Денсаулық фестивалі 2012
Download
Report
Transcript Денсаулық фестивалі 2012
Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын
қалаптастыру проблемаларының орталығы
“Денсаулық фестивалі 2012”
кең ауқымды шарасының
өткізілгендігі туралы қорытынды
есебі
Ақтау қаласы
2012 жыл
2012 жылдың 27 қаңтардағы Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту
– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын және
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, ҚР Президентінің
«Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»
тапсырмасын орындау мақсатында, Маңғыстау облысының барлық елді мекендерінде
«МЕН, СЕН және ОЛ – БІЗ САЛАУАТТЫ ЕЛ!» ұранымен «Денсаулық фестивалі 2012» өткізілді.
«Денсаулық фестивалі-2012» өткізу туралы, облыс әкімінің 23.08.2012ж. №200
Қаулысы қабылданып, жұмыс тобының құрамы, іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс
әкімінің орынбасары Қ.Мұқановтың төрағалық етуімен жұмыс тобының отырысында
шара өтетін орны белгіленіп, іс-шаралар жоспары бойынша тапсырмалар берілді.
Барлығы бес отырыс болып, оның ішінде үшеуі шара өтетін орында өтті.
«Денсаулық
фестивалі-2012»
басқармасының 24.08.2012 жылы
өткізу
туралы
облыстық
денсаулық
сақтау
№221 бұйрығымен жұмыс тобының құрамы
белгіленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жұмыс тобының отырысы өтті.
«Денсаулық фестивалі-2012» Маңғыстау облысының орталығы Ақтау
қаласында 14 шағын аудан, «Астана» сауда ортылығына қарсы теңіз жағалауында
өткізілді. Шараға Ақтау қаласы бойынша 6000-нан аса адам қатысты. Жоғарғы
оқу орындарының студенттері – 1500
Медицина жұмысшылары – 1000
Мектеп оқушылары – 1000
Қала тұрғындары және қонақтар – 800
Мемлекеттік мекемелерден қызметкерлер – 500
Спортшылар – 550
Мектеп оқушылары және бүлдіршіндердің ата-аналары – 600
Ардагерлер – 100
Балабақша бүлдіріндері – 50
Эстафетаның схемасы
Денсаулық эстафетасы
«Денсаулық фестивалі-2012» ең басты ерекшелігі «Денсаулық эстафетасы»:
отбасының үлкенінен, кішісіне эстафетаны жалғастыру – халық бірлігін, ұрпақтар
сабақтастығын, жанұя құндылығының маңыздылығын паш етеді.
Ақтау
қалалық
әкімдігімен
бірігіп,
Ақтау
қаласында
өткен
«Денсаулық фестивалі-2012» сценариі жасақталды. Сценарийге сәйкес, жүргізушінің
командасы бойынша «Денсаулық эстафетасы» басталды. Жалаушаларды қолдарына ұстаған
ақ халатты абзал жандар жарысты бастады. 100 метр қашықтықта жүгіріп өткеннен кейін,
жалаушаларды ардагелерге берді, ардагерлер 50 метр жүгіріп ата-аналарға, олар 100 метр
жүгіріп мектеп оқушыларына берді, оқушылар 100 метр жүгіріп өтіп сәбилерге берді, балалар
20 метр жүгіріп жалаушылармен спортсмендерге жүгіріп келді, олар жүгіріп келген сәбилерге
ойыншықтарды сыйлап, қолдарынан ұстап сахнаға көтерілді.
Сол кезде гимн ойналып татулық, бейбітшілік пен өркендеу белгісі ретінде
аспанға шарлар ұшырылды. Содан соң «Денсаулық фестивалі-2012» шарасы ашық деп
жарияланды.
Шараның құрметті қонақтары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары – Нұрғалиева Халила
Хабижанқызы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары – Елтизаров Рахат Тезекбайұлы, «Нұр Отан» ХДП
Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Іңірбай Есберген
Іңірбайұлы, Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Телегенов Нұрбол Абылайұлы, Маңғыстау
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы – Бектубаев Руслан Фаризунұлы, Маңғыстау
облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы – Пахомов Сергей Иванович,
XXX жазғы Лондон Олимпиадасының «Күміс» жүлдегері Ә.Ниязымбетов шақырылды.
