Демонстрация

Download Report

Transcript Демонстрация

ӨРТЕНІП

КЕТКЕН ӨР ТҰЛҒА

(Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналады

)

Поэзия Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім, Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан, Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан, Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да, Ақша бұлттан іздедім, жасынан да, Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда, Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда, Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

   Қуат алып Абайдың тіл күшінен , Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден, -деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 80 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылыжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтыла түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

  Бөлім меңгерушісі: Аманова Г. К.

КжБ-401 тобының студенті: Ашетаева А. Қ.