың (ІІ) оксиді
NO
7:8
Азоттың (ІІІ) оксиді
N 2 O3
7:12
Азоттың (ІV) оксиді
NO2
7:16
Азоттың (V) оксиді
N 2 O5
7:20
Оксидтің атауы
Құрам тұрақтылық заңы
Құрам тұрақтылық заңы берілген
қосылыстың немесе жеке молекуланың
макроскопиялық сандық құрамын анықтау
үшін қолданылады. Бұл заңды
қосылыстың молекулалық формуласын,
сандық құрамын анықтау үшін де
пайдаланамыз. Технологиялық процесте
Құрам тұрақтылық заңын қолдану
арқылы бастапқы реагенттерді ысырапсыз
қолданады және өнімді ластанудан
қорғайды.
Егер қосылыстың химиялық
формуласы белгілі болатын болса,
онда қосылыстағы элементтердің
массалық қатынастарын есептеуге
болады.
Кестеде есептеулерге мысал келтірілген:
Химиялық формула
Cu2S
Элементтің массалық қатынастары
2 т Сu

ms
MgO
H 2O
т
Mg

2  64 м . а .б .
32 м . а .б .
24 м . а .б .
mO
16 м . а .б .
2m H
2 м . а .б .
mO

16 м . а .б .
4

1

3
2

1
8
1-мысал
Аузы жабылған мәрмәр ыдыста 18,6 г
темір ұнтағымен 13,4 г күкірт ұнтағын
қыздырды. Нәтижесінде
29,3 г
темір
сульфиді алынды.
Экспериментті зат массасының сақталу
заңы тұрғысынан
қалай түсіндіруге
болады?
Шешуі:
1. Реакцияға дейінгі заттардың массасын
анықтаймыз:
18,6 + 13,4 = 32,0 г
2. Мынадай болжам
жасаймыз:
бастапқы заттардың біреуі
немесе екі зат та толық
әрекеттеспеген.
3.Темір сульфидін алуға қажетті заттардың
массалық қатынастарын анықтаймыз:
Fe + S =FeS
Ar; Mr
56 32
88
m
56 32 88
m(Fe) : m(S) : m(FeS) = 7:4: 11
4. Массасы 29,3 г темір сульфидін алуға
қажетті темір мен күкірттің массасын
есептейміз.
А) m(Fe) : 29,3 = 7: 11
5.
m (Fe) =
29 , 3 * 7
 18 , 6
11
m (S) : 29,3 = 4:11m
m (S) =
29 , 3 * 4
11
 10 , 7
Г.
Г.
6. Бұдан темір толығымен әрекеттесті деген
қорытынды шығарамыз, ал күкірттің бір бөлігі
(13,4 – 10,7) = 2,7 артық мөлшерде болды.
Реакцияға қатысқан темір мен күкірттің
массасының жалпы жиынтығы (18,6 + 10,7),
түзілген сульфидтің массасы (29,3 г) тең болады.
2 мысал
Мына заттың құрамындағы CaSO4 әрбір
элементтің массалық қатынасын есепте.
Шешуі:




Ca
ν
1 моль
Ar
40
M
40 г/моль
m
40 г
S
1 моль
32
32 г/моль
32 г
m1 : m2 : m3 5
4
Немесе мына түрде көрсетуге де болады:
m (Ca) : m (S) : m (O) = 40: 32:64 = 5:4:8
4O
1 моль
16
16 г/моль
64 г
8
3 мысал:
Құрамындағы элементтердің массалық
қатынастары 5:4:8 тең, құрамы кальций, күкірт,
оттектен тұратын заттың формуласын құрастыр.
Шешуі:
5:4:8 сандардың қатынастарына байланысты бірінші
берілген санды кальций атомының массасына дейін келтіру
үшін 8 санына көбейту керек.
Ондай жағдайда қатынастың басқа мүшелері де өзгеріске
ұшырап мынадай жағдайға өзгереді:
m (Ca) : m (S) : m (O) = (5* 8) : (4 * 8) : (8*8) = 40: 32: 64
4-мысал:
Бірінші тәжірибеде массасы 40 ,0 г сутекті
жағып 360,4 г су алынды. Екінші
экспериментте массасы 40,0 г суды айыру
нәтижесінде 4,44 г сутек алынды. Осы екі
тәжірибедегі алынған нәтижелердің бір – біріне
үйлестігі бар ма? Құрам тұрақтылық заңына
сәйкес келе ме?
Шешуі:
Құрам тұрақтылық заңына байланысты судың
cутекке қатынасы:
m ( H 2O )
m(H 2 )
cуға сәйкес келетін тұрақты сан бар.
Оны берілген тәжірибелер арқылы тауып
аламыз, су мен сутектің салыстырмалы
молекулалық массасына байланысты
мынаған тең:
m ( H 2O )