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі - сектораралық және ведомствоаралық
қарым-қатынасты нығайту болғандықтан, аталған шараға барлық мемлекеттік мекемелер, үкіметтік
емес ұйымдар, ардагерлер, спортшылар, кәсіпкерлер облыс бойынша 25 000-нан аса адам қатысты.
Марапаттау рәсімі
МЕН, СЕН, ЖӘНЕ ОЛ – БІЗ САЛАУАТТЫ ЕЛ!»
ұранымен
өткізілген
«Денсаулық
фестивалі-2012» шарасында, облыс көлемінде салауатты өмір салтын ұстанып, әр түрлі
аурулардың алдын алуда өз үлестерін қосып жүрген ұжымдарды облыс әкімінің орынбасары
Х.Х.Нұрғалиева «Саламатты мектеп», «Саламатты балабақша», «Саламатты тәртіп сақшысы»,
«Саламатты медициналық мекеме», «Саламатты елді мекен», «Саламатты өмір салтын
қалыптастыру іс-шараларына қолдау көрсеткен Үкіметтік емес ұйым», «Саламатты журналист»,
«Саламатты
өмір
салтын
қалыптастыру
іс-шараларына
қолдау
көрсеткен
демеуші»,
номинациялары бойынша облыс әкімдігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен
марапаттады.
Сонымен қатар, XXX Жазғы Лондон Олимпиядасының былғары қолғаптан «Күміс
жүлдегері»
Әділбек Ниязымбетовты облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Р.Бектубаев облыс әкімдігінің дипломымен және бағалы сыйлықпен марапаттады.
Шара соңы концерттік бағдарлама мен тас жолға сурет салу
конкурсымен жалғасты.
Сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
«Денсаулық фестивалі-2012» аясында бастауыш сынып оқушыларының арасында
«Сурет салу» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға әр мектептен 15 оқушы қатысып, барлығы өз
өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Әділқазылыққа «Бәйшешек» қоғамдық қорының
директоры А.Сақтағанова, «Ұрпақ Next» жастар қоғамдық қорының директоры Г.Мұратбай,
«Мейрімді Ақтау» қоғамдық қорының директоры Қ.Адилов шақырылды. Жүлделі орындарға ие
болған оқушыларға Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының
директоры А.Джайлханова облыстық денсаулық сақтау басқармасының
сыйлығымен марапаттады.
«Дипломы» және
«Денсаулық фестивалінде» өткізілген спорттық шаралар.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен
спорттық жарыстар өткізілді: арқан тарту, армреслинг-қолмен күрес, гір спорты, таеквандо,
каратэ-до спорттық қойылымы. Спорттық шараға 20 спорт мектебі, Ақтау қаласындағы 26 орта
білім беру мектептердің оқушылары қатысты. Шараға белсене қатысқан мектептер Облыстық
денсаулық сақтау басқармасының дипломдарымен марапатталды.
«Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды
Шарада тұрғындарға тегін медициналық кеңестер беру үшін «Денсаулық қалашығы»
ұйымдастырылды. Онда облыстық наркологиялық диспансер, облыстық СПИД-ке қарсы
орталық, облыстық психоневрологиялық диспансер, №1, №2 Ақтау қалалық емхана дәрігерлері
тұрғындардың қан қысымын, салмағын өлшеп, аурулардың алдын алу жөнінде кеңестер берді.
Жәрмеңке ұйымдастырылды.
Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен дұрыс
тамақтану өнімдерін, спорт тауарларын, денсаулыққа арналған тауарларды сату үшін
жәрмеңке ұйымдастырылды.
Шара кезінде тұрғындарға 5000 – ге жуық ақпараттық - көрнекілік материалдар таратылды.
Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру
проблемалары орталығының қызметкерлері
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» тапсырмасына сәйкес, салауатты
өмір салтын ұстануды, дене тәрбиесімен айналысып, спортпен шұғылдануға, әр түрлі аурулардың
алдын алу жөнінде тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында, аталған шара
республикалық («Астана» телеарнасы, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі),
жергілікті «Қазақстан-Ақтау» РТРК АҚ Маңғыстау облыстық филиал телеарнасынан көрсетіліп,
облыстық газеттерде жарияланды.
«Денсаулық фестивалі-2012» шарасының ұйымдастырылып, өткізілгендігі жөнінде облыстық
денсаулық сақтау басқармасының, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары
орталығының сайттарында жарияланды.
www.zozh-mang.kz
www.mangistau-oblzdrav.kz