№2 Төлеби балалар үйі «Ж. Адырбеков» атындағы тобының тәрбиешісі Матеева Күлшат Шатайқызы Ашық тәрбие сағаты 1. Оқушыларға туған жерін, туған елін, халқын ардақтап жүруді үйрету; 2.

Download Report

Transcript №2 Төлеби балалар үйі «Ж. Адырбеков» атындағы тобының тәрбиешісі Матеева Күлшат Шатайқызы Ашық тәрбие сағаты 1. Оқушыларға туған жерін, туған елін, халқын ардақтап жүруді үйрету; 2.

№2 Төлеби балалар үйі
«Ж. Адырбеков»
атындағы тобының
тәрбиешісі
Матеева Күлшат
Шатайқызы
Ашық тәрбие
сағаты
1. Оқушыларға туған жерін, туған елін,
халқын ардақтап жүруді үйрету;
2. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі –
туған Отанды сүюден басталатынын
түсіндіру;
3. Отанға деген патриоттық сезімдерін
ояту, Ата Заңын, рәміздерін қастерлеп,
құрметтеуге тәрбиелеу.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе бөлім
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін,
туып – өскен жерін – Отан дейді. Әрбір адамда туған жерге
деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Қандай қияға,
алысқа кетсе де сол сезімі сағынышқа ұласып, жүрегімен
мәңгілік жіпсіз байланыста болады. Адамзаттың парызы –
туған Отанын гүлдендіріп, сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Ата – бабаларымыз ұрпағым осы жерде еркін өссін деп, келген
жауға таптатпай, босағадан аттатпай, Отаны үшін айқасып,
қанын төккен. Сол үшін де біз жерімізді қасиетті дейміз.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі
тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің елтаңбасын,
әнұранын, туын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін
әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақ
халқының асыл арманы әнге айналды.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа
мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел
ретінде танылып 1992 жылдың 4-маусымында
мемлекеттік рәміздерін белгіледі.
Белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама
сипаттап көрсетуден туатын сыр таңба,
эстетикалық категория, шартты белгі.
Мысалы ақ көгершін – бейбітшілік нышаны,
балға – жұмысшының символы. Рәміздер
тарихын геральдика (елтаңбатану),
виксикология (тутану) ғылымдары зерттейді.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану
тәртібі туралы арнайы ереже бар. Оны
бұлжытпай орындау керек.
Жұлдызы жанған өршіл халықтың өзіне
тән, басқаға ұқсамайтын дара болмысын
бойына сіңірген бедер. Төбемізге
көтеріп, төрімізге іліп, төсімізге қадап
жүрер ұлттық нақышымыз.
ҚР мемлекеттік елтаңбасының негізі –
шаңырақ, мемлекеттің түп негізі –
отбасының бейнесі.
Елтаңбадағы мүйіздің нышандық мәні:
ол – айбын, айбат ақжолтайдың белгісі.
Мемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай
мүйізді әпсаналық арғымақтар
белгіленген. Олар киелі шаңырақты қос
қапталынан орап, пәле – жаладан, қауіп
– қатерден қызғыштай қорып тұрғандай
әсер қалдырады. Отанымызға қалтқысыз
қызмет ету идеясын білдіреді.
Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты
жұлдыз бар. Ол тәуелсіз
мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа
бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет
көшіне өз болмысымызды сақтай
отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға
меңзейді.
Жұлдыз – билік белгісі,
бағытты айқындайтын
жарық сәуле, асқақтық
пен мәңгілікке
құштарлық символы.
Халықтың мұңы мен
мұратын, қайғысы мен
қуанышын, бірліктің
берекесін, ұлыстың
ұйытқысын, ұлылықтың
жаратылысын құдіретті
сөздермен өлең
шумақтарына енгізген,
естіген жерде елең
еткізер, отаншыл,
ұлтжанды рухыңды
аспандататын халықтың
жан дауысы, құдіретті
әуені.
2006жылдың қаңтар айының 6 - сында
еліміз үшін тарихи кезең болды. Жаңа
Әнұранды Парламент қабылдады.
Мемлекетімізге жаңа екпін, жаңаша
мазмұн мен серпін беретін әнұран
бекітілді. Жаңа мемлекеттің Әнұранын
ресми түрде 2006 жылы 11қаңтарда
ұлықтау рәсімінде тұңғыш шырқалды.
Авторлары - сөзін жазған
Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әні Ш.
Қалдаяқовтікі.
Күнді құшқан қыранмен
қалықтап, тұтастық пен
бірліктің, ынтымақ пен
адалдықтың ізгі
ниетімен ұштасып, біз
деген бірегей ұғым,
көгілдір көзін көнеден
тартқан құдіретті белгі.
Тек сенің егемендігіңді
дүниеге паш етіп тұрар
байрақ.
Ал тудың сабына тақау
жердегі оюға назар
аударайықшы, кәдімгі
ұлттық ою – қошқар мүйіз,
бұған қарап, Қазақстан туы
екенін әлемдегі кез келген
саналы азамат тани қояры
сөзсіз.
Тудағы құстың суреті,
біріншіден, дала қыраны,
дүниедегі ең ірі құстардың
бірі, екіншіден, бүркіт – өте
күшті. Жүректі және төзімді
құс, үшіншіден, басқа
құстардың бәрінен де биік
ұшады
Ту шет елде екі жағдайда: мемлекет
басшысының сапары кезінде және
олимпиада жеңімпаздары
анықталғанда көтеріледі. Бұл жағдайға
өздерің биылғы Лондон 2012
олимпиадасын теледидардан көріп куә
болдыңдар. Біздің жеңімпаздарымыз
Тұманды Альбионда туымызды 7 рет
көтеріп, 7 рет әнұранымызды
асқақтатты. 200-ге жуық мемлекеттің
алдына түсті. Еліміздің қоржынына 7
алтын, 1 күміс, 5 қола медаль түсті.
Қазақстан бойынша жалпы жүлде
қоры 13 медаль, Қазақстан 12-ші
орынға аяқ тіреді. Біздің жерлестеріміз
Илья Ильин ауыр атлеттен Олимпиада
чемпионы, боксшы Мария Вольнова
қола жүлдегері атанды.
 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне
нелер жатады?
 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында
қандай түстер кездеседі?
 3. Қазақстан Республикасының Әнұраны неше рет
ауысты?
 4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі?
 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
қабылданған жыл?
 6. Мемлекеттік рәміздер күні?
 7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін
құс?
 8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар?
 9. Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны алғаш рет
қандай жиында орындалды?
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
2. Мемлекеттік Елтаңбаның
авторларын атаңдар?
3. Мемлекеттік Әнұранның әнін
жазған әйгілі композитор кім?
4. Мемлекеттік Әнұранның сөзінің
авторларын атаңдар?
5. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай
мағына білдіреді?
«Мен ҚР азаматы Отаным Қазақстанның
дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті,
өркениетті ел болуы үшін сапалы білім
аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат
боламын. Туған халқымның ата – дәстүрін
жалғастырамын. Мемлекетіміздің
Президентін құрметтеймін.
Конституциясымен заңдарын бұлжытпай
орындаймын, Елімнің Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын сыйлап, қастерлейміз деп
СЕРТ етеміз»
Рәміздерім!
Сен неткен маңызды едің.
Сенің асыл қазынам нағыз керім,
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,
Әнұрандай аузымнан үн үзбедім.
Аспанымда көк туым тұр өң беріп,
Елтаңбамды төрімнен жүрем көріп,
Әнұранмен әр таңда оянамын,
Рақаттанып дүнием түгелденіп.
Бір ауыздан айтылып әнұраным,
Елтаңбаммен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен
қол,
Көк туымның астынан табыламын.
Рәміздерім, сен неткен маңызды
едің,
Сеннен басқа келмейді сән іздегім.
Сендерменен жетіп сан жеңістерге,
Гүлдеп әлі – ақ айналар аңызға
елім.
Елімізде мәңгі
тыныштық,
бейбітшілік
болсын деп
бүгінгі
сабағымызды
Мемлекеттік
Әнұранымызбен
аяқтаймыз.