m(H 2 )
m ( H 2O )
m(H 2 )
360 , 4
 9 ,0
40 , 0

40 , 0
4 , 44
 9 ,0
m ( H 2O )
m(H 2 )

18 , 0
 9 ,0
г
2 ,0
Жауабы:
Екі жүргізілген экспериментте зат
массасының сақталу заңына және
формулаға байланысты бір – біріне сәйкес
келеді.
Үй тапсырмасы:
1 есеп
Таразының екі басына парафин шамдарын
қойып теңестіріп, сонан соң оларды жақты.
Таразының басында қандай өзгерістер
болады? Екінші тәжірибеде парафин
шамын жағып таразының екі басына
орналастырды, бірақ жану өнімдерін сіңіру
үшін сіңіргіш цилиндр орналастырды. Бұл
жағдайда таразының тепе – теңдігінде
өзгерістер болады ма және неліктен?

2 есеп:
Темірдің (ІІ) сульфидін алу үшін 3,5 г темір
мен 4 г күкірт берілді. Қайсы зат жұмсалмай
қалып қояды және оның массасы неге тең?
3 есеп:
Бірінші тәжірибеде 3,2 г мысты
оттекте
жағып массасы 4 г мыс оксидін алды, екінші
тәжірибеде 4 г мыстан 5 г мыс оксиді
алынды. Бұл екі тәжірибедегі мәліметтер зат
массасының сақталу заңына сәйкес келе ме?
Осы тәжірибелерде қанша грамм оттек
мыспен әрекеттесті?
Өзін өзі бағалау парағы:
Бүгін сабақта
1
Өз ойымды толық
жеткізе білдім;
2
Алған білімімді
практикада қолдана
алдым;
3
Химиялық тілді
дұрыс қолдандым;
Реакция теңдеулерін
жаза алдым;
4
5
Заңдылықтарды
сандық есептерде
қолдана білдім.
Өзіме
қойған
бағам
Қиындықтар
кездесті
Ескерту
Онлайн семинар және сабақтарға қосылу үшін, Сіз ДББҰ «Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің» арнайы сайтына кіріп, берілген сілтеме
бойынша жүресіз: http://www.nis.edu.kz
Сілтеме бойынша жүріп, Сіз Moodle оқу ортасына кіресіз мына адрес
бойынша: http://moodle.nis.edu.kz/. Осы ортада жаналықтар бетінде Сіз
онлайн семинарлардың және сабақтардың кестесін, Moodle ортасының
қолданушының нұсқауын және басқада қажетті мәлімет табасыз.
Сіз өтетін сабақтардың және семинарлардың видеобейнелерін
http://www.1.sabak.kz сайтында көре аласыз, ол үшін Сіз ДББҰ NIS
бөлмесіне кіріп 5 бетінде табасыз.
Егер Сіз онлайн тәртібінде сабақты немесе семинарды көре алмасаңыз
онда http://www.1.sabak.kz сайтында видеотаспаларын көре аласыз. Ол
үшін Сіз Recordings пернесін ашып қажетті мәліметті өткізілген мерзім
бойынша таба аласыз.
Elluminate Live бағдарламасының чатындағы берілген сұрақтардың
жауаптарын http://moodle.nis.edu.kz/ сайтының «Менім курсым»
бөлімініңде сәйкес сабақтың немесе семинардың арнайы құрылған
форумында табасыз. Сұрақтарынызды асыға күтеміз!
Назарларыңызға рахмет!