№2 Төлеби балалар үйі «Жалын» тобының тәрбиешісі Рахманова Бексұлу Урикбекқызы Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру.

Download Report

Transcript №2 Төлеби балалар үйі «Жалын» тобының тәрбиешісі Рахманова Бексұлу Урикбекқызы Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру.

№2 Төлеби балалар
үйі
«Жалын»
тобының тәрбиешісі
Рахманова Бексұлу
Урикбекқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Тәрбие сағат мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының
сан ғасырлық тарихынан
мәлімет беру, тәуелсіз
еліміздің жетістіктерімен
таныстыру. Отан сүйгіштікке,
патриотизмге тәрбиелеу.
Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен ата-аналар,
оқушылар!
Біздің «Бір халық –
бір ел – бір тағдыр»
атты ашық тәрбие
сағатымызға қош
келдіңіздер.
Елбасы өз жолдауында жастарға:
Cендер болшаққа деген үкілі
үмітіміздің тірегісіндер. Біздің
бүгінгі атқарылып жатқан
шаруамыз сіздер үшін жасалды.
«Сендер Тәуелсіз Қазақстан
еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз
елде туып, тәуелсіз елде тәрбие
алдындар. Сендердің азат
ойларымен кемел білімдерін біздің
қол жетпес мақсаттарымызға
апаратын құдіретті күш», - деді.
Әрине жарқын болашақ білімді
жастардың қолында деп санаймын.
Елбасымыз жастар ұрпақтың
сапалы біліммен саналы тәрбие
алуына баса мән беруде.
Жастардың заман талабына сай
білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер
жасауда. Осының барлығы егеменді
еліміздің халыққа деген ыстық
ықыласы мен көзқарасының
арқасында.
Атыңнан айналайын,
егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды
кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,
Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы
келе берер.
Қазақ жері бір шетінен
екінші шетіне дейін құс
қанаты талатын ұлан-ғайыр
кең өлке. Ол солтүстігінде
Ресеймен, Шығысында
Қытай халық
Республикасымен, ал
батысында Әзірбайжан
Республикасымен
шектеседі. Қазақ жері кең
байтақ, табиғаты да әр
алуан.
Отан деген –Атамекен.
Отан деген –туған жер.
Отан-апа Отан үлкен
Қазақстан туған елі.
Қайран, қазақ елі. Жас
ұрпаққа айта алмаған,
жеткізе алмаған жан
дүниеңді дір еткізген сырға,
мұңға толы тарихи
парақтары қаншама.
Қазақ халқы бұл дүниеде не
көрмеді? Сонау «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл
сұлама» заманынан бастап,
қойша қырылған
«репрессия» жылдарына
дейінгі аралықта
халқымыздың кең жаһан
далада өмір сүрді, не
жойылып кету қауіпі тұрған
еді.
Өткен ХV ғасырда
Қуатты Қазақ хандығын
құрдық. Алайда
тәуелсіз қазақ мемлкеті
бейбіт тыныш өмір сүре
алмады. Ұлан байтақ
елімізге жан-жақтан көз
тігіп, ойран салушылар
көбейді. Қаннанқаперсіз жатқан
еліміздің Жоңғар
қалмақтары тұтқиылдан
шабуыл жасап, қалың
жұртты қан жалатты.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік
пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен
ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғасыр даламыз империя меншігіне айналды.
Халқымыздың басынан қара тұман
серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым
жарлығына жігіттерді бермейміз деп
қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады.
Азамат соғысы жылдарында шаруашылық
күйзеліске ұшырауынан, адамдардың
ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ.
Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып,
400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр
болды.
1923-1933 ж. Болған адам
айтқысыз ашаршылықта 9 млндай халықтың 2,2 миллионы опат
болды. Тағы да аштық, тағы да
жалаңаштық, тағы да өлім. Әл
жоқ, дымы құрыған сорлылар
елін тастап кетуге мәжбүр болды.
Бүгінде атамекенін тастап кеткен
халқымыздың саны 1 миллион
518 мың.
1937 жылы қазақ
халқының қаншама
аяулы азаматтары,
бетке ұстар
шамшырақтары
қуғын-сүргінге
ұшырап, елім деп
жүріп – халық жауы
атанды. Сол кезде
абақтыға
жабылғандардың
саны 105 мыңға жетті.
Олардың 27 мыңнан
астамы атылды.
1941-1945 ж.
Аралығында азамат
тарихында болмаған
алапат соғыста бірлік,
достық жолында жан
қиған қазақ батырлары
фашизммен бүкіл
адамзаттықты қорғап,
ерекше ерлік үлгісін
көрсетті. Бұл қасіретті
соғыста құрбан болған
27 млн адамның
350 мыңнан астамы
қазақтар еді.
Қазақ халқының ең соңғы
өліп, тірілуі – біздің
халқымыздың қайғықасіретіне, сонымен бірге
мақтанышына айналған
1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы еді. Осы оқиғаға
қатысты деген жалған
жаламен 99 адам сотталды,
264 адам жоғарғы оқу
орындарынан, 758 адам
комсомолдан, 52 адам
коммунистік партия
қатарынан шығарылды,
әртүрлі жазалар берілді.
Желтоқсан оқиғасы ХХ
ғасырдың ең ұлы
оқиғаларының бірі.
Өйткені Желтоқсан
оқиғасы көптеген елдерге
егемендік, тәуелсіздік
әперген зор саяси
әлеуметтік құбылыс
болды. 1986 жылдың
желтоқсанындағы қазақ
жастарының төгілген
қанымен бүгінгі
тәуелсіздігіміздің тұңғыш
парағы жазылған еді.
Кең жазира құтты мекен –
гүлістан.
Арай таңым, бақыт берген
шығыстан.
Қасиетті анам - өзің, туған
жер.
Бабалардан келген мұрамНұрстан.
«Орнында бар оңалар»
демекші, ел орнында, жер
орнында. Жерге жетер байлық
жоқ. Жер болса ел болады, ел
болса ер болады. Ерлеріміздің
арқасында «Қазақстан»
егеменді ел болып, дүние
жүзіне танылды. Біздің
отанымыз – егеменді,
тәуелсіз, қазақ мемлекеті.
Астанадағы
Бейбітшілік және
келісім сарайында
Қазақстан халқы
Ассамблеясының
мерейтойлық
ХХ сессиясы өтті.
Сессияда Елбасы
Қазақстан халқы
Ассамблеясын «Бүкіл
халықтық өкілдік!»
деп атады.
Көреген Ұлт
Көшбасшысының ұлы
мақсатын сессияның аты да
әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: бір халық – бір
ел – бір тағдыр»! Елбасы
сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл
барлығымыз үшін ортақ
ұлттық мүдделер, «Бір ел»,
бұл – барлығымыз үшін ортақ
Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз
бірге жүріп өткен
қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық
келісімді шайқалтпай ұстап
тұратын табаны таудай үш
таған. Қоғамдық келісімсіз
мемлекет бір адым да ілгері
жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты:
«Қазақстандағы қоғамдық
келісім, ең алдымен,
қазақтың келісімі екендігін
мықтап есте сақтаған абзал.
Қазақтың ынтымағы мен
бірлігі мықты болмайынша,
мемлекеттің тұтастық
келбетін сақтау мүмкін
емес». Ендеше, Ассамблея –
барша қазақстандықтың
мүддесі! - деген болатын.
Қазақстан – татулықтың,
достықтың, бірліктің киелі
бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек
болғанымен, жүрегі
«Қазақстан –туған жерім,
Отаным, алтын ордам» деп
соғатын 130 ұлттан астам
Халық тұрып жатыр.
130-дан аса ұлт өкілдері тұратын
осынау қасиетті мекенде, асқақтаған
өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан
дастархандай- далада, егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі мыңғырған,
өндірісі өркендеген мекенде өмір
сүруші арбір адам өз Отанын
жаныдай сүйіп, оның көк байрағын
көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақстан алуан түрлі ұлттардың
мәдениеті мен салт-дәстүрін
тоғыстырған кең байтақ өлке. Ер
болдың ерік алдың астаналы, Енді
кімнен қарағым жасқанат? Тәуелсіз
мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атыменен басталады.
Сондықтан елдің болашағы да,
өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің
қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар,
ер үмітін ел сақтар» демекші ел
үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.
Міне балалар біздер елімізбен
мақтанамыз. Елбасы Жолдауында өмірдің
баға жетпес құндылығы –балаға, бала
тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп
отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана
мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа
үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән
жатыр. Бұның барлығы ұлттық
құндылықтарды сақтап, дамытуға
бағытталған әрекет. Адамзат өзінің
байырғы құндылықтарынан ажырамауы
үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен
қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы
демекші Елбасы Жолдауында
әлеуметтегі әйел адамның рөлі,
оның келешегі жөнінде айтылған.
Әйел адам ең алдымен- ана. Ал
ана- отбасы, мемлекет
шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық
дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу
керектігін, оны зорлық –
зомбылықтан сақтау, заманға сай
білім алып, кейін қызмет етуіне
құқылы екендігі айтылған. Баланы
жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға
көмек көрсету, олар үшін икемді
еңбек түрлерін қалыптастырып,
үйде жұмыс жасауларына жағдай
туғызу перспективасы қуантады
Білім - барлық уақытта жоғары
құндылықтардың бірі болған.
Тек білімді, сауатты адам ғана
келешек тізгінін қолына ала
алады. Осыны ескере отырып
Елбасы Н. Назарбаев өз
Жолдауында Қазақстан
Республикасының Білім беру
жүйесін әрі қарай дамыту,
жетілдіру жоспарын құрып,
көптеген мақсаттарда көздеп
отыр. Олар: инженерлік білім
беруді және заманауи
техникалық мамандықтар
жүйесін дамыту, оқыту
әдістемелерін жаңғырту,
елімізге қажетті технологиялар
трансферті мен оларды
қолдану үшін мамандарды
оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді
болса, ел ертеңі жарқын
болмақ.
Президент Жолдауының
«Ұлт денсаулығы - біздің
табысты
болашағымыздың негізі»
тарауында Қазақстан
халқының денсаулығын
сақтау, балаларымыздың
денсаулығын қамтамасыз
ету ісіне жаңа тәсілдер
енгізу мәселесі,
ауылдағы медициналық
қызметтердің сапасын
арттыру көзделген.
Бұл Жолдаудың іске асырылуы Қазақстан Республикасын
әлемнің дамыған
мемлекеттерінің қатарына
шығаратыны сөзсіз. Елбасымыз
биылғы дәстүрлі
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы
Жолдауында жарқын болашаққа
айқара жол ашты.
Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей
қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне
көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа
бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі
шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салтдәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған
50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына
ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын
әріпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған
50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды.
Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан
жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын
Қызыл тілім қанжардай қылыш
болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш
болсын!
Қорытынды:
Жолдау туралы не түйдің,
осы айтылған тарауларда
не айтылмады? «Ойын»
«Мен президент болсам
халыққа Жолдауым...»
Оқушыларға өз ойларын
айтқызу.
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры»
боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық
пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы
ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген
мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы
азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды
болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы
істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген
елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды
аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін
рахмет!