Темперамент және оның түрлері Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешедіктерінің бірі, ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимылқозғалысынан, жалпы белсенлілігінен жақсы байқалады Темперамент — организмнің физиологиялық озгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке.

Download Report

Transcript Темперамент және оның түрлері Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешедіктерінің бірі, ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимылқозғалысынан, жалпы белсенлілігінен жақсы байқалады Темперамент — организмнің физиологиялық озгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке.

Темперамент және оның түрлері

Темперамент

— жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешедіктерінің бірі, ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенлілігінен жақсы байқалады

Темперамент —

организмнің физиологиялық озгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметімің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психнканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.з.д. 460—356) еңбектеріңде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы 4 түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді

темпераментум

деп атап кеткен.

Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі

организмдегі осы

төрт түрлі сүйық заттың бір-бірінен аз көптігіне байланысты де түсінген. Мәселен, оргаиизмде канның пропорцисы артық болса, ол сангвиникалык (латынша "сангиус"-қан), ал шырын басым болса (грскше "флегма" шырын). флегматик темперамент деп; ал организмде қараөт басым болса меланхолик (грекше "мелай-нехоле"— кара ет), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - ет) темпераменті деп аталған.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу

,

тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі; қозғалғыштығы) жиынтыгынан құрастырылады.

Жүйке жүйесінің типтері Жүйке процестерінің күшіне — ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.

Жүйке процестерінің mene теңдігі деп қозумен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады.

Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Күшті тип Жүйке жүйесінің типтері Әлсіз тип Күшті қозуы тежелуінен басым (ұстамсыз тип) Күшті қозуы мен тежелуі тең (ширақ тип) Күшті қозуы мен тежелуі тең (баяу тип)

И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі —

ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип

отыратын

)

— жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп ерекше қозғалыстағы тән. Күшті типтердің екіншісі —

ширақ munmep

деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі —

баяу қозғалатын тип. қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң,

Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип төзімсіз кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді — ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді—ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, козуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы еректі, күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мсн тежелудің куші тепе тең келетін варианттары байқалған.

И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялык негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: "Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидиумның барлық әрекетіне белгілі өң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.

Темпераменттердің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша) Жүйке жүйесінің типтері (Павлов терминологияс ы бойынша Жүйке процестерінің (қозу, тежелеу) қасиеттері Күші Тепе-теңдігі Қозғалғыштығ ы холерик Ұстамсыз тип Күшті Тең емес (қозуы тежелуінен басым) сангвиник флегматик меланхолик Ширақ тип Баяу тип Әлсіз тип Күшті Күшті Әлсіз Тепе-тең Қозғалғыш Тепе-тең Баяу қозғалады

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіпе тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл козғалысқа шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұркыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар —

холерик темпераментінің өкілдері.

Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

Сангвиник темпераментінің

ширак тип ойнақы

,

өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, түрақты, еті тірі, бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды. Былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның кемшілігі — іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалгыштығынан туатын жайттар.

Флегматик темпераментіндегі

адам, көбінесе, салмакты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртка шықпайды десе де болады. Осы темпераменттін бір кемшілігі — қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірак мұнын ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын касиет болып табылады.

Меланхолик темпераментіндегі

адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйыктық, өз ойына шомуға бейім тұрушылык, орынсыз ибалылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.

Темпераменттер Жақсы жактары Жаман жақтары Холерик Сангивииик Меланхолик Флегматик Шапшаң,белсеңді пысық, оңтайлы ұстамды,сабырлы сезімтал ұстамсыз, күйгелек тұраксыз баяу, сылбыр тұйык

Табиғи жағдайда темпераменттердің "таза" түрін ажырата алу, кобінесе киынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.

Қорытынды сұрақтар:

• • • Темперамент дегеніміз не?

Темпераментті зерттеген ғалымдарды атаңыз Темперамент түрлерін сипаттаңыз